Astana Media Week: медиа өкілдері бас қосқан алаң
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Іскерлік бағдарлама «MEDIA. HUMAN. AI: трансформацияның 10 жылы. Сенімнің жаңа архитектурасы» атты пленарлық отырыспен ашылды. Іс-шараға Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, Euronews телеарнасының Әзербайжандағы бюро басшысы әрі өңірлік коммуникациялар жетекшісі Надира Тюдор, Smart Advanced Technologies & Innovation Inc. компаниясының бас директоры Нежат Унсал, Meta компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағындағы өнімдерге қатысты мемлекеттік саясат жөніндегі директоры Филип Чуа, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілінің міндетін атқарушы Эльвира Яушева және Q.AI компаниясының бас директоры Дмитрий Мун қатысты.
Отырыста соңғы он жылдағы медиа саласындағы өзгерістер, жасанды интеллектінің редакция жұмысына ықпалы, ақпараттың шынайылығы мен цифрлық дәуірде аудитория сенімін сақтау мәселелері қарастырылды.
Медиа апталық аясында «AI, IT & MEDIA: Жауапкершілік шегі» атты технологиялық пікірталас, «Жасөспірімдердің жасына сай келетін цифрлық ортаны қалыптастыру: бұл қалай болуға тиіс?» тақырыбындағы шеберлік сабағы және «Central Asia in English: Аударма бізді неге жаһандық етпейді?» халықаралық редакциялық зертханасы өтті. Сонымен қатар «Ояну: ақпаратты қабылдау, саралаудың тың тәсілі және сыни интеллект» және «Жасанды интеллект көмегімен көптілді хабар тарату» тақырыптарында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Бағдарламада Қазақстан мен Орталық Азияны халықаралық ақпарат кеңістігінде таныту мәселесіне де ерекше мән берілді. Jibek Joly / Silk Way, The Astana Times, Qalam Global, Euronews, AnewZ және басқа да БАҚ өкілдері ағылшын тіліндегі журналистиканы дамыту, шетелдік аудиторияға арналған контент әзірлеу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.
Алдағы күндері мемлекеттік ақпараттық саясат, мемлекеттік органдар мен БАҚ арасындағы байланыс, өңірлік редакцияларды қолдау, отандық контент пен жарнама нарығын дамыту мәселелері сөз болады. Сондай-ақ жасанды интеллектіні қолдану, ақпараттың шынайылығын тексеру және цифрлық медиаплатформаларды дамыту бойынша тәжірибелік сабақтар өтеді.
Мерейтойлық медиа апталық 16 қазанда Qazaqstan Media Awards марапаттау рәсімімен аяқталады. Салтанатты жиында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының лауреаттары марапатталады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:81
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 03:36 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















