Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Атыраудан Олимпиада чемпионы қашан шығады?

Атыраудан Олимпиада чемпионы қашан шығады?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мұнайлы өңірде спорт кешендері аз емес. Спорт секциялары да жетерлік. Алайда атыраулық спортшылар арасынан таеквондошы Арман Шылманов пен парадзюдошылардан өзгелері Олимпия ойындарының жеңімпазы, тіпті жүлдегері атана алмай жүр.

Облыс әкімі Серік Шәпкеновтің айтуынша, алдағы екі жылда ауыл­дық округтердің бә­рін спорттық инфра­құрылыммен қамтамасыз ету көзделіп отыр. Қазір өңірде 800 спорт нысаны бар. Оның ішінде 8 стадион, 53 спорт кешені, 702 спорт алаңы, 50 метрлік олимпиадалық бассейн, «Атырау» спорт сарайы, теннис орталығы мен мұз сарайы сынды ірі нысандарға келушілер қатары көбейген. Сондай-ақ 17 жеке спорт нысаны әуесқой спортшылардың қызығушылығын тудырып отыр.

«Жыл соңына дейін 68 ауылдық округтің 70%-ы спорт нысанымен қамтылады. Қазір облыс аумағында 29 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның жетеуі пайдалануға берілді, тағы алты нысанның құрылысы аяқталуға жақын. Алдағы жылы 16 нысанды іске қосу жоспарланып отыр. Қазір Атырау қаласы мен аудандарда демеушілердің есебінен төрт спорт нысаны салынып жатыр. Оның қатарында мамандандырылған волейбол, баскетбол орталықтары, Мұқыр мен Кудряшов ауылдарындағы спорт кешендері бар»,  дейді С.Шәпкенов.

Әкімнің дерегіне қарағанда, осын­­дай жобаларды іске асыру нәтиже­сін­де тұрғындардың спорттық инфрақұ­ры­лыммен қамтылу деңгейі 62%-дан 70%-ға жетеді. Өңірде дарынды бала­ларға қолдау көрсету жан-жақты көз­­дел­ген. Осы мақсатта Атырау қала­сында олимпиадалық резерв мек­теп-интернатының ғимаратын салу жоспар­ланған. Алайда аталған жобаны іске асыруға алты жыл қажет. Өйткені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 12 айға созылатын бұл нысанның құрылысы 2026 жылдың сәуірінде басталады. Ал бес жыл – техникалық пайдалану кезеңі. Кешен құрамында 13 спорт залы, бассейн, оқу корпусы, жатақхана, асхана, кітапхана, басқа да игіліктер болады. Мұнда 12 олимпиадалық спорт түрінен 400 спортшы білім алып, шебер­лігін шыңдайды.

«Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларына сәйкес, Атырау облысында халық­аралық деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік беретін ірі спорттық жобалар іске асырылады. Сондай жобалардың қатарында ұлттық ат спорты кешені (ипподром), 12 мың орындық Euro-IV санатындағы футбол стадионы мен көпбейінді «Atyrau Arena» спорт кешені бар. Қазір бұл нысандар жөніндегі жобалау жұмыстары аяқталды. Енді мемлекеттік сараптамадан өту кезеңі жүріп жатыр. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарланып отыр»,  деді облыс әкімі.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, облыс тұрғындарының дене шынықтырумен жүйелі шұғылдану көрсеткіші 45,1%-ды құрайды. Бұл аз ба, көп пе? Қанша дегенмен мұнайлы өңірде Олимпия ойын­дары секілді дүбірлі додаларда ел намысын қорғайтын спортшылар әзірге көрінер емес.

Жақында күрестен әлем, Азия чемпионы Ризабек Айтмұқанның есімі берілген спорт кешені пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылуына қатысқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, даңқты балуан, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ай­туынша, мұнайлы өңірде еркін күреске ден қойған жасөспірімдерге үлкен мүмкіндік туып отыр. Өйткені заманауи кешен – бұқаралық спортты дамытуға, жаттығу алаңдарын кеңейтуге бағытталған маңыз­ды қадам.

«Атырау – «қара алтынымен» ғана емес, белгілі спортшыларымен де танымал өңір. Осындай спорт академия­лары көбейсе, еліміздің атын әлемге шығаратын спортшылар қатары артатыны даусыз. Талантты спортшыларды қолдау қажет. Бұл тұрғыда осы заман талабына сай спорт кешендерін көбірек ашу қажет», дейді Д.Тұрлыханов.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мәліметіне қарағанда, мұнайлы Атырауда күрес түрлері кең қанат жайып келеді. Қазір еркін күреске баулитын 197, грек-рим күресінен 96 секция жұмыс істейді. Секцияларда төрт мыңнан астам бала аталған спорт түрлерімен тұрақты шұ­ғыл­данады. Алайда кейінгі жылдары грек-рим күресінің балуандары ірі жарыстарда жақсы нәтиже көрсете алмай жүр. Ал еркін күрес шеберлері Азия, әлем чемпионатынан тек екі медальға ие болды.

«Кейінгі жылдары жергілікті балуан­дардың халықаралық, республи­калық сайыстарда көрсетіп жүрген нәтижесі көңіл көншітпейді. Еліміз чемпионатында еркін күрес шеберлері 2023 жылы 11 медаль жеңіп алды. Былтыр медаль саны бесеуге кеміді. Грек-рим күресінің шеберлері үш медальды еншілеумен шектелді. Ұлттық құрама сапындағы атыраулық спортшылар саны еркін күрестен 19-дан 14-ке кеміді. Грек-рим күресінен 11-ден 6-ға дейін азайды», дейді басқарма басшысы Нұрбол Сыдықов.

Өңірде дзюдодан екі Олимпиадаға қатысқан бір балуан бар. Ол – Ринат Ибрагимов. Алдымен 2008 жылы Бейжіңде, кейін 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада бақ сынады. Қазірде 105 жаттықтырушы жасөспірімдерді дзюдо спортына баулып жүр. Оның ішінде 52 жаттықтырушы ауылдарда тұрады. Штаттық режімде 85 жаттықтырушы жұмыс істейді. Бүгінде 4401 атыраулық жас өрен дзюдо спортын таңдапты. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 3033, олимпиадалық резерв даярлау орталығында 52 бала жаттығады. Жоғары спорт шеберлігі мектебінде 37, спорт интернатында 79 спортшы, «Дамубала» бағдарламасы арқылы 1200 бала тегін спорттық сек­цияларға тартылған.

Жергілікті спортшылардан қайран болмады ма, кейінгі жылдары жергілікті бапкерлер Әбиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюловаға үміт артып, Париж Олимпиадасына қосты. Былтыр ұлттық құрама сапына 22, биыл 23 атыраулық дзюдошы тіркеліпті. Алайда екі Олим­пиадаға қатысқан Ринат Ибрагимов пен Парижде татами төріне шыққан қос арудың ізін жалғар білекті балуан әлі табылмай тұр.

Басқарма басшысының пікірінше, күрес түрлеріне білікті мамандарды тарту қажет. Жергілікті балуандардың шеберлігін шыңдауға мән берілгені жөн. Спорттың өзге түрлерінде де осындай қадамдар жасалуы қажет. Өйткені атыраулықтар өңір спортын алға бастырар тың талпыныстарды, Олимпиада шыңын бағындырар саңлақтарды күткелі біраз жыл болды.

Атырау облысы 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары