Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Отбасының цифрлық картасы әл ауқат деңгейін қалай анықтайды?

Отбасының цифрлық картасы әл ауқат деңгейін қалай анықтайды?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Отбасының цифрлық картасы үй шаруашылықтары мен отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтауға арналған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы мәліметтер негізінде мемлекеттік қолдау шараларын проактивті түрде ұсынуға мүмкіндік береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазір ОЦК-да 6,2 млн отбасын құрайтын 20,6 млн азамат туралы мәліметтер бар.

Ол әр отбасының цифрлық бейінін қалыптастырып, әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтайды.

Отбасының әлеуметтік әл-ауқатын бағалау жүйесі халықаралық тәсілдер негізінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесіп әзірленген.

Кешенді бағалау нәтижесінде әр отбасы әлеуметтік әл-ауқат деңгейіне қарай бес санаттың біріне жатқызылады:

А санаты – саламаттылықтың жоғары деңгейі;

В санаты – саламаттылықтың ауқатты деңгейі;

С санаты – саламаттылықтың қанағаттанарлық деңгейі;

D санаты – экономикалық тұрғыдан осал деңгейі;

Е санаты – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деңгейі.

Отбасының санаты бір ғана көрсеткішке қарап анықталмайды. Бағалау 59 көрсеткіш пен 8 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.

Оларға мыналар жатады:

қаржылық жағдайы;

мүлкі мен активтері;

тұрғын үй жағдайы;

жеңіл автокөлігі мен коммерциялық көлігінің болуы;

жер учаскесі мен жеке қосалқы шаруашылығының болуы;

жұмыспен қамтылуы;

несиелері мен мерзімі өткен берешегінің болуы;

кәсіпкерлікпен айналысуы және басқа да көрсеткіштер.

Сондықтан отбасының санатын анықтағанда табысы, үйі немесе көлігі ғана есепке алынбайды.

Оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты барлық дерек ескеріледі.

Мысалы, А санатына әл-ауқаты жоғары отбасылар жатады. Бұл санаттың өлшемдерінің бірі отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыстың күнкөріс деңгейінің 7 есесіне тең немесе одан жоғары болуы. Бұл шамамен 350 мың теңге және одан да көп соманы құрайды.

Сонымен қатар отбасының әр мүшесіне шаққанда шартты түрде 120 шаршы метрден келетін бірнеше тұрғын үйінің болуы мүмкін.

Коммерциялық жылжымайтын мүлкі, ірі, орта немесе шағын бизнесі, сондай- көліктері де ескеріледі.

Отбасының құрамы мен әлеуметтік әл-ауқат деңгейі ай сайын қайта есептеліп тұрады. Осылайша, отбасының жағдайы туралы мәліметтер үнемі жаңартылады.

Демек, Отбасының цифрлық картасындағы бағалау бір рет жүргізіліп, ұзақ уақытқа бекітілмейді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер өзгерген сайын, олар картаға автоматты түрде жаңартылып отырады.

Мәселен, отбасының табысы азайса, мүлкі сатылса, отбасы мүшелерінің саны артса немесе басқа да ескерілетін жағдайлар өзгерсе, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қайта бағаланады.

Егер азамат отбасының құрамы немесе әлеуметтік әл-ауқат санаты дұрыс анықталмаған деп есептесе, тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаментіне немесе әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына жүгіне алады.

Мамандар Отбасының цифрлық картасындағы мәліметтерді тексеріп, сәйкессіздіктің себебін анықтайды әрі мәселені шешуге көмектеседі.

Қате мәлімет бастапқы дереккөзде түзетілген соң, ол Отбасының цифрлық картасында автоматты түрде жаңартылады. Отбасының санаты да келесі бағалау кезінде қайта анықталады.

Қайта өтініш берудің қажеті жоқ.

Отбасының әл-ауқат деңгейін ескеру мемлекеттік қолдаудың жекелеген түрлерін тағайындағанда оның нақты жағдайын дұрыс бағалауға көмектеседі. Бұл әлеуметтік көмекті шынымен мұқтаж отбасыларға бағыттауға мүмкіндік береді.

Отбасының цифрлық картасы – әлеуметтік қорғау жүйесіндегі заманауи құрал. Оның көмегімен мемлекет отбасылардың жағдайындағы өзгерістерді дер кезінде байқап, азаматтарға қандай қолдау алуға болатынын алдын ала хабарлайды. Сондай-ақ көмек әр отбасының нақты жағдайы мен қажеттілігіне қарай көрсетіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:34
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 11:14
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see119

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see118

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see116

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see115

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see112

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see112

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see111

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see110

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see110

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see109

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see108

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see107

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see106

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see104

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see104

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see104

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары