Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Ерлан Карин: Президент реформалары қоғамдық процестерге жаңа серпін берді

Ерлан Карин: Президент реформалары қоғамдық процестерге жаңа серпін берді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бүгін, 23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин президенттік реформалардың маңызына тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ол бүгін ел тарихындағы маңызды оқиғаның куәсі болып отырғанымызды атап өтті.

"Бұл – Қазақстан тарихындағы мүлде жаңа заң шығарушы орган – Құрылтайға өтіп жатқан алғашқы сайлау. Құрылтай сайлауының маңызы – мемлекеттік институттарды жаңғыртып, түбегейлі жаңа саяси модельге көшуімізде. Алайда ең үлкен әрі маңызды өзгеріс қоғамдық саясаттың мазмұнына қатысты. Президент реформалары қоғамдық үдерістерге жаңа серпін беріп отыр. Жаңа тұлғалар, жаңа күштер пайда болып, қоғамдық күн тәртібі өзгеріп жатыр. Сондықтан бұл реформалар ауқымы мен қарқыны жағынан соңғы онжылдықтардағы елдегі ең ірі жаңғыру үдерісіне айналды. Бұл тек біздің еліміз үшін ғана емес, тұтас өңір үшін де маңызды", – деді Қарин.

Еске салайық, жексенбі, 23 тамызда Қазақстанда бірпалаталы Парламент – Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Бұл – 1991 жылдан бергі елдегі оныншы парламенттік сайлау. Сондай-ақ, жаңа Конституция қабылданғаннан кейінгі алғашқы сайлау. Конституциялық өзгерістерден кейін Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, олардың депутаттарының өкілеттігі аяқталды.

Енді екі палаталы Парламенттің орнына Қазақстанда жаңа заң шығарушы орган – Құрылтай жұмыс істейді. Оның құрамына бес жылға сайланатын 145 депутат кіреді. Сайлаудан кейін депутаттар Құрылтай төрағасы мен оның үш орынбасарын сайлайды. Жаңа Парламент жасақталған соң қазіргі Үкімет оның алдында өз өкілеттігін тоқтатады.

Құрылтайдағы 145 орынға жеті партия таласып жатыр: "Әділет", "Ауыл", "Ақ жол", ЖСДП, "Байтақ", ҚХП және Respublica. Бюллетеньде "Бәріне қарсымын" деген таңдау да бар.

Айта кетейік, уақыт айырмашылығына байланысты шетелдегі қазақстандықтар, соның ішінде Жапония мен Оңтүстік Кореяда жүрген азаматтар алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Қазақстанда 107 сайлау учаскесі сағат 06:00-де ашылса, қалғандары жұмысын сағат 07:00-де бастады. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Жалпы 10 423 сайлау учаскесі ашылған. Дауыс берушілер тізіміне 12,6 миллионнан астам адам енгізілген.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 09:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see145

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see142

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see141

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see140

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see140

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see134

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see132

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see132

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see130

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see129

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see129

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see127

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see127

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see126

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see125

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see122

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see121

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see119

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары