Каспийдегі трагедия: Қорғаныс министрлігіндегі тексерістен соң 37 қылмыстық іс қозғалды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында 14 сарбаздың өмірін жалмаған трагедиядан кейін құрылған комиссия Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды.
Тексеру қорғаныс ведомствосының 104 нысанын қамтыды, ал бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне аудит жүргізу жалғасып жатыр.
"Комиссия жұмысы аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, әскери қызмет өткеруге тиісті жағдай жасауға, азық-түлікпен және киім-кешекпен жабдықтаудың, медициналық көмек көрсетудің сапасына, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің сақталуына баса назар аударылып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар анықталған жекелеген құқық бұзушылық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
"Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау органдарының қарауында 37 іс бар. Тергеу мүддесіне байланысты бұл істер жөніндегі мәліметтер әзірге жария етілмейді", - дейді комиссия өкілдері.
Комиссия жұмысы биылғы қарашада аяқталады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:114
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 19:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















