Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu
inDrive компаниясы такси бағасының өсуіне қатысты түсініктеме берді

inDrive компаниясы такси бағасының өсуіне қатысты түсініктеме берді

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АЛМАТЫ, 13 қазан – Sputnik. inDrive такси сервисі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бағаны негізсіз көтеруге жол бермеу туралы ескертуіне қатысты пікір білдірді.

Демалыс күндері "Яндекс" сервистеріндегі ақау салдарынан пайдаланушылар такси шақырудың балама платформаларына жаппай ауысып, inDrive қызметіне сұраныс айтарлықтай артқан. Соның салдарынан такси бағасы үш есеге жуық өскенін монополияға қарсы орган мәлімдеді.

inDrive баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұма күні баға бір сағат ішінде, ал жексенбіде шамамен үш сағатта тұрақтандырылған.

"Қызметке сұраныс күрт артқан кезде бір сапардың орташа бағасы 519 теңгеден артық өспеді", – делінген компания хабарламасында.

Сонымен қатар компания жүктеме ең жоғары қалаларда комиссия мөлшерін төмендеткенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Бәсекелестікті қорғау агенттігі сервиске бағаны негізсіз өсірмеуді және тұтынушы құқығын таптамауды ескерткен болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:49
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 03:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары