Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Президент реформалары толық орындалуы тиіс Амангелді Нұғманов

Президент реформалары толық орындалуы тиіс Амангелді Нұғманов

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Президент Қасым-Жомарт  Тоқаев мемлекеттік қызметті жаңғыртуды өз реформаларының өзегіне айналдырды. «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы, меритократия қағидасы, басқару шешімдерінің ашықтығы мен жауапкершілігі – бұлардың барлығы елді жаңа сапалық деңгейге көтеруді көздейді.

Алайда ашық айту керек, Президент белгілеген реформалық бағыты мен оны орындаушы жүйенің нақты іс-қимылы арасында әлі де айтарлықтай алшақтық бар. 

Президент саяси ерік танытты. Ал жүйе неге кешеуілдеп отыр? Президент реформаларының мәні – форманы емес, мазмұнды өзгерту. Бірақ бүгінгі мемлекеттік қызмет жүйесінде инерция мен ескі тәсілдер әлі де басым.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде белгілі бір жұмыстар атқарылғанымен, қоғам түбегейлі өзгерісті сезінбей отыр. Бұл – ең қауіпті белгі. Себебі реформа қағаз жүзінде бар да, практикада жоқ болса, ол сенім дағдарысына алып келеді. 

Тағайындау жүйесі: Президент айтқан меритократия қайда? Президент бірнеше рет: «Мемлекеттік қызметке кадрлар қабілетіне қарай келуі тиіс» деп нақты айтты. Бірақ шындыққа тура қарайық: егер мемлекеттік қызметке тағайындау қарапайым қызметкерден бастап Үкімет басшылығының орынбасарларына дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің міндетті сүзгісінен өтпесе, меритократия қағидасы декларация күйінде қала береді.

Бұл мәселе саяси батылдықты талап етеді. Себебі кадр саясаты – кез келген реформаның тірегі. Тірек әлсіз болса, бүкіл құрылым шайқалады. 

Тестілеу: Президент талап еткен әділдік қай деңгейде? Президент реформаларының өзегі – әділдік. Ал әділдік ең алдымен іріктеуден басталуы тиіс.

Қазіргі тестілеу жүйесі үміткердің нақты білімін емес, қателікке ұрындыруға бейім техникалық айлаларды көбірек тексеретінін кәсіби орта жасырмай айтып жүр. Егер тест әділ болмаса – әділ мемлекет құру мүмкін емес. Сондықтан тестілеу жүйесін түбегейлі қайта қарап, нақты әрі логикалық сұрақтар арқылы білікті кадрды анықтайтын құралға айналдыру қажет. 

Жаза және қорғау: Президент айтқан әділет қайда іске асады? Президент мемлекеттік аппаратта әділдік үстем болуын талап етті. Бірақ іс жүзінде мемлекеттік қызметшілер әділетсіз жазаға ұшыраудан қорғалмаған.
Жаза тетігі бар, ал қорғау тетігі әлсіз. Бұл – жүйелік теңсіздік.

Адал қызметкер қателік үшін жауап беруі тиіс. Бірақ ол саяси немесе ведомстволық конъюнктураның құрбаны болмауы керек. Бұл – Президент реформаларының рухына тікелей қайшы.

 Президент реформаларын орындау – саяси міндет. Бүгінгі таңда мәселе реформаларды бастау емес – оларды толық және адал орындау. Президент өз саяси еркін көрсетті. Енді атқарушы органдар мен уәкілетті құрылымдар осы реформалардың нақты орындалуына жауап беруі тиіс.

Мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғырту – кейінге қалдыруға болмайтын, саяси тұрғыдан шешуші, елдің болашағына тікелей әсер ететін міндет.

Президент реформалары қағазда емес, мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмысында көрінуі керек. Сонда ғана «Әділетті Қазақстан» ұғымы нақты мазмұнмен толығады.

 Кадр саясаты: жүйелі шешімсіз реформа болмайды. Көтеріліп отырған мәселелердің барлығы бір-ақ шындықты айқын көрсетеді: мемлекеттік қызмет саласындағы түбегейлі өзгерістер тек жүйелі әрі мемлекеттік деңгейде қабылданған шешімдер арқылы ғана іске асады.

Ал бұл міндетті бір орталықтан басқару қағидатынсыз орындау мүмкін емес. Осы тұрғыда Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің құзыретін кеңейту – уақыт талабы. Кадр саясатын әр ведомствоның өз бетінше жүргізуі ел басқару жүйесінде ала-құлалық тудырып, ортақ стандарттардың әлсіреуіне әкеледі. Мұндай жағдай кадрда әділдік те, меритократия да толық жүзеге аспайды.

 Кадр мәселесі – мемлекеттің айрықша құзыреті. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кадрлық шешімдердің бытыраңқы қабылдануы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырмайды, керісінше, жүйенің тұтастығына нұқсан келтіреді. Сондықтан кадр саясатын мемлекет атынан жүзеге асыратын біртұтас, уәкілетті органның болуы – стратегиялық қажеттілік.

Министрліктерге, агенттіктерге, тіпті ұлттық компанияларға кадр мәселесімен өз беттерінше айналысуға жол берілген жағдайда, басқару вертикалі әлсірейді, жауапкершілік бұлдырайды. Бұл – Президент бастамашылық еткен реформалардың рухына да, мазмұнына да қайшы.

 Агенттік құзыреті – тәртіп пен әділдіктің кепілі. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік – тек бақылаушы орган емес, кадр саясатын әділдік пен кәсібилік негізінде қалыптастыратын негізгі институтқа айналуы тиіс. Оның құзыретіне мемлекеттік қызметке қабылдау мен тағайындаудың бірыңғай тәртібін белгілеу, кәсіби іріктеу мен тестілеудің әділ стандарттарын бекіту, қызметтік өсу мен жауапкершілік тетіктерін біріздендіру және мемлекеттік қызметшілерді негізсіз қысымнан қорғау міндеттері жүктелуі қажет.

Тек осындай жағдайда ғана Президенттің мемлекеттік қызметті жаңғырту жөніндегі реформалары нақты өмірде көрініс табады. Кадр саясаты – жекелеген ведомстволардың емес, мемлекеттің тағдырлы мәселесі. Оны бір орталықтан басқармай, жүйелі тәртіп орнатпай тұрып, сапалы мемлекеттік басқару туралы айту қиын. Егер біз шынымен де әділетті, кәсіби әрі жауапты мемлекет құруды көздесек, кадр саясаты бірыңғай мемлекеттік арнаға түсуі тиіс.

Амангелді Шайхоллаұлы Нұғманов,

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Сәуір 2026 17:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары