Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. 2026 жылдың тоғыз айында қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 490 млрд теңгені мерзімінен бұрын алған. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ерұлан Жамаубаев үкіметтің бүгінгі отырысында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның ішінде 404 млрд теңгеге жуық қаражат биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында, яғни зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегі көтерілгенге дейін шығарылған.
"Жыл басынан бері зейнетақы қорының активтері 6,1%-ға артып, 26,6 трлн теңгеге жетті. Зейнетақы жарнасының көлемі 2,2 трлн теңгені құрады. Ал тоғыз айдағы инвестициялық кіріс 766,3 млрд теңгеге жетті", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Айта кетері, биыл маусым айында зейнетақы жинағының ең төменгі жеткіліктілік шегі көтерілді. Сондай-ақ зейнетақы жинағы есебінен ипотекалық қарызды өтеу тәртібі өзгерді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:100
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 05:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















