Астанада 8 млн теңгелік алаяқтық дерегі анықталды
Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Polisia.kz хабарлауынша, елордада 32 жастағы ер адам аса ірі көлемде алаяқтық жасады. Ол сауда орталығы маңында жәбірленушімен танысып, өзін жоғары оқу орындарына талапкерлерді орналастыратын орталықтың өкілі ретінде таныстырған.
Шетелдік университеттермен байланысы барын айтып, грантсыз оқуға қабылдау мен құжат рәсімдеуге көмектесетінін жеткізген.
Күдікті оқу ақысын төлеу және дайындық бағдарламаларын ұйымдастыру деген сылтаумен бірнеше рет ақша алып, жалпы сомасы 8 млн теңгені иемденген. Уәде етілген қызметтер орындалмаған соң жәбірленуші полицияға жүгінген. Тергеу барысында оның ешқандай оқу орнымен ресми байланысы жоқ екені анықталды.
Қазір ҚР ҚК‑нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция азаматтарды сақ болуға шақырып, оқу немесе жұмысқа орналастыру сияқты қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге, ресми келісімшартсыз ірі көлемде ақша бермеуге кеңес береді.
12 маусым, 14:15
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Маусым 2026 23:00 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















