Жұманғарин инфляция мен халық табысына қатысты мәліметтерді жариялады
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Инфляцияның баяулауы нәтижесінде халықтың нақты ақшалай табысының өсімі 0,7 пайызға дейін жетті. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазақстанда жылдық инфляция қыркүйек айының қорытындысы бойынша 9,3 пайызға дейін баяулады. Тамызда бұл көрсеткіш 9,8 пайыз болған.
Вице-премьердің айтуынша, инфляцияның баяулауына азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқынының төмендеуі едәуір әсер еткен. Қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы айлық мәнде 0,1 пайызға төмендеді.
"Инфляцияны тежеу – үкіметтің халықтың нақты табысын арттыру жөніндегі жұмысының бір бағыты. Инфляцияның баяулауы аясында биылғы жылдың екінші тоқсанында халықтың нақты ақшалай табысының өсімі бірінші тоқсандағы 0,1 пайыздан 0,7 пайызға дейін өсті", – деді Жұманғарин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстан экономикасы теріс факторларға қарамастан өсіп жатқаны хабарланған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:82
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 23:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















