Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қазақстанда IMEI верификациясынан қалай өтуге болады қадамдық нұсқаулық

Қазақстанда IMEI верификациясынан қалай өтуге болады қадамдық нұсқаулық

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Қазақстанда мобильді телефондарды верификациялау тәртібі өзгерді. 2026 жылғы 9 қазаннан бастап жеке тұлғалар мемлекеттік портал және eGov Mobile қосымшасы арқылы өтінім бере алады. Енді шекарадан өткені туралы анықтаманы бөлек алудың қажеті жоқ, ал жеке басты растау үшін міндетті видеоидентификация енгізілді. Жаңа ережелер бойынша процедурадан қалай өтуге болады - толығырақ Tengri Life материалында.

IMEI верификациясынан енді қай жерде өтуге болады?

Телефонды верификациялауға өтінімді екі тәсілмен беруге болады:

мемлекеттік портал portal.imei.gov.kz; eGov Mobile мобильді қосымшасы.

Бұрынғы kz-imei.kz сайты бұдан былай жеке тұлғалардың құрылғыларын верификациялау үшін пайдаланылмайды. Барлық қажетті функциялар бір жүйеге біріктірілді.

Портал арқылы IMEI верификациясынан қалай өтуге болады?

Мемлекеттік портал арқылы мобильді құрылғыны верификациялауға өтінім беру үшін мына нұсқаулықты орындаңыз:

portal.imei.gov.kz порталын ашыңыз. "IMEI тексеру" батырмасын басыңыз. Авторизация терезесі шығады. Жүйеге ЭЦҚ көмегімен кіріңіз.

Бұл кезеңде Tengri Life тілшісі порталға кіру кезінде қиындықтарға тап болды. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің түсіндіруінше, бұл желілік шектеулерге байланысты болуы мүмкін: жұмыс желісі арқылы қосылған кезде кіруге FortiGate желіаралық экраны тосқауыл қоюы ықтимал. Мұндай жағдайда сайтқа мобильді интернет және жеке құрылғы арқылы кіріп көруге болады.

Әрі қарай телефоныңызға жіберілген SMS-ті растау қажет. Пайдаланушыны тіркеу нысанын толтырып, сұралған деректерді көрсетіңіз. "Жалғастыру" батырмасын басыңыз. Порталға кіргеннен кейін сіздің өтінімдеріңіздің тізімі бар бет ашылады.

АСкриншоттар: portal.imei.gov.kz

eGov Mobile арқылы верификациядан қалай өтуге болады?

Қосымша арқылы өтінім беру үшін:

eGov Mobile-да авторизациядан өтіңіз. Басты бетте "Танымал қызметтер" бөлімін ашып, "IMEI верификациясына өтінім беру" қызметін таңдаңыз. Дербес деректерді өңдеуге келісім беріп, нөмірді растаңыз. Биометриялық идентификациядан өтіңіз. Жеке басты растау үшін Digital ID сервисін пайдалану қажет. Кіру аяқталғаннан кейін экранда басты бет пайда болады, ол арқылы өз IMEI-іңізді тегін тексеруге болады. Бірақ 4 реттен артық емес.

Скриншоттар: eGov Mobile

Бейнеидентификация не үшін енгізілді?

Негізгі өзгерістердің бірі - биометрия көмегімен жеке басты міндетті түрде растау. Бұл шара өтінімді верификация жүргізіліп жатқан адамның дәл өзі беріп жатқанына көз жеткізуге көмектесуі тиіс.

Жаңашылдық сонымен қатар дербес деректерді қорғауға және бөгде адамдардың (басқа біреудің деректеріне немесе электрондық цифрлық қолтаңбасына қол жеткізгендердің) өтінім беру қаупін азайтуға бағытталған.

Егер верификациядан өту мүмкін болмаса не істеу керек?

Егер портал ашылмаса, өтінім жіберілмесе немесе видеоидентификация кезінде қиындықтар туындаса, 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығына хабарласуға болады. Мамандар процедураның тәртібін түсіндіріп, әрі қарай не істеу керектігін айтып береді.

Өтінім бермес бұрын құрылғы деректерінің дұрыс көрсетілгенін және барлық міндетті кезеңдердің орындалғанын тексерген жөн.

Маңызды: Егер сіз телефонды шетелден сатып алсаңыз, оның мәртебесін тексеруді кейінге қалдырмаңыз. Верификация құрылғының Қазақстанның мобильді байланыс желілерінде пайдалану талаптарына сәйкес келетінін растауға мүмкіндік береді.

Шекарадан өткені туралы анықтама алу керек пе?

Жоқ. Бұрын телефонды шетелден әкелген пайдаланушыларға vmp.gov.kz порталынан мемлекеттік шекарадан өткені туралы анықтаманы өз бетінше алу, құжатты жүктеп алу және оны өтінімге тіркеу қажет болатын.

Енді мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы арқасында қажетті мәліметтер автоматты түрде түседі. Анықтаманы бөлек сұратудың және жүктеудің қажеті жоқ.

Смартфондарды верификациялау бұған дейін де сынға ұшыраған

Бұған дейін сәуірде IMEI-верификация тетігі қазақстандықтар мен депутаттар тарапынан сұрақтар туғызған болатын. Атап айтқанда, процедураны неге жеке компания жүргізетіні және пайдаланушылардан қандай негізде ақы алынатыны талқыланды.

Сыннан кейін Цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин бұл тәсілді өзгерту жоспарланып отырғанын: верификацияны мемлекеттік ұйымға беруді көздеп отырғандарын хабарлаған еді.

"Біз мемлекеттік монополияға көшеміз деген шешім қабылданды. Бұл телефондарды верификациялау бойынша қызмет көрсете алатын мемлекеттік ұйым болады", – деген еді ол.

Вице-министрдің айтуынша, ол үшін тиісті заңнамалық өзгерістер дайындалды.

Бұған дейін біз Қазақстандағы жаңа iPhone 18 иелері тап болған мәселелер туралы жазған болатынбыз.құрылғыларды тіркеу кезінде қиындықтарға жазған едік. IMEI-верификацияға жауапты компания оның себептерін түсіндірді.

iPhone 18 желісіндегі смартфондарды верификациялау қайта басталды. Бұл туралы құрылғы иелері хабарлап жатыр. Ақпаратты "ҰАТ" АҚ да растады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:35
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 12:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see120

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see119

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see117

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see116

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see113

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see113

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see112

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see111

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see111

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see110

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see110

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see109

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see109

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see108

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see107

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see106

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see105

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see105

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары