Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Шығыс Қазақстан облысында 25 бекеттен тұратын ауа сапасын автоматты бақылау жүйесі іске қосылды. Енді ластану деңгейі туралы деректерді кез келген адам нақты уақыт режимінде көре алады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күз бен қыста Өскеменді қою түтін басады. Желсіз күн көбейіп, зауыттар мен автокөліктерден шығатын зиянды қалдықтарға пешпен жылытудан бөлінетін түтін қосылады.
Сонымен қатар суық кезде қалада тұман жиі байқалады. Ертіс пен Үлбі өзендері қатпайды. Экология департаментінің мәліметінше, тұман зиянды заттардың ауада таралмай, жиналуына ықпал етеді.
Қала тұрғындары мұның салдарын сезінеді: әлеуметтік желілерде көшеде жүргеннен кейін денсаулық нашарлағаны, тамақ жыбырлайтыны және басқа да жағымсыз белгілер туралы шағымдар көбейеді.
Қаладағы ауа сапасын бақылауды "Қазгидромет" РМК жүзеге асырады. Кәсіпорынның бүкіл қалада тоғыз стационарлық бақылау бекеті бар. Онда күкірт диоксиді, азот диоксиді, күкіртсутек, көміртек оксиді, қалқыма бөлшектер және басқа да ластаушы заттардың концентрациясы анықталады. Алайда бұл бекеттерде сынамалар тәулігіне бірнеше рет қана алынады.
Былтыр "Қазгидромет" мониторинг жүйесіне балама ретінде қала бойынша құны жарты миллиард теңгеге жуықтайтын 25 заманауи станция орнатылды. Олардың басты артықшылығы - бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі. Алайда қымбат жабдық жұмысының нәтижесі ұзақ уақыт бойы тұрғындарға қолжетімсіз болды. Бұған қоғам белсендісі әрі тәуелсіз эколог Дәулет Асанов назар аударған болатын.
"Қазгидрометтің" мәліметінше, қаладағы ауа сапасы қалыпты. Қаланың басты ерекшелігіне айналған күкірт диоксиді де кейінгі бірнеше жылда орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК) аспаған. Ал денсаулыққа ең қауіпті қатты бөлшектердің көрсеткіші тіпті курорт деңгейін көрсетіп тұр. Заманауи мониторинг станциялары қала аумағына біркелкі орнатылған, сондықтан қазір барлық дерлік аудан бойынша мәлімет алуға болады. Алайда цифрландыру басқармасы мониторинг нәтижесін жариялауға асықпай отыр. Ауаның жағдайы қандай және ахуал қаншалықты күрделі екенін олар ғана көріп отыр", - деген еді бұған дейін Дәулет Асанов.
Оның айтуынша, көктемде ол цифрландыру басқармасына сауал жолдап, жүйе әлі де реттеліп жатқаны туралы жауап алған. Тамызда қайта өтініш білдіргенде, экологтан ақпаратты халыққа қандай форматта және қандай көлемде беру керек екені жөнінде ұсыныс айтуды сұраған.
"Ең бастысы - бастапқы деректерге қолжетімділік болуы керек: сайтты ашып, екі-үш сағат бұрынғы немесе кешегі емес, дәл қазір өз ауданыңда не болып жатқанын көре алу қажет", - деп есептейді жергілікті қоғам белсендісі.
Дәулет Асанов мониторинг нәтижесін жариялауды талап етіп, сотқа дейін жүгінуді жоспарлаған. Алайда мәселе сотқа жеткен жоқ.
"Өскемен тынысы" экологиялық қорғау бюросының жетекшісі Елена Березинская-Әбілова автоматты мониторинг жүйесінің дерегі ақыры қолжетімді болғанын хабарлады. Енді оларды "Қазгидромет" РМК әзірлеген AirKZ қосымшасынан көруге болады.
Біз тексеріп көрдік: қосымша жұмыс істеп тұр. Онда зиянды заттардың қазіргі концентрациясы, кейінгі 24 сағаттағы өзгеру графигі және ШРК-дан асу еселігі көрсетіледі. Әр заттың ластану деңгейі түспен белгіленген: қызыл түс - өте жоғары деңгейді білдіреді.
Қосымшадан скриншот
Мысалы, 6 қарашадағы жағдай бойынша барлық бақылау бекеті көрсетілген картаға қарасақ, күннің бірінші жартысында қаланың шеткіі аудандарында күкірт диоксидінің жоғары көрсеткіші тіркелген.
Алайда кешке қарай жағдай әлдеқайда жақсарған. Картада тек жасыл және сары түсті шеңберлер қалған. Олар ластану деңгейін төмен және жоғары екенін білдіреді. Мысалы, "экологиялық таза" саналатын аудандарда (сағат 15:00-дегі жағдай бойынша) тек озон көрсеткіші жоғары болған.
Қосымшадан скриншот
"Менің ойымша, бұл қосымша әрбір тұрғынға өте қажет. Улы бұлт пайда болған жағдай есіңізде ме? Әлеуметтік желіден сол жерде ауа қоюланып, сезілетіндей болғаны туралы жазбаны көрдім. Сол бұлттың ішінде қалған адамдар тыныс алу қиындағанына шағымданды. Әлеуметтік желіден көріп қалғаным жақсы болды! Біз бульварда тұрамыз. Балаларыма телефон соғып, әзірге далаға шықпаңдар дедім", - деді Өскемен тұрғыны Владимир.
Ресми ақпаратқа сәйкес, улы бұлт тараған ауданда хлорсутектің шекті рұқсат етілген концентрациясы 9,9 есе артқаны анықталған.
6 қарашада түтін тек таңертең байқалды. Фото: Tengrinews.kz
Еске салайық, 2025 жылғы қаңтарда Парламент Сенатының бұрынғы депутаты Ольга Булавкина Өскемен тұрғындарына ауаның ластануынан денсаулығына келген зиян үшін өтемақы төлеу мүмкіндігін қарастыруды ұсынған болатын. Сол кезде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі нақты жауап берді:
"Атмосфералық ауаның ластануына байланысты денсаулыққа келтірілген зиян үшін тұрғындарға өтемақы төлеу мәселесі қазір қарастырылып жатқан жоқ. Бұл ретте ластану деңгейін төмендетуге және қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған алдын алу шараларына басымдық беріліп отыр".
Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті бұған дейін 2026 жылы кәсіпорындарға белгіленген шығарындылар нормативін сақтау және өңірде өндірістік экологиялық бақылау жүргізу бойынша қатаң талап қойылатынын атап өткен еді. Ереже бұзғандарға айыппұл салынып, міндетті түрде орындалуы тиіс нұсқамалар беріледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:103
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 19:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















