Атырау Самара мұнай құбырына ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасағаннан кейін Қазақстан Ресеймен келіссөз жүргізді
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Сурет: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Мәскеуде «Транснефть» ПАО президенті Николай Токаревпен кездесті. Тараптар Қазақстанның басты экспорттық бағыттарына ерекше назар аудара отырып, мұнай тасымалдау және транзит саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады.
«ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі хабарлағандай, келіссөздер барысында Асхат Хасенов мұнай тасымалдаудың үш бағытының: Каспий құбыр консорциумы (КҚК), Атырау – Самара және Махачкала – Новороссийск бағыттарының стратегиялық маңызын атап өтті.
Бұл бағыттар қазақстандық мұнайды халықаралық нарықтарға экспорттауды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
ҚМГ атап өткендей, көпжылдық пайдалану кезеңінде аталған бағыттар өздерінің сенімділігін, тиімділігін және экономикалық мақсаттылығын дәлелдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар негізгі бағыттар бойынша өзара тиімді серіктестікті дамытуға және Қазақстан мен Ресейдің транзиттік әлеуетін нығайтуға дайын екенін растады.
Айта кетерлігі, кездесу Атырау – Самара мұнай құбырына қатысты таяуда орын алған оқиға аясында өтті.
2026 жылғы 2 қарашаға қараған түні Ресейдегі Самара өндірістік-диспетчерлік торабының нысандары ұшқышсыз аппараттардың шабуылына ұшырады. Нәтижесінде 2 қараша күні таңертең Атырау – Самара магистралды мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау уақытша тоқтатылды.
3 қарашада-ақ Қазақстан Энергетика министрлігі инфрақұрылымға техникалық тексеру жүргізілгеннен кейін мұнай айдаудың штаттық режимде қайта бастап кеткенін хабарлады.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Атырау – Самара мұнай құбыры арқылы шамамен 9,2 млн тонна мұнай экспорттады. Бұл бағыт КҚК-дан кейін елдегі маңыздылығы жағынан екінші экспорттық мұнай құбыры бағыты болып табылады.
Бүгін, 16:32
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:33
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 17:03 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















