Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда соңғы жеті жылда 36,3 мың шақырым автомобиль жолы салынып, жөнделді. Бұл туралы Үкіметтің 2026 жылғы 8 қазанда жариялаған ресми ақпаратында айтылған. Биылдың өзінде ел бойынша 11 мың шақырымнан астам автожол құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарымен қамтылған. Ауқымды көрсеткіштердің артында қандай жобалар тұр? Жол инфрақұрылымындағы өзгерістер ел экономикасы мен тұрғындардың күнделікті өміріне қалай әсер етеді? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Қазақстан аумағы жағынан әлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірі болғандықтан, автомобиль жолдарының маңызы ерекше. Елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасуы, облыстар арасындағы үлкен қашықтық және халықаралық сауда бағыттары көлік инфрақұрылымына жоғары талап қояды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, Қазақстандағы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 95 мың шақырымды құрайды. Оның 25 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдарға жатады.

Республикалық жолдар елдің ірі қалаларын, облыс орталықтарын, халықаралық шекара бекеттерін және маңызды өндірістік аймақтарды байланыстырады. Ал облыстық және аудандық маңызы бар жолдар ауылдар мен шағын елді мекендердің көлік қатынасын қамтамасыз етеді. Бұл екі желінің міндеті өзара байланысты болғанымен, оларды дамыту мен күтіп ұстауға жауапты құрылымдар әртүрлі. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын басқару, дамыту және пайдалану бағытында жұмыс істейді. Жергілікті жолдар бойынша негізгі жауапкершілік әкімдіктерге жүктеледі.

Жол құрылысының қарқыны қалай өзгерді? Соңғы жылдары Қазақстанда автомобиль жолдарын жаңғырту жұмыстары ауқымды сипат алды. Бұған «ҚазАвтоЖол» компаниясының жылдық мәліметтері дәлел бола алады.

Мәселен, 2024 жылы республикалық маңызы бар 8,7 мың шақырым автожол әртүрлі жұмыстармен қамтылды. Оның 3,1 мың шақырымында құрылыс және қайта жаңарту жобалары жүзеге асырылса, 600 шақырымында күрделі жөндеу, 5 мың шақырымында орташа жөндеу жүргізілді. Жыл қорытындысында құрылыс және қайта жаңарту жобаларымен қамтылған жолдардың шамамен 2 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталып, қозғалысқа берілгені хабарланды.

2025 жылы республикалық жолдарда жүргізілген жұмыстардың жалпы көлемі шамамен 8,8 мың шақырымға жетті. Ал 2026 жылы бұл көрсеткішті 8,9 мың шақырымға жеткізу көзделген.

«ҚазАвтоЖолдың» 2026 жылғы 8 қазандағы ақпаратына сәйкес, былтыр құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары 2,2 мың шақырымда жүргізілсе, биыл бұл көлем 3,4 мың шақырымға жеткен. Яғни, өсім шамамен 55 пайызды құрады. Бұдан бөлек, 2026 жылғы жоспарға 324 шақырым жолды күрделі жөндеу және шамамен 5,2 мың шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу енгізілген.

Қазақстанның Жол картасында не өзгерді? Соңғы жеті жылдағы жұмыстарды түсіну үшін нақты автомобиль бағыттарына назар аударған жөн. Өйткені жалпы статистиканың артында жүздеген шақырымға созылатын ірі инфрақұрылымдық жобалар тұр. Олар:

Қарағанды – Балқаш – Алматы: 2024 жылы 885 шақырым жол қайта жаңартылып, пайдалануға берілді. Төрт жолақты қозғалыс қамтамасыз етілді. 2026 жылы шілдеде бірқатар учаскелері ақылы жүйеге көшті. Атырау – Астрахан: 2024 жылы 272 шақырым жол қайта жаңартылып, үшінші техникалық санаттан екінші санатқа ауыстырылды. Ақтөбе – Қандыағаш: 96 шақырым жол қайта жаңартылды. 10 көпір, 5 өтпежол, 3 жол айрығы салынды. 8 демалыс алаңы мен 18 аялдама абаттандырылды. Талдықорған – Өскемен: 2024 жылы негізгі қайта жаңарту жұмыстары аяқталды. 2026 жылғы 11 шілдеден бастап шамамен 773 шақырым учаскеде ақылы қозғалыс енгізілді. Қарағанды – Жезқазған: 2026 жылы ұзындығы 457 шақырым жолды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс төрт учаскеге бөлінген. Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын: Ұзындығы 262 шақырым автомобиль жолын қайта жаңарту жобасы іске асырылуда. Атырау – Доссор: 2026 жылы автомобиль жолын қайта жаңарту жобасы бойынша жұмыстар қарастырылған. Қызылорда қаласының айналма жолы: 2026 жылғы жол құрылысы жобаларының қатарына енгізілген. Сарыағаш қаласының айналма жолы: 2026 жылы құрылыс және дайындық жұмыстары қарастырылған.

Жол құрылысы экономикаға қалай әсер етеді? Автомобиль жолдары – мемлекеттің көлік жүйесіндегі негізгі инфрақұрылымдардың бірі. Олардың жағдайы тауар тасымалына, өндіріс орындарының логистикасына және халықтың қозғалысына әсер етеді. Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы құрлықтық бағыттардың торабында орналасқаны белгілі. Сондықтан халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының дамуы елдің транзиттік мүмкіндіктерімен де тікелей байланысты.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметіне сәйкес, республикалық маңызы бар жолдар бойындағы 1 274 сервистік нысан, яғни олардың 83 пайызы ұлттық стандарт талаптарына сәйкестендірілген. Бұл көрсеткіш жол инфрақұрылымының тек асфальт жамылғысынан тұрмайтынын аңғартады. Жүргізушілерге арналған қызмет көрсету нысандары да қауіпсіз әрі қолайлы сапардың маңызды бөлігі.

Автожолдарға сұраныстың жоғары екенін ақылы учаскелердегі қозғалыс деректері де көрсетеді.  Мәселен, 2026 жылдың жазында Қазақстандағы ақылы автомобиль жолдары арқылы 25,8 миллион сапар жасалған.

Ең көп пайдаланылған бағыттардың қатарында Алматы – Қонаев, Шымкент – Өзбекстан шекарасы және басқа да ірі магистральдар бар.

Жол сапасы. Қазақстандағы жол құрылысы ауқымының ұлғаюы сапаны бақылау мәселесін де өзекті етіп отыр. Өйткені мыңдаған шақырым жолды салу немесе жөндеу маңызды болғанымен, оның қанша уақыт сапалы қызмет ететіні одан кем емес.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері республикалық жолдардағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасына 50-ге жуық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде, 1 670 ақау мен талапқа сәйкессіздік анықталған. Оның 831-і, яғни 49,8 пайызы сол кездегі жағдай бойынша жойылған. Қалған кемшіліктерді түзету жұмыстары жалғасқан. Анықталған мәселелердің қатарында жол жамылғысындағы шұңқырлар, жарықтар, асфальтбетон қабатының ығысуы және жолтабанның пайда болуы бар.

Жұмыс сапасын тиісті деңгейде бақыламаған мамандарға жалпы сомасы 53,4 миллион теңге айыппұл салынған. Сонымен қатар 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылған.

Сапаны бақылау тек пайдалануға берілген жолдардың жағдайын қадағалаумен шектелмейді. Құрылыс кезінде қолданылатын материалдардың нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеру, асфальтбетон қабаттарының қалыңдығын өлшеу және технологиялық процестің сақталуын бақылау да маңызды.

Ақылы жолдар. Қазақстанда соңғы жылдары ақылы автомобиль жолдарының желісі де кеңейіп келеді. Алғашқы ақылы учаске – Астана – Щучинск автомобиль жолы 2013 жылы іске қосылды.

Кейін Астана – Теміртау, Алматы – Қорғас, Алматы – Қонаев және басқа да бағыттар ақылы жүйеге қосылды.

2025 жылы Қызылорда – Арал, Балқаш – Бұрылбайтал, Үшарал – Достық сынды бірнеше басқа учаскеде ақылы қозғалыс енгізілді.

2026 жылы бұл қатар Қарағанды – Балқаш – Бұрылбайтал, Бұрылбайтал – Құрты және Талдықорған – Өскемен бағыттарымен толықты.

Ақылы жолдардан түсетін қаражатты инфрақұрылымды күтіп ұстауға пайдалану көзделеді. Алайда мұндай жүйенің тиімділігі жолдың нақты сапасына, жүргізушілерге ұсынылатын қызметке және төлем мөлшерінің негізділігіне де байланысты. Ұлттық компанияның мәліметінде Қазақстанда ұзындығы шамамен 6,3 мың шақырым болатын 28 ақылы учаске жұмыс істейтіні көрсетілген.

Қазақстанда соңғы жеті жылда 36,3 мың шақырым автомобиль жолының салынып, жөнделуі – көлік инфрақұрылымындағы жұмыстардың ауқымын көрсететін маңызды көрсеткіш. Оның нәтижесін шолуымызда жазылған ірі жобалардан көруге болады.  Алдағы уақытта жол құрылысының қарқынымен қатар, жол сапасы, өңірлік инфрақұрылымның жағдайы және халықаралық көлік дәліздерінің тиімділігі де маңызды болып қала береді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің өкімімен Мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында автожол саласын реформалау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 

Жұмыс тобына жол құрылысының қолданыстағы жүйесі мен оның сапасын бағалау тәсілдерін қайта қарау, стандарттар мен құрылыс нормаларын жаңарту міндеті жүктелді. Саланы басқарудың жаңа тетігі, оның ішінде цифрлық шешімдерді де ескере отырып, жол инфрақұрылымын жақсартуға, мемлекеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталады.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары басқаратын жұмыс тобына Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс, Қаржы, Ішкі істер, Экология және табиғи ресурстар, Энергетика министрліктерінің басшылығы, Бас көлік прокурорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, «Мемсараптама» РМК, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдері, сондай-ақ сала сарапшылары мен Құрылтай депутаттары кірді.

Премьер-министр осы жылдың 1 желтоқсанына дейін автожол саласын түбегейлі реформалау бойынша, оның ішінде заңнамалық шараларды қамтитын ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:104
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 21:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары