Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қаржылай қолдау жаңа өндіріске мүмкіндік

Қаржылай қолдау жаңа өндіріске мүмкіндік

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Бизнесті дамыту үшін тек идеяның болуы не­месе тапсырыстардың түсуі жеткіліксіз. Өнім шығаруды арттыру, заманауи технологияларды енгізу немесе жаңа нарықтарға шығу үшін кә­сіп­керлерге қаржылық ресурстар қажет. Алайда тиім­ді шарттармен несие алу қиын, кейде ке­пілдікке қоятын мүлік болмайды. Осындай кез­де «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Ба­тыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік фи­лиалы маңызды рөл атқарып отыр. Филиал биз­нес өкілдеріне мемлекеттік қолдау тетіктерін пай­далануға көмектеседі.

Бүгінде қор кәсіпкерлерге қолдаудың үш не­гізгі тетігін ұсынады: жеңілдетілген қаржы­лан­­дыру, кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда қарыздарға кепілдік беру және пайыздық мөл­шерлеменің бір бөлігін субсидиялау. Олардың әр­қайсысы нақты міндетті шешуге бағытталған. Ал ортақ мақсаты – кәсіпорындардың тұрақты да­муына, өндірістің кеңеюіне және өңір эко­номикасының нығаюына жағдай жасау.

«Даму» қорының Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік директоры Тарас Шалыганың ай­туынша, облыста мемлекеттік қолдау тетік­терімен 12,5 мың кәсіпкер қамтылған, ал қолдау алған жобалар бойынша несиелеудің жалпы көлемі 699 млрд теңгені құраған.

– Ұлттық даму институты саналатын «Даму» қо­ры Қазақстанның барлық өңірінде шағын жә­не орта бизнестің сапалы дамуына жәр­дем­деседі. Бұл экономикалық тұрғыдан айтар­лық­тай нәтиже береді. Батыс Қазақстан облысында 2010-2024 жылдар аралығында мемлекеттік қол­дау алған кәсіпкерлер 6,1 мың жаңа жұмыс о­рнын ашты. Олар бюджетке салық түрінде 483,5 млрд теңге төледі, – деді Тарас Шалыга.

Бұл көрсеткіштер қаржылай қолдаудың ау­қымын ғана емес, оның өңір экономикасы үшін маңызын да көрсетеді. Кәсіпорын өндірісін кеңейтуге мүмкіндік алған кезде, мұның пай­дасы тек меншік иесімен шектелмейді. Білікті мамандарға деген сұраныс артады, материалдар сатып алу көлемі ұлғаяды, жеткізушілер үшін қо­сымша тапсырыстар қалыптасады, ал бюд­жетке түсетін салық түсімдері көбейеді.

Қордың негізгі құралының бірі – «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы. 2025 жыл­ғы маусымнан бастап бұл бағдарлама ин­вестициялық жобаларды қаржыландыруға және қолданыстағы қарыздарды жылдық 12,6% мөл­шерлемемен қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді.

2025 жылы Батыс Қазақстан облысында осы бағ­дарлама аясында жалпы сомасы 14,3 млрд тең­гені құрайтын 68 жоба қаржыландырылды. Ал 2026 жылдың басынан бері тағы 34 жобаға 4,8 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді.

Сұранысқа ие тағы бір тетік – кепілдік беру. Бұл механизм келешегі бар жобасы және қар­жыландыруға қажеттілігі бар, алайда банк не­сиесін алу үшін кепілге қоятын мүлкі жет­кі­ліксіз кә­сіпорындар үшін аса маңызды. Мұндай жағ­дайда қордың кепілдігі несие қаражатын тарту­дағы кедергілерді азайтуға көмектеседі.

2026 жылдың басынан бері облыста жалпы не­сие портфелі 32 млрд теңгені құрайтын 132 кепілдік шарты жасалған. Қор берген кепіл­діктердің көлемі 23 млрд теңгеге жетті.

Үшінші құрал – пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін субсидиялау. Бұл тиісті қолдау бағ­дарламалары аясында кәсіпкердің қаржылық жүк­темесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қордың жұмысы қаржылық тетіктермен ғана шектелмейді. Бизнесті қолдаудың маңызды бағыттың бірі – кәсіпкерлерді қолданыстағы бағ­дарламалар туралы ақпараттандыру және оларға қолайлы құралды таңдауға көмектесу. Облыс орталығынан шалғайда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін бұл міндетті «Даму» қорының мобильді фронт-офисі атқарады.

Бұл – мамандары аудандар мен ауылдық елді мекендерге барып, кеңес беретін көшпелі кон­сультациялық орталық. Кәсіпкерлер Орал қа­ласына бармай-ақ қаржыландыру мүмкіндіктері, кепілдік қолдаудың шарттары және бизнесті дамытуға арналған басқа да құралдар туралы ақпарат ала алады. Жоба іске қосылғаннан бері мобильді фронт-офис 150-ден астам рет көш­пелі сапар ұйымдастырып, екі мыңнан ас­там кон­сультация өткізді. Осы уақыт ішінде 16 қала мен моноқала қамтылды. Батыс Қазақстан об­лысында мамандар 12 ауданды аралап, 300-ден астам кәсіпкерге кеңес берді.

Мұндай жұмыс мемлекеттік бағдар­лама­ларды жергілікті жерлердегі бизнес үшін қол­жетімді етуге ықпал етеді. Өйткені шағын кә­сіп­орын үшін уақытылы берілген кеңес өндірісті жаңғыртуға, қаржыландыру тартуға немесе жаңа жобаны іске қосуға бастайтын алғашқы қадам болуы мүмкін.

Мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесін көр­сететін кәсіпорынның бірі – GAZSNABOIL ЖШС. Компания 2020 жылы тіркелген және мұнай-газ, мұнай өңдеу, газ өңдеу және мұнай-химия салаларына арналған жылу алмастырғыш жаб­дықтар өндіруге маманданған. Кәсіп­орын­ның негізгі өнімі – газ, сұйықтық және бу-сұйық қоспаларын салқындатуға әрі конден­сация­лауға арналған ауамен салқындату ап­парат­тары. Сонымен қатар компания түрлі жиынтықтаушы бөлшектер мен құбырлы қа­бық­шалы аппараттар шығарады.

Компания өнімдері жабдықтың сенімділігі мен техникалық талаптардың сақталуы айрық­ша маңызға ие салаларда сұранысқа ие. Кәсіп­орын­ның тапсырыс берушілері қатарында «Ин­тергаз Орталық Азия», «ҚазМұнайГаз», «Қаз­Азот», «ҚазГӨЗ», Павлодар және Атырау мұ­най өңдеу зауыттары бар. Өндіріс директоры Низами Алиевтің айтуынша, кәсіпорын өндіріс көлемін біртіндеп арттырып, тұрақты өндірістік деңгейге шыққан.

– Біз ауамен салқындату аппараттарын, олар­ға арналған жиынтықтаушы бөлшектерді, сондай-ақ құбырлы қабықшалы аппараттарды өндіреміз. Бұл жабдықтар мұнай-газ және хи­мия өнеркәсібінде қолданылады, – деді ол.

Компания жылына орта есеппен 100-120 дана жабдық шығарады. Сонымен бірге өн­діріс­тік қажеттіліктердің едәуір бөлігі отандық жет­кізу­шілер есебінен қамтамасыз етіледі: кәсі­порын шикізат пен материалдардың 90%-ына дейінін Қазақстаннан сатып алады. Негізінен, бұл – металдар, белгілі бір қорытпалар және бас­қа да қажетті материалдар. Егер қажетті өнім іш­кі нарықта болмаса, ол шетелден жеткізіледі.

Компанияның тағы бір ерекшелігі – ин­женерлік жобалаудан басталатын толық өн­діріс­тік цикл. Кәсіпорында нақты тапсырыс беру­ші­нің талаптарына сәйкес техникалық шешім­дер әзірлейтін жобалау-конструкторлық бөлім жұ­мыс істейді. Компанияда 30-дан астам адам ең­бек етеді, олардың 24-тен астамы тікелей өн­діріс­те жұмыс істейді. 2026 жылғы ақпанда кәсіп­орын «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ай­налым қаражатын толықтыруға қаржы алды. Бұл ретте «Даму» қорының «Кепілдік қоры-1» бағ­­дарламасы аясындағы кепілдігі қолданылды.

Өндірістік бизнес үшін айналым қара­жа­ты­ның маңызы зор. Металл мен жиынтықтаушы бөлшектерді сатып алу, тапсырысты орындауға дайындық және өндірістік үдерісті ұйымдастыру дайын жабдық тапсырыс берушіге тапсырылып, оның ақысы төленгенге дейін шығынды талап етеді. Қаржыландыруға қол жеткізу қажетті ма­териалдар қорын қалыптастыруға және клиент­тер алдындағы міндеттемелерді уақытылы орын­дауға мүмкіндік береді.

Осылайша, жеңілдетілген несиелеу мен ке­пілдік беру тетіктерін ұштастыру екі міндетті қа­тар шешуге көмектеседі: кәсіпорынның ағым­дағы қызметін қамтамасыз ету және оның одан әрі кеңеюіне негіз қалау. Қазір компания өн­дірістік базасын дамыту және өнімнің жаңа түр­лерін игеру бағытында жоспарлар құрып отыр. Кәсіпорында жаңа база құрылысы жүр­гізілуде. Ал болашақта мұнда ірі габаритті жаб­дықтар өндірісін жолға қою көзделген.

– Біз технологиялармен қатар жүруіміз ке­рек. Жаңа жабдықтар сатып алып, өндірістік қуа­тымызды арттырып, жалақыны көтеруді жә­не жаңа жұмыс орындарын ашуды қалаймыз. Біз­дің міндетіміз – қолданыстағы ұжымымызды сақ­тап қана қоймай, оны кеңейту, – деп атап өт­ті Низами Алиев.

Болашағы бар бағыттың бірі – ірі габаритті жабдықтар өндіру. Мұндай өнімдерді шығару үшін тиісті өндірістік алаңдар, техникалық мүм­кін­діктер және қосымша инвестициялар қажет.

– Қазақстанда шынымен де үлкен ре­зер­вуарлар өндіруге қабілетті кәсіпорындар көп емес. Біз осы деңгейге көтеріліп, ірі габаритті жаб­дықтар шығарғымыз келеді, – деді өндіріс бас­шысы алдағы жоспарларымен бөлісіп.

Осылайша, мемлекеттік қолдау қолданыс­тағы өндірісті нығайтуға және дамудың келесі ке­зеңіне дайындалуға мүмкіндік беретін құралға ай­налды. Мұндағы маңызды нәтиже – қажетті ма­териалдарды сатып алу мүмкіндігі ғана емес, со­нымен қатар өнім түрлерін кеңейтуге, өн­діріс­тік қуатты арттыруға және жаңа жұмыс орын­­дарын ашуға жол ашылуы.

Батыс Қазақстан облысы үшін мұндай кә­сіпорындардың дамуы жұмыс орындарын сақ­тауға және жаңаларын ашуға, өнеркәсіптік әлеует­ті нығайтуға әрі жергілікті бизнестің мүм­кіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Ал кә­сіп­керлер үшін бұл – өндірістік жоспарларын іш­кі нарықта сұранысқа ие, болашақта сыртқы на­рықтарға да шығуға мүмкіндік беретін нақты жо­баларға айналдырудың жолы.

Аида ҒАЛИЕВА, 

Батыс Қазақстан облысы

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:34
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 05:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see138

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see137

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see126

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see116

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see115

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see114

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see112

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see110

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see110

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see108

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see107

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see107

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see107

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see106

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see103

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see101

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see101

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары