Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Қошанов Грузия депутаттарына Президент реформалары туралы айтып берді

Қошанов Грузия депутаттарына Президент реформалары туралы айтып берді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Грузияға ресми сапары аясында ел Президенті Михаил Кавелашвилимен, Премьер-министр Ираклий Кобахидземен және Парламент төрағасы Шалва Папуашвилимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс делегациясының Тбилисидегі жұмысы Грузия Парламентінен басталды. Ерлан Қошанов әріптесі Шалва Папуашвилимен кездесуде Қазақстан халықтарымыздың ортақ тарихы мен берік достығын айрықша бағалайтынын атап өтті. Мұның бәрі екі ел арасындағы табысты әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың кепілі екеніне назар аударды.

– Осыдан жарты жыл бұрын Грузияның Премьер-министрі Кобахидзе мырза біздің елге ресми сапармен келген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында елдеріміз көп қырлы қарым-қатынастарды нәтижелі дамытуға бағдар алғаны туралы айтылды. Сауда, энергетика, өнеркәсіп, инвестиция, туризм саласындағы ынтымақтастықтың кең перспективалары талқыланды. Біздің парламенттік дипломатиямыз жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыруға елеулі үлес қосатынына сенімдімін, – деді Мәжіліс спикері.

Ол сондай-ақ спикер Шалва Папуашвилидің 2024 жылы Астанаға ресми сапармен келгенін, сол сапарда қос ел парламенттері арасындағы ынтымақтастықты жандандыру жолдары қаралғанын еске салды.

Ерлан Қошанов грузиялық әріптесіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық өзгерістер туралы, соның ішінде бір палаталы Парламентке көшу жоспары жайында айтып берді. Бұл реформа парламентаризм институтын күшейтетінін атап өтті. Бастама барлық саяси партияның және жалпы жұртшылықтың қатысуымен талқыланып жатқанына мән берді.

Мәжілістің заң шығару қызметіне тоқталған Ерлан Қошанов әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға, экономиканы дамытуға бағытталған заңдар туралы егжей-тегжейлі айтты.

Өз кезегінде Шалва Папуашвили грузин және қазақ халықтарын тарихы тереңнен тамыр тартатын ерекше достық қарым-қатынас байланыстырып тұрғанын атап өтті. Ол бүгінгі таңда осы берік байланысты жоғалтып алмай, нығайта түсу үшін бар күш-жігерді жұмсау қажеттігін және бұл баға жетпес мұраны жастарға аманат ету маңызды екенін баса айтты. Грузия Парламентінің төрағасы Мәжіліс спикерінің сапары саяси диалогқа тың серпін беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ сауда-экономика, мәдени-гуманитарлық, көлік-логистика және басқа да салалардағы нақты мәселелерді шешуде екі ел депутаттары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар инвестиция, туризм, өндіріс, агроөнеркәсіп және инновацияларды дамыту бағытында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге заңнамалық тұрғыда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Депутаттар алдағы уақытта да заң шығару бағытында тәжірибе алмасуға, достық топтары, салалық комитеттер, партиялық фракциялар және парламенттер аппараттары желісі бойынша байланысты нығайта түсуге уағдаласты. 

Спикерлер Парламентаралық одақ және ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы сынды көпжақты алаңдарда тығыз іс-әрекет жасау мүмкіндіктерін талқылады. Қазақстан мен Грузияны бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға, халықаралық құқық пен өзара сенім қағидаттарын құрметтеуге деген талпыныс біріктіретіні айтылды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Грузия Парламенті арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта саяси диалогты дамыту, өзара сенім мен түсіністікті нығайту туралы келісімдер, заңнама саласында тәжірибе алмасу жөніндегі жоспарлар қамтылған.

Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесуде Ерлан Қошанов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Ол Мемлекет басшысы Грузиямен қарым-қатынасты нығайтуға әрдайым ерекше көңіл бөлетінін, екі елді терең тарихи тамырластық, сан ғасырлық достық дәстүрлері байланыстыратынын айтты.

Мәжіліс спикері грузин халқын Парламент және Президент сайлауының сәтті өтуімен құттықтап, Грузия құқықтық, экономикалық тұрғыда дамыған, ашық мемлекет құрып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстанда «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын іске асыру аясында ауқымды саяси өзгерістер жүргізіліп жатқанына назар аударды. Бұл орайда Ерлан Қошанов барлық салаға жасанды интеллект жетістіктерін енгізіп, алдағы үш жылда елді Цифрлық мемлекетке айналдыру жөніндегі үлкен мақсатты іске асыру туралы Президенттің бастамаларына жан-жақты тоқталды.

Премьер-министр Ираклий Кобахидземен келіссөз барысында бизнеске жасалып жатқан жағдайларды бірлесіп одан әрі жетілдіру, транзит әлеуетін арттыру, өнеркәсіп, металлургия, машина жасау және агроөнеркәсіп секторындағы өзара іс-әрекет перспективалары талқыланды. Мәжіліс төрағасы өз тарапынан екі ел депутаттары жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыда қолдауды уақтылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын екенін айтты.

Сапар аясында депутаттар Грузия Парламентінің музейін аралады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қазан 2025 18:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары