Қазақстанда болуы заңды ма: шетелдіктер ЖСН беру кезінде тексеріледі
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АЛМАТЫ, 13 қазан - Sputnik. Қазақстанда ЖСН алатын шетелдіктердің елде болу заңдылығы тексеріледі. Ішкі істер министрлігінің жаңа жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жоба аясында иммигранттардың эталондық деректер базасының мәліметтері негізінде шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың Қазақстан Республикасында болу, тұру сәйкестігі тексеріледі.
"Жобаны іске асыру ЖСН қалыптастыру және түзету бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстанда болуының (тұруының) заңдылығын тексеруге, сондай-ақ осы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдаланылатын мәліметтердің дұрыстығын арттыруға мүмкіндік береді", - дейді министрлік.
Жоба қабылданған жағдайда теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды, дейді министрлік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















