Атыраудан Қытайға: ҚазТрансОйл көпжылдық жобаны аяқтады
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

«ҚазТрансОйл» АҚ «Атасу – Алашаңқай» магистральдық мұнай құбырының SCADA бақылау жүйесін бірыңғай диспетчерлік орталыққа интеграциялауды аяқтады. Бұл компанияның ұлттық мұнай тасымалы желілерін басқаруды толықтай орталықтандыруға бағытталған көпжылдық жобасының қорытынды кезеңі болды.
Жоба аясында «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС-нің SCADA жүйесінің бағдарламалық-техникалық шешімдері «ҚазТрансОйл» АҚ-ның орталық жүйесімен біріктірілді. Нәтижесінде құрамына № 8, 9, 10, 11 мұнай айдау станциялары мен желілік ысырма тораптары енген жаңа сегізінші технологиялық учаске (ТУ № 8) құрылды.
Жұмыс барысында мамандар ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етіп, басқару алгоритмдерін, апаттық белгі беру, қорғаныс және бұғаттау жүйелерін кешенді тексеруден өткізді.
«ҚазТрансОйл» АҚ-ның «Мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалының директоры Данияр Тасыбаев басқару жүйесін оңтайландырудың кезең-кезеңімен жүзеге асқанын атап өтті:
«Диспетчерлік басқарудың бірыңғай орталығын қалыптастыру 2003 жылы басталды. Компания екі кезең бойынша мұнай тасымалдауды жедел басқарудың төрт деңгейлі жүйесінен екі деңгейлі жүйеге өтті. 2009 жылы нысандарды Павлодар мен Атыраудағы орталық диспетчерлік пункттер деңгейінен басқару жолға қойылса, 2017 жылы тікелей жедел басқару Астанадағы Бас диспетчерлік басқармаға берілді. Бұл шешім қабылдау жеделдігін арттырып, басқару тиімділігін күшейтті».
Басқару жүйелерін интеграциялау ұлттық оператордың цифрлық инфрақұрылымын жаңғыртуға және экспорттық бағыттарға шикізат тасымалдаудың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Ол ішкі және сыртқы нарықтарға мұнайды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие.
Бүгін, 17:20
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:22
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 17:24 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















