Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы Астанада сатылымға шығарылды

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы Астанада сатылымға шығарылды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астана әкімдігі кезінде Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Fitnation спорт кешенін сатылымға шығарды. Спорт кешені қаншаға бағаланып отыр, оның қазіргі көрінісі және елорда әкімдігінің меншігіне қалай өтті – Tengrinews.kz материалында.

Сауда-саттықта не сатылып жатыр?

e-Qazyna.kz электронды сауда порталында Астанадағы Тұран даңғылы, 4/1 мекенжайында орналасқан Fitnation спорттық-сауықтыру орталығы сатылымға шығарылды.

Лот құрамына жалпы ауданы 4 мың шаршы метр болатын қосалқы құрылыстары бар ғимарат пен 510 жабдық кіреді.

Жер телімі лот құнына кірмейді.

Fitnation орналасқан жер. 2GIS деректері

Лотқа тіркелген суреттер көп емес – e-Qazyna.kz порталында бірнеше кадр ғана жарияланған.

Fitnation ғимараты. Фото: e-Qazyna.kz порталы

Fitnation – бұрынғы премиум деңгейдегі фитнес-кешен. Ішінде кең жаттығу және кардио-аймақтар, бассейндер, спа-кешен, кеңселер орналасқан.

Fitnation ғимараты. Фото: e-Qazyna.kz порталы

Лотқа тіркелген бағалау құжаттарынан табылған тағы бірнеше сурет.

Fitnation ғимараты. Фото: e-Qazyna.kz порталы

Fitnation қаншаға сатылмақ?

Лоттың бастапқы бағасы – 2 913 037 603 теңге. Сату электронды тендер форматында өтеді.

Анықтама: Электронды тендер - қатысушылар бағалық ұсыныстарын тізілімнің арнайы веб-парақшасындағы жабық электронды конвертке жүктеу арқылы жүргізілетін сауда нысаны.

Лотта оның бағалау құны 2,9 миллиард теңге, ал теңгерімдік құны 1,7 миллиард теңге екені көрсетілген.

Сауда-саттық 15 қазан сағат 10:00-де өтеді.

Ғимаратта тағы не болды?

Fitnation мемлекет теңгеріміне өткеннен кейін ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту алаңына айналды.

Сол кезде қала билігі нысанның спорттық бағыты сақталатынын айтқан еді. Алайда ерекше балалардың ата-аналары мен жаттықтырушылар құрамы жаңа жеке иесі балаларды қолжетімді ортадан айыра ма деп қауіптенген болатын.

Жарияланған электронды тендер шарттарына сәйкес, сатып алушыға белгілі бір шектеулер расында енгізілген. Бірақ уақытша шектеу – бес жылға. Атап айтқанда:

Жаңа иесі нысанның негізгі қызмет түрін – халықты спортқа тарта отырып, дене шынықтыру-сауықтыру және қалпына келтіру жұмыстарын сақтауға міндетті.

Кешенді тек спорттық немесе дене шынықтыру-сауықтыру нысаны ретінде пайдалануға рұқсат етіледі.

Боранбаев Fitnation желісінен қалай айырылды?

Fitnation фитнес-клубтар желісі Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша шығынды өтеу аясында мемлекет меншігіне өтті.

2023 жылдың қыркүйегінде сот Боранбаевты "ҚазТрансГаз" АҚ қаражатын жымқырғаны және жылыстатқаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ сот оның мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарып, мемлекеттік наградаларынан айыруды ұсынды.

Мемлекет пайдасына Боранбаевтан тәркіленген мүлік:

Алматы қаласындағы Esentai Mall сауда-ойын-сауық орталығы мен Esentai Tower бизнес-орталығының арасында орналасқан, құны 686 миллион теңге болатын жер учаскесі бар екі қабатты коммерциялық ғимарат.

Алматыдағы Esentai mall СОО мен Esentai tower бизнес-орталығы арасында орналасқан, құны 686 миллион теңге болатын жер учаскесі бар екі қабатты коммерциялық ғимарат. Halyk bank шотындағы 1,3 миллиард теңге; Halyk bank шотындағы 5,7 миллион доллар (2,7 миллиард теңге); Halyk bank шотындағы 1,17 миллион доллар (560 миллион теңге); Halyk bank шотындағы 756 миллион теңге; Halyk bank шотындағы 193 миллион теңге.

Үкім шығардан бірнеше күн бұрын Боранбаев құны 90 миллиард теңгеден асатын активтерді мемлекет меншігіне өз еркімен қайтарғаны белгілі болды тұлғалардың тізбесі белгіленгенін атап өтті. Олардың қатарында:

өндірістік көрсеткіштері 143 ұңғыма болатын, 2,6 миллион тонна мұнай және 13,2 миллион текше метр газ қоры бар, бағалау құны 35,4 миллиард теңгелік "Қаражанбас Солтүстік" мұнай кен орны; тауарлық газды тасымалдаумен және сатумен айналысатын, нарықтық құны шамамен 14 миллиард теңге болатын "Азия Газ Чунджа" газ тарату компаниясы; мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеумен айналысатын, бағалау құны 9 миллиард теңгеден асатын "Сервисный Центр КазТурбоРемонт" зауыты; Астана орталығындағы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын 4 жұлдызды қонақүй; "Алмалы" сауда-ойын-сауық кешені, Fitnation фитнес-орталықтар желісі және Almaty towers бизнес-орталығындағы жалпы құны 33,8 миллиард теңге болатын кеңселер.

2023 жылдың қазанында келтірілген залал толық өтеліп, активтер мемлекетке қайтарылғаннан кейін сот Боранбаевтың қалған жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:42
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары