Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

“Срок истекает, а функции нет“: казахстанка три месяца не может пройти верификацию IMEI

“Срок истекает, а функции нет“: казахстанка три месяца не может пройти верификацию IMEI

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстандық қыз бірнеше айдан бері өзінің iPhone телефонындағы екінші IMEI-ді тіркей алмай жүргеніне шағымданды. Tengrinews.kz жағдайдың мән-жайын анықтады.

Әлеуметтік желідегі шағым

Желіде телефонды верификациялау кезінде қиындыққа тап болған қыздың жазбасы пайда болды. Оның айтуынша, бұл мәселе үш айдан бері шешілмей келеді.

"Өтінімде екінші IMEI нөмірін енгізуге арналған бөлім әлі күнге дейін пайда болған жоқ", - деп жазды ол.

Анықтама: IMEI верификациясы - мобильді құрылғының бірегей сәйкестендіру нөмірін (IMEI) тексеру және растау рәсімі. Қазақстанда бұл рәсім телефон елге заңды түрде әкелінгенін және белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, верификация арқылы телефонның жүйеде тіркелген-тіркелмегенін, ұрланған немесе бұғатталған құрылғылар тізімінде бар-жоғын тексеруге болады.

Tengrinews.kz жарияланым авторына хабарласты. Қыздың айтуынша, ол iPhone 16 Pro Max телефонын 2025 жылдың қаңтарында танымал маркетплейс арқылы сатып алған.

Ол мәселе телефонда екі IMEI нөмірі болуымен байланысты екенін, алайда екінші нөмірді тіркей алмай жүргенін нақтылады.

"IMEI нөмірлердің бірі мен қазір пайдаланбайтын SIM-картаға, екіншісі қазір қолданып жүрген eSIM-ге тіркелген. Қыркүйекте шетелге шықтық. Елге оралғаннан кейін телефоныма 6914 нөмірінен верификациядан өту қажет екені туралы хабарлама келді. Алғашында 16 қазанға дейін уақыт берді, кейін мерзімді 5 қарашаға дейін ұзартты", -деді қазақстандық қыз.

"Қайда жүгінерімді білмеймін"

Қыздың айтуынша, екінші IMEI нөмірін тіркеу үшін eGov порталы арқылы өтінім бермек болған, бірақ өтінімде қажетті бөлім болмаған.

Ол қолдау қызметіне екі рет хат жазған. Екі жағдайда да оған бұл функция уақытша жұмыс істемейтіні және қашан қалпына келтірілетіні белгісіз екені айтылған.

"Қайда жүгінерімді және бұл мәселені қалай шешуге болатынын білмеймін. Мерзім аяқталып барады, ал қажет функция әлі жоқ", - деді ол.

Неге екінші IMEI нөмірін тіркеу мүмкін емес? Жүйе жеткізушісінің жауабы

Tengrinews.kz IMEI верификациясы жүйесінің жеткізушісіне хабарласып, өтінімде екінші IMEI нөмірін тіркеу функциясы неге жоқ екенін сұрады.

Компания мәліметінше, 2025 жылғы 25 наурыздан бастап жаңа ереже енгізілгенге дейін Қазақстанда пайдаланылған телефондардың иелері екінші немесе үшінші IMEI нөмірін жеңілдетілген тәртіппен тіркей алған. Мұндай мүмкіндік өтпелі кезеңде, соның ішінде eSIM орнатылған смартфондар үшін де қарастырылған.

Жүйе жеткізушісінің айтуынша, азаматтарға тіркеу мерзімі мен тәртібі туралы бұған дейін БАҚ арқылы және ресми хабарламаларда бірнеше рет ескертілген.

Алайда қазір қосымша IMEI нөмірлерін жеңілдетілген тәртіппен тіркеу уақытша тоқтатылған.

"Қазір қосымша IMEI нөмірлерін верификациялаудың жеңілдетілген тәртібі оның алаяқтық мақсатта пайдаланылған жағдайлары анықталуына байланысты тоқтатылды", - деп хабарлады компания.

Бұл ретте жүйе жеткізушісі жаңа құрылғыларға басқа тәртіп қолданылатынын түсіндірді. Өтінім берген кезде телефон иесі құрылғының барлық IMEI нөмірін бірден көрсетуі керек.

"Жаңадан әкелінген құрылғыларды жалпы тәртіппен верификациялау кезінде бір құрылғыға тиесілі барлық IMEI нөмірі бірыңғай өтінімде көрсетіліп, белгіленген рәсім аясында тексеруден өтеді", - деп хабарлады жүйе жеткізушісі.

Телефонды пайдаланып жүргенімен, екінші IMEI нөмірін тіркеп үлгермегендер не істеуі керек?

Компания мұндай жағдайда өз мобильді операторыңызға жүгінуге кеңес берді.

"Бұрын желіде тіркелген IMEI нөмірін пайдалану мақсатында мобильді құрылғыдағы SIM-карталардың орнын ауыстыру мүмкіндігі туралы кеңес алу үшін операторға хабарласу қажет", - деп түсіндірді компания.

Айта кетейік, шағымданған қыз верификацияға өтінімді қайта жіберіп, қазір жауап күтіп отыр.

Неге Қазақстанда телефондардың IMEI нөмірі тексеріле бастады?

2025 жылғы 25 наурыздан бастап Қазақстанда ұялы телефондарды верификациялаудың жаңа ережесі қолданысқа енгізілді. Билік смартфондардың заңсыз әкелінуіне қарсы күресу үшін құрылғының бірегей нөмірі - IMEI-ді тексеруді енгізді.

Телефондар үш санатқа бөлінді:

Ақ тізім - тексеруден өткен құрылғылар; Сұр тізім - қосымша тексеруді қажет ететін құрылғылар; Қара тізім - IMEI нөмірі қате немесе қолдан жасалған құрылғылар.

Сұр тізімдегі телефон иелеріне верификациядан өту үшін 30 күнге дейін уақыт беріледі. Егер осы мерзім ішінде тексеруден өтпесе, құрылғының ұялы байланыс желісіне қосылу мүмкіндігі шектелуі мүмкін.

Бұл ретте Қазақстанға 2025 жылғы 25 наурызға дейін әкелініп, елдің ұялы байланыс желілерінде пайдаланылған телефондар автоматты түрде верификацияланған мәртебесін алуы тиіс болған.

Мәселе неге туындады?

Жаңа талап енгізілгеннен кейін қазақстандықтар құрылғыларды тіркеу кезіндегі қателерге және телефон бұғатталатыны туралы ескертулер алғанына шағымдана бастады.

Бұған дейін Tengrinews.kz мұндай хабарламаларды екінші SIM-картаны немесе eSIM-ді алғаш рет іске қосқан смартфон иелері де алғанын жазған еді.

Сондай-ақ жүйедегі қате мен бас тартуға тап болған қазақстандықтардың шағымдары туралы жазғанбыз.

Бастапқыда IMEI нөмірлерін тексерумен ATS Mediafon KZ жеке компаниясы айналысқан. Алайда сыннан кейін билік верификация тетігін өзгертуді ұйғарды.

2026 жылғы 9 қазаннан бастап қазақстандықтар верификациядан мемлекеттік портал немесе eGov Mobile қосымшасы арқылы өте алады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда смартфондарды верификациялау бірыңғай мемлекеттік порталға көшірілді

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 17:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see166

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see149

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see149

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see147

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see147

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see146

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see145

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see144

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see144

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see143

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see143

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see143

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see143

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see141

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see140

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see140

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see140

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see139

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see139
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары