Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Халық Кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Қазақстан Халық Кеңесі жастар қозғалысын құруда: 126 жас азамат Кеңес мүшелерінің серіктесі атанады

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Петропавл қаласында өткен «Ұлттың жаңа болмысы: жастар және азаматтық жауапкершілік» атты республикалық жастар лагерінің жұмысына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Кездесудің басты тақырыбы президенттік реформалар, олардың жастар әлеуетін ашудағы рөлі және жас буынның Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын іске асыруға қатысуы болды. Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында Халық Кеңесінің мүшелері өңірдегі қоғам өкілдерімен кездесіп, аймақтың ғылыми-білім беру инфрақұрылымы мен Тайынша қаласындағы жаңа IT-орталықтың жұмысымен танысты.

Қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Ерлан Қошанов Президент Жолдауы елді терең жаңғыртуға, оның бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бағдарды айқындайтынын атап өтті. Бұл міндеттерді іске асыру бүкіл қоғамның жұмылуын талап етеді. Ал бұл ретте жастарға ерекше рөл жүктеледі. Халық Кеңесінің Төрағасының айтуынша, Конституцияның қабылдануымен еліміздің дамуында жаңа кезең басталды. Негізгі Заң қуатты мемлекеттің іргетасын қалап, экономикалық өсімге, адами капиталды дамытуға және жас ұрпақты қоғамдық өмірге тартуға қажетті жағдайлар жасады. Референдумнан кейін Президенттің алғашқы кездесуін дәл жастармен өткізуі Мемлекет басшысының олардың пікірі мен көңіл күйіне ерекше мән беретінін көрсетеді. Өйткені ірі мемлекеттік жобалардың негізгі игілігін көретіндер – жас қазақстандықтар.

Еліміздің даму қарқынына тоқталған Ерлан Қошанов негізгі экономикалық көрсеткіштерді мысалға келтірді. Соңғы жеті жылда Қазақстанда жан басына шаққандағы ЖІӨ 50 пайыздан астам өсіп, 15 мың доллардан асқан. Сонымен қатар 3,6 миллион жаңа жұмыс орны ашылып, азаматтар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Білім беру саласында да айтарлықтай елеулі нәтижелер бар. Мәселен, осы уақыт ішінде 650 мыңнан астам грант бөлінді, студенттердің стипендиясы – 2,5 есеге, ал докторанттардың стипендиясы 3 еседен астамға өсті. Сондай-ақ 267 жатақхана пайдалануға берілді.

Халықаралық білім беру саласындағы ынтымақтастық та назардан тыс қалмады. Бұған жарқын мысал ретінде Kozybayev University мен Аризона университетінің бірлескен қос дипломдық бағдарламасын атап өтуге болады. Осы жылдың шілдесінде алғашқы 30 түлек қос жоғары оқу орнының дипломын алды. Олардың қатарында америкалық университетте «Жылдың үздік түлегі» атанған Әмір Ағзамов та бар.

Халық Кеңесінің Төрағасы жастардың шетелдегі жетістіктері, олардың еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалуы және еліміздің түрлі салаларын дамытуға қосқан үлесі нағыз патриотизм мен ұлттық мақтаныштың үлгісі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, заманауи патриотизм, ең алдымен, білімге ұмтылудан, жасампаз еңбек етуден, озық технологияларды меңгеруден және қоғам өміріне нақты үлес қосудан көрініс табады. Сонымен қатар ұлттық бірегейлікті сақтау, жаһандық деңгейде ойлау, тілдерді үйрену және заманауи цифрлық платформаларды пайдалана отырып, Қазақстанның бай рухани әрі мәдени мұрасын әлемге таныту маңызды.

Бұл ойды лагерьге жиналған жастар да жалғастырып, жас буынды Мемлекет басшысының бағытын іске асыруға белсенді тарту жөнінде өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды. Қазақстан Халық Кеңесі аталған бастамаларға қолдау білдірді.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Найла Мұхтарова жас ұрпақтың бойында әділдік, заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарына негізделген белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, цифрлық технологиялар қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға, ашықтықты арттыруға және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге қосымша мүмкіндіктер береді. Сондықтан жастар бұл құралдарды белсенді пайдалануы қажет.

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Басқарма мүшесі Әділхан Төлепберген жауапты көшбасшылықтың маңыздылығына назар аударды. Ол жас басшылардың өз бетінше шешім қабылдай білуі, командамен тиімді жұмыс істеуі және нәтижеге жауапкершілікпен қарауы керектігін атап өтті. Сонымен қатар популизм мен басқарудағы әлсіздікке жол бермеу қажеттігін айтты. Мұндай ұстаным Мемлекет басшысы дәріптеп жүрген «Адал азамат» құндылықтарына сәйкес келеді.

Кездесу барысында «Халық Кеңесі» Жастар қозғалысын құру жөнінде маңызды бастама көтерілді. Бұл идеяны қолдаған Ерлан Қошанов жаңа құрылым ресми есеп үшін ғана жұмыс істейтін кезекті ұйымға айналмауы тиіс екенін ескертті. Оның пайымдауынша, бірлестік жастардың тың идеяларына жан бітіретін шынайы іс-қимыл алаңы болуы қажет. Осы орайда Төраға Мемлекет басшысының: «Жастар саясаты жастар үшін емес, жастармен бірге құрылуы керек», – деген қағидалы ұстанымын еске салды.

Жаңа қозғалыстың алғашқы кезеңінде оның құрамына еліміздің барлық аймағынан 126 жасты қосу ұсынылады. Бұл көрсеткіш Халық Кеңесі мүшелерінің санына сәйкес келеді. Осылайша Кеңестің әр мүшесі өзінің жас серіктесімен «кері тәлімгерлік» қағидаты бойынша байланыс орната алады. Бұл ұрпақтар арасындағы жүйелі байланысты жолға қоюға мүмкіндік береді.

Басым бағыттардың қатарында NEET санатындағы жастарды қолдау, олардың кәсіби білім алуына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу көзделген. Бұл ретте Астанада табысты жүзеге асырылып жатқан JOLTAP жобасын еліміздің барлық өңіріне тарату жоспарланып отыр. Өзіндік дербестік пен жасампаз еңбек құндылықтарын дәріптеу, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру, масылдық көңіл күйге жол бермеу, сондай-ақ жастарды өмірлік мақсаттарына қол жеткізуде жеке жауапкершілік пен өз күшіне сүйенуге бағыттау маңызды міндеттердің бірі болмақ. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, адалдық пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік көзқарасын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

Бұдан бөлек, цифрлық дағдыларды дамыту және дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу, соның ішінде «Tomorrow School» түлектерінің ауылдық
IT-орталықтарға тәлімгерлік жасауы көзделеді. Сонымен қатар жастар нашақорлықтың, құмар ойындарға тәуелділіктің және интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарына, өңірлік қоғамдық кеңестердің қызметіне, кітап оқу мәдениетін және қазақстандықтардың жетістік тарихтарын насихаттауға тартылатын болады. Патриоттық тәрбие, волонтерлік қызмет, әлеуметтік және экологиялық жобалар да маңызды бағыттарға айналады.

Ерлан Қошанов бұл істе нақты нәтижеге қол жеткізу керек екенін атап өтті. Оның сөзінше, қозғалыстың басты мақсаты – форумдар мен съездер өткізу емес, адамдардың өмірін жақсартатын нақты істер атқару.

Қорытындылай келе, Төраға құрылатын жастар қозғалысы конституциялық жағдайда мемлекетке сенімді тірек болатынын атап өтті. Халық Кеңесі өзінің заң шығару бастамасы құқығы аясында жастардың ең маңызды ұсыныстарын сараптамадан өткізіп, заң жобаларына енгізе алады.

Бағдарламаның бір бөлігі өңірдің цифрлық жетістіктерімен танысуға арналды. Лагерь аясында ұйымдастырылған «Digital Aimaq» көрмесінде Халық Кеңесінің мүшелеріне Мемлекет басшысы қойған цифрландыру міндеттерінің облыста тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де қалай жүзеге асырылып жатқаны таныстырылды.

Бүгінде облыста аудандық және ауылдық деңгейде 14 IT-орталық ашылған. Мысалы, Смирново ауылының тұрғындары заманауи цифрлық платформалар мен жасанды интеллектіні күнделікті міндеттерді шешу және табыс табу үшін пайдалануды үйренуде. Бұл – Президент Жолдауында айтылған халықтық цифрлық экономика тұжырымдамасының нақты істегі үлгісі.

Жастар лагерінің жұмысына, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының қоғам өкілдерімен және этномәдени бірлестіктерімен өткен кездесулерге Қазақстан Халық Кеңесінің басшылығы мен мүшелері Ләззат Шыңғысбаева, Жандос Ақтаев, Найла Мұхтарова, Ақнұр Тұрдалиева, Ислам Байрамуков, Руфина Усанова, Геннадий Зенченко, Ирина Эктова және Сәуле Мәлікова қатысты. Сондай-ақ шараға Құрылтай депутаты Ақерке Ескендірова,
ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы Ринат Зайытов, «Astana Hub» бас директоры Мағжан Мәдиев және «JOLTAP» жобасының жетекшісі Дана Жүнісова қатысты.

Жұмыс сапары аясында Халық Кеңесінің мүшелері «Мағжан орталығына», «Ботай» ескерткішіне барып, сондай-ақ ел Тәуелсіздігінің 35 жылында Солтүстік Қазақстан облысының қол жеткізген негізгі жетістіктерін көрсететін экспозициямен танысты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 17:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see166

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see149

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see149

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see147

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see147

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see146

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see145

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see144

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see144

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see143

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see143

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see143

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see143

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see141

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see141

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see140

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see140

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see140

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see139

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see139
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары