Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Тұрғындарды алаңдатқан мәселе жөнінде қала әкімдігі мен облыстың бас ветеринар дәрігері ресми түсініктеме берді. Мамандардың айтуынша, қауіпті нысан бетон саркофагпен қоршалған, ал топырақ сынамаларының зертханалық нәтижелері теріс болған. Алайда тұрғын үйлер мен тарихи ошақтың арақашықтығы, санитариялық-қорғау аймағының құқықтық тарихы қоғам назарын аударып отыр,– деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі

500-ден астам үйдің іргесіндегі тарихи ошақ

Қосшы қаласының «Таза бұлақ» ауданында сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан тұрғын үйлер туралы мәлімет тарағаннан кейін жұртшылық арасында аса қатты алаңдаушылық күшейді. Әлеуметтік желілерде талқыланған ақпаратқа сәйкес, бұл аумақта 500-ден астам үй орналасқан. Қауіпті індеттің ошағы тұрғын үйлерге қаншалықты жақын және жергілікті халыққа нақты қауіп бар ма? Осы сауалдарға қала әкімдігі мен Ақмола облысының Ветеринария басқармасы жауап берді.

Қосшы қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған аумақта тарихи есепке алынған сібір жарасы ошағы бар. Қолда бар құжаттар бойынша, ол 1986 жылғы 28 тамызда тіркелген. Сол кезде бұл жер ауру малдың ұшасын бөлшектеу үшін пайдаланылыпты. Яғни, мәселе жуырда анықталған жаңа ошақ туралы емес, бірнеше ондаған жылдар бойы есепте тұрған тарихи нысан жөнінде болып отыр. Дегенмен оның тұрғын үйлерге жақын орналасуы мен санитариялық-қорғау аймағына қатысты мәселелердің өзі қоғамның ащы резонансын туғызған.

Сібір жарасы ошағы қай жерде орналасқан?

Ақмола облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Талғат Жүнісовтің түсіндіруінше, Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылында сібір жарасына қатысты екі қорым бар.  Ветеринария басқармасы басшысының айтуынша, 1986 жылы осы жерде ауру малдың ұшасы бөлшектелген. Кейін жануардың сібір жарасын жұқтырғаны анықталған соң, оның терісі осы аумаққа көмілген. Содан бері бұл жер ветеринариялық есепке сібір жарасының ошағы ретінде алынған. 2021 жылы қауіпті нысанның үстіне бетоннан саркофаг орнатылған.

– Қосшы қаласының аумағында 1986 жылғы сібір жарасы қорымы бар. Ол Сарқырама өзенінің маңында, тұрғын үйлерден 40-50 метр жерде орналасқан. Кезінде мұнда ауру малдың ұшасы бөлшектеліп, терісі көмілген. Кейін жануардың сібір жарасымен ауырғаны анықталған. 2021 жылы сол жерде бетон саркофаг орнаттық, – деп түсіндірді Талғат Жүнісов.

Облыстың бас ветеринар дәрігері бетон қорғаныс құрылысы қауіпті қоздырғыштың сыртқа таралуына жол бермейді деп есептейтінін жеткізді. Оның пікірінше, тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.

Алайда бұл жауапты маманның берген түсініктемесі. Нысанның қазіргі қауіпсіздік жағдайына қатысты түпкілікті баға тиісті бақылау органдарының зерттеулері мен қорытындыларына сүйенуге тиіс.

Мәселенің тағы бір маңызды тұсы сібір жарасы ошағының санитариялық-қорғау аймағы қалай белгіленгені және оның құқықтық мәртебесі қандай болғаны тұрғындардың күдігін күшейткен.

Қосшы қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұрын санитариялық-қорғау аймағына қатысты шешімдер Целиноград ауданы әкімдігінің 2010 және 2014 жылдардағы қаулыларымен бекітілген. Алайда 2021 жылы бұл қаулылар прокуратура тарапынан күшін жойған. Әкімдік мұны санитариялық-қорғау аймақтарын белгілеу, олардың көлемін анықтау және өзгерту жөніндегі өкілеттіктердің заңнамаға сәйкес тиісті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының лауазымды тұлғаларына берілгенімен түсіндірді.

Басқаша айтқанда, мәселе тек тарихи қорымның бар-жоғында емес, оның айналасындағы аумаққа қандай талаптар қолданылатынында болып отыр. Облыстың бас ветеринар дәрігері Талғат Жүнісовтің айтуынша, кейіннен қорымның айналасында 1 000 метрлік санитариялық-қорғау аймағы белгіленген. Осыдан кейін ветеринариялық қызмет қорымнан бір шақырымға жетпейтін қашықтықта жаңа құрылыс салуға рұқсат беруге негіз болатын анықтамаларды бермеген. Ал бұған дейін салынған үйлер сол аумақта қала берген.

– Бұрын санитариялық-қорғау аймағы, былайша айтқанда, болмағандықтан, мұндай көршілікке жол берілген. Кейін 1 000 метрлік санитариялық-қорғау аймағы белгіленді. Содан соң қорымнан бір шақырымға жетпейтін жерде құрылыс жүргізуге қатысты рұқсаттарға негіз болатын анықтамаларды бермейміз. Бірақ бұрын салынған нысандар сол жерде қалды, – дейді облыстың бас ветеринар дәрігері.

Оның айтуына қарағанда, 500-ден астам тұрғын үйдің осы аумақта орналасуының бір себебі бұрынғы құрылыс пен санитариялық шектеулердің белгілену кезеңдері арасындағы айырмашылық болып тұр. Әкімдіктің дерегіне сәйкес, 2021 жылдан бері Қосшы қаласы мен Тайтөбе ауылындағы осы нысанның санитариялық-қорғау аймағы шегінде тұрғын үй салуға, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге, бау-бақша егуге және коммерциялық нысандар орналастыруға жер телімдері берілмеген.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Қосшыдағы сібір жарасы ошағының орны бетоннан жасалған, көлемі 3 × 5,5 метр болатын саркофагпен қоршалған. Қоршауға «Сібір жарасы» деген ескерту тақтайшасы орнатылған. Жер учаскесі де заңнамада белгіленген тәртіппен рәсімделген. Оған 2017 жылғы 31 мамырдағы № АН 0236029 тұрақты жер пайдалану құқығын беру актісі негіз болған. Тиісті мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізілген.

Бұл деректер қауіпті нысанның есепке алынғанын және оның орналасқан жеріне қатысты ресми құжаттар бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар мұндай нысандарға бақылау жүргізудің маңызы зор. Өйткені сібір жарасының қоздырғышы қоршаған ортада ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Сондықтан қауіпсіздік мәселесін тек бетон қорғаныстың болуымен шектемей, нысанның жағдайын, санитариялық талаптардың сақталуын және зертханалық бақылау нәтижелерін жүйелі түрде бағалау қажет.

Қосшы қаласы әкімдігінің мәліметінше, Ақмола облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті белгілі сібір жарасы қорымдарына жыл сайын мониторинг жүргізеді. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз деп танылған елді мекендердегі тиісті аумақтардан топырақ сынамалары алынып, зертханалық тексеруден өткізіледі. Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, зертханалық зерттеулердің нәтижелері теріс болған.

Бұл тұрғындарды алаңдатқан жағдайға қатысты маңызды дерек. Алайда зерттеу нәтижелерінің теріс болуы нақты алынған сынамаларға қатысты қорытынды екенін ескерген жөн. Ол өздігінен нысанға қатысты барлық ықтимал тәуекел жойылды дегенді білдірмейді. Сондықтан тұрақты мониторинг пен санитариялық талаптардың орындалуын бақылау өз маңызын жоғалтпайды.

Қолда бар ресми деректерге сүйенсек, Қосшыдағы «Таза бұлақ» ауданында 1986 жылдан бері есепте тұрған сібір жарасы ошағы бар. 2021 жылы оның үстіне бетон саркофаг орнатылған, ал уәкілетті органдар жыл сайын топырақ сынамаларын зерттейтінін хабарлаған. Әкімдік мәліметінде зертханалық нәтижелердің теріс екені көрсетілген. Сонымен бірге тұрғын үйлердің тарихи ошаққа жақын орналасуы, санитариялық-қорғау аймағына қатысты бұрынғы шешімдердің күшін жоюы және жаңа шектеулердің енгізілуі түсіндіруді қажет ететін мәселелер болып қала бермек.

Қазіргі кезде жарияланған түсініктемелер тұрғындар алаңдаған негізгі сауалдарға жауап беруге бағытталған. Дегенмен тұрғындар үшін нысанның санитариялық мәртебесі, бақылау нәтижелері және қауіпсіздік талаптарының орындалуы жөніндегі ақпараттың ашық әрі жүйелі берілуі маңызды. Қосшыдағы жағдайдың басты түйіні — тарихи сібір жарасы ошағының бар екені ғана емес, оның маңындағы тұрғындардың қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілетіндігі болып отыр.  Ресми органдар нысанның қоршалғанын және зертханалық бақылау нәтижелері теріс екенін айтады. Ендігі маңызды міндет осы бақылаудың үздіксіз жүргізілуі әрі тұрғындарға нақты, түсінікті ақпарат тұрақты жеткізілсе дейміз. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары