Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

14 жәрдемақы және бес әл ауқат деңгейі: Қазақстанда төлемдер қалай өзгереді

14 жәрдемақы және бес әл ауқат деңгейі: Қазақстанда төлемдер қалай өзгереді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстанда жәрдемақының бірден 14 түрін тағайындау жүйесі өзгертіледі. Оларды алу құқығы жаңа ережелер бойынша айқындалып, тұрақты түрде қайта тексеріліп отырады. Толығырақ Tengrinews.kz шолуынан оқыңыздар.

Қандай төлемдер жаңа жүйеге көшірілмек?

Мемлекет жаңа әдістемені енгізіп жатыр: жәрдемақы алушылар табыс деңгейіне қарай А, B, C, D және E топтарына бөлінеді. Төлемдерді тағайындау тәртібі адамның қай топқа жатқызылғанына байланысты болады.

Бұл көрсеткіш Отбасының цифрлық картасында айқындалады.

"Отбасының цифрлық картасы – әлеуметтік-еңбек саласының платформасында іске асырылған, тізімдерді қалыптастыруды және адамдарды олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі бойынша бөлуді қамтамасыз ететін аналитикалық шешім", – делінген бұйрық жобасында.

Жаңа әдістеме жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдердің 14 түріне қатысты болады. Олардың қатарында:

Бала туғанда берілетін жәрдемақы. Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтім бойынша жәрдемақы. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға, сондай-ақ бұрын "Батыр ана" атағын немесе "Ана даңқы" орденін алған әйелдерге берілетін жәрдемақы. Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы. Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының жекелеген ардагерлеріне берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы. Әңгіме Тәжік-Ауған учаскесінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына және Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысушылар туралы болып отыр. Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қорғаншыларға берілетін жәрдемақы. I топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін жәрдемақы. Жерлеуге арналған жәрдемақы. Қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілер мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ Чернобыль АЭС-індегі аварияның салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы. Зейнеткерлер бұл санатқа кірмейді. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар мен балалардан бөлек. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы – тұл жетімдерден бөлек. "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" құрметті атағы бар адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы. "Халық қаһарманы" атағы бар адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – зейнеткерлерден бөлек. "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы бар адамдарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы – зейнеткерлерден бөлек.

Төлем туралы шешім жаңа қағидат бойынша - алушының қай топқа жатқызылатыны және оның бұл төлемге шынымен қаншалықты мұқтаж екені ескеріле отырып қабылданады.

Әл-ауқат деңгейіне байланысты кімдерге төлемдер тоқтатылуы мүмкін?

Жоғарыда аталған барлық төлем бойынша өзгерістер әзірге бір құжатқа жинақталмаған – олар әртүрлі бұйрықтарда жазылған.

Tengrinews.kz иелігінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу тәртібі қалай өзгеретіні туралы мәліметтер бар. Алушылардың бір бөлігі табыс деңгейіне байланысты одан айырылып қалуы мүмкін.

Мысалы, заң жобасында төлем "отбасының әл-ауқат деңгейіне" байланысты болатыны айтылған. Мән-жайы былай: егер Отбасының цифрлық картасында адам немесе отбасы әлеуметтік әл-ауқаттың А немесе В деңгейіне жатқызылса – олар арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алмауы мүмкін. Ал C, D немесе E санаттарына іліккендер төлемге үміткер бола алады.

А, B, C, D және E санаттары нені білдіреді?

Әл-ауқатты есептеу әдістемесі әлі әзірлену үстінде және әлі де өзгеруі мүмкін. Соңында нақты қайсысы қолданылатыны белгісіз.

Қазіргі саралау қисыны мынадай:

А деңгейі. Бұл – тұрақты жоғары табысы, бірнеше жылжымайтын мүлігі, бизнесі, автокөлігі бар және денсаулығында кінәраты немесе қарызы жоқ отбасылар. В деңгейі. Орта тап. Отбасылардың тұрақты жұмысы, өз баспанасы, жеткілікті табыс деңгейі бар, бірақ айтарлықтай артық қаражаты немесе жинағы жоқ. С деңгейі. Табысы аз, несиелері бар, жалдамалы немесе жалғыз баспанасы бар отбасылар. D деңгейі. Кедейлік шегіндегі отбасылар. Табысы төмен, отбасында еңбекке қабілетті бірақ жұмыс істемейтін мүшелері бар, төленбеген мерзімі өткен несиелері бар немесе тұрғын үй жағдайы нашар. E деңгейі. Өмірлік өте ауыр жағдайдағы отбасылар. Табысының мүлдем болмауы, меншікті баспананың жоқтығы, ауыр сырқаттар, мүгедектік және берешектер.

Өзіңіздің және отбасыңыздың қай деңгейге жататыныңызды мына сілтеме арқылы есептеуге болады.

Айта кетейік, мұнда әңгіме қазіргі қолданыстағы есептеу әдістемесі туралы болып отыр. Жаңа ережелер дәл осы бойынша жұмыс істейді деп әзірге кесіп айтуға болмайды - келтірілген мысал тек қазіргі уақытта есептеулердің қалай жүргізілетінін көрсетеді.

Жәрдемақы алу құқығы қаншалықты жиі қайта қаралады?

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушының әл-ауқат деңгейі ай сайын Отбасының цифрлық картасының деректері бойынша тексеріліп отырады. Әр айдың 25-і күні мәліметтер "Е-макет" жүйесіне жіберіліп, онда төлем алушылардың ай сайынғы тізімі жасалады. Мониторинг кезінде отбасында несиенің бар-жоғы да ескеріледі.

Егер отбасы А немесе В тобына кірсе, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу келесі айдың бірінші жұлдызынан бастап тоқтатылады.

Алушылар өз санаты туралы қалай біледі?

Бұл нормалар күшіне енген кезде, жәрдемақыдан қағылған қазақстандықтарға хабарлама келеді. Хабарлама бірнеше жолмен жіберіледі:

eGov порталындағы жеке кабинетке; eGov Mobile қосымшасына; SMS арқылы; екінші деңгейлі банктердің қосымшаларына.

Сол жерде алушы өз отбасының қай әл-ауқат деңгейіне жатқызылғаны туралы ақпаратпен таныса алады.

Төлемдер қандай себептермен уақытша тоқтатылуы мүмкін?

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу мына жағдайларда уақытша тоқтатылуы мүмкін:

банк шоты бойынша үш ай және одан да көп уақыт бойы шығыс операциялары болмаса; адам хабар-ошарсыз кеткен деп танылса немесе іздеуде болса; адам ата-ана құқығынан немесе қорғаншылық құқығынан айырылса; алушы Қазақстаннан тұрақты тұруға кетіп қалса; шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның тұруға ықтиярхатының немесе тиісті құжатының мерзімі өтсе; алушы бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатса; адам мемлекеттің толық қамсыздандыруындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болса; медициналық-әлеуметтік сараптамаға ұсынылған құжаттардан ақау табылса немесе мүгедектік туралы негізсіз қорытынды анықталса; Отбасының цифрлық картасында адам немесе отбасы әлеуметтік әл-ауқаттың А немесе В деңгейіне жатқызылса.

Бұл ретте төлемді түпкілікті тоқтату туралы сөз болып отырған жоқ. Көп жағдайда тоқтату себебі жойылғаннан кейін оны қайта бастауға болады.

Мемлекет алушылар туралы мәліметтерді ай сайын тексеріп отырады. Егер жүйе адамның жәрдемақы алмауына себеп болған жағдайлардың өзгергенін анықтаса, төлемдер автоматты түрде қайтарылады.

Сондай-ақ адам қаласа, жәрдемақыдан өз еркімен бас тарта алады.

"Өз еркімен бас тарту үшін алушы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті органға Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы өтініш білдіреді. Өз еркімен бас тарту келесі айдың 1-інен бастап жәрдемақы төлеуді тоқтатуға негіз болады. Жәрдемақы алудан өз еркімен бас тарту адамды (отбасын), отбасы мүшелерін, үй шаруашылығын оларды тағайындауға қайта жүгіну құқығынан айырмайды. Бұл ретте жәрдемақы төлеу өтініш берген күннен бастап жүзеге асырылады", – делінген құжатта.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қолжетімді ақпарат осымен шектеледі. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардан бөлек басқа жәрдемақылардың тағдыры не болатыны әзірге белгісіз. Tengrinews.kz өзгерістерді бақылап отырады.

Еске сала кетейік: бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақы төлеу мәселесінде тәртіп орнату керектігін мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы мемлекеттен әлеуметтік көмекті тек оған өте мұқтаж жандар ғана алуы тиіс екенін айтты.

Тағы оқыңыз: Жәрдемақы төлеу: қазақстандықтар бес топқа бөлінбек

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қазан 2026 09:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары