Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Зертханадан өндіріске

Зертханадан өндіріске

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек

Бұрын ғылыми жетістік­тің өлшемі жарияланған мақа­ла­лар мен алынған патенттер болса, бүгінде оның басты бағасы – ғылыми жаңалықтың өндіріске енуі, жаңа технологияның өмірге келуі, жұмыс орындарының ашылуы  және ұлттық эконо­ми­каға қосқан үлесі. Бұл – әлемдік тәжірибеде өзінің тиімділігін дәлелдеген бағыт. АҚШ, Германия, Жапо­ния, Оңтүстік Корея, Қытай секілді мемлекеттер уни­вер­си­теттерді тек білім беретін ұйым ретінде емес, инновация мен жаңа өндірістердің негізгі орта­лығы ретінде дамытып ке­леді. Ғылыми идея зертханадан бастап өндірістік желіге дейін жетіп, кейін әлемдік на­рық­қа шығатын өнімге айналады. Мұндай үлгі ғылымның эко­номикалық қайтарымын арт­тырып қана қоймай, елдің технологиялық тәуелсіздігін де қамтамасыз етеді.

Еліміз де осы жолды таңдады. Кейін­гі жылдары ғылым мен өндіріс­тің байланысын күшей­ту­ге, ғылыми нәтижелерді ком­­мерцияландыруға, тех­но­ло­гия­лық кәсіпкерлікті дамы­туға бағытталған жүйелі реформалар жүзеге асырылып жатыр. Университеттердің миссиясы да кеңейді. Олар енді тек білікті маман даярлайтын білім ордасы ғана емес, жаңа технологияларды дүниеге әкелетін ғылыми-инженерлік орталыққа айналып келеді.

Бұл бағыттағы жұмыстарға Ғылым және жоғары білім ми­нистрі Саясат Нұрбек те ерекше назар аударады. «Technopark Stroytech» ғылы­ми-техно­логиялық паркі­нің құрылыс жұмысы бастал­ған кезеңде арнайы келіп, нысан­ның жүзеге асу барысымен та­нысқан министр университет ғылы­мының нақты өндіріспен ұштасуының маңызын атап өткен еді. Оның айтуынша, ғылымның басты нәтижесі – зертханаларда туған идеялардың экономика игілігіне айналуы. Бүгінде «Technopark Stroytech» алаңында жүзеге асқан жобалар осы мемлекеттік ұстанымның айқын нәтижесін көрсетіп отыр.

Осы бағыттағы нәтижелердің бірі – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жанынан құрылған «Technopark Stroytech» ғылыми-технологиялық паркі. Бұл орталықта ғылыми зерттеулер тәжірибелік-конструкторлық жұ­мыстармен, өндірістік кәсіпорындармен өзара ықпал­дас­тықта жүргізіледі. Соның нә­ти­жесінде зертханаларда дү­ниеге келген ғылыми идеялар тәжірибелік сынақтардан өтіп, өнеркәсіптік технологияға айналып, нарыққа жол тартады. Басқаша айтқанда, мұнда ғылым мен өндірістің арасындағы алшақ­тық жойылып, ғылыми нәти­желер экономикалық құн­ды­лыққа айналып жатыр.

Соның жарқын мысалы – ғылыми зерттеулер нәтижесінде әзірленіп, өнеркәсіптік өндіріске енгізілген «Diatomite» құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру техно­логиясы. Жоба бірнеше жылға созылған ғылыми ізденіс­тердің, инженерлік шешім­дердің және өндірістік сынақ­тар­дың нәтижесінде жүзеге асты. Ғалымдар құрылыс материал­да­рының жаңа буынын жасауға арналған ғылыми негіздерді қалыптастырып, зертханалық тәжірибені өндірістік технология деңгейіне дейін жеткізді. Осы­лайша, ғылыми идея толық­қанды өндірістік жобаға айналды.

Оның маңызды ерекшелігінің бірі – өнім құрамының шамамен 95 пайызы елімізде өндірі­летін минералдық шикі­зат­тан тұрады. Сонымен қа­тар жекелеген рецептураларда тау-кен өндірісінің ми­нерал­дық қалдықтары қай­та өңделіп, екінші реттік шикізат ретін­де пайдаланылады. Мұның өзі табиғи ресурстарды тиімді пай­да­лануға, өндірістік қалдық­тар­ды азайтуға, импорт­қа тәуелді­лікті төмендетуге, жасыл экономика қағидаттарын да­мытуға мүмкіндік береді.

Ғылыми әзірлеменің өмір­шең­дігі өндірістік тәжіри­беде де дәлелденді. Алғашқы кезеңде өнімдер еліміздің жетекші құрылыс компанияларының бірі – «BI Group» компаниясының «BuildEx Training Center» базасында кешенді сынақтан өтті. Кейін Алматы қаласындағы тұр­ғын үй құрылысы нысандарында қолданылып, материал­дар­дың сапасы мен техноло­гия­лық көрсеткіштері жоғары бағаланды.

Бұл өнімдерге басқа да ірі құрылыс компаниялары қызығу­шы­лық танытып отыр. «Integra Construction KZ» компаниясы оларды Қазақстан мен Қырғыз Республикасындағы құрылыс жобаларында тәжіри­белік пай­да­ланудан өткі­зіп, оң қоры­тын­ды берді. Ал Түркістан облысындағы «TAU Construction» компания­сы «Diatomite» өнімдерін өз құрылыс нысандарында тұрақты қолданып келеді.

Ғылыми әзірлеменің тиімді­лігін көрсететін жарқын мысал­дың бірі Қызылорда қала­сындағы тұрғын үй құрылысы жобасы. Бұл нысанда мың тоннадан астам «Diatomite» құрғақ құрылыс қоспалары пай­да­ланылды. Жобаны жүзеге асырып жатқан компанияның алдағы қажеттілігі шамамен 10 мың тоннаға дейін бағаланып отыр. Бұл университет зертханасында дүниеге келген ғылыми идеяның нарық сұранысына ие өнімге айналғанының айқын дәлелі.

Қазіргі таңда «Diatomite» өнімдері Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларының құ­ры­лыс материалдары нары­ғын­да сатылып келеді. Өнім­дер толық сертификаттаудан өтіп, патентпен қорғалған. Қазір өндіріс көлемін ұлғайту, өнім желісін кеңейту және технологияны еліміздің басқа өңірлеріне енгізу бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

«Technopark Stroytech» тә­жіри­бесі ел ғылымының дамуын­­­дағы жаңа үрдісті ай­қын көр­сетеді. Мұнда ғы­лыми зерттеулер мақа­лалар мен есеп­тердің аясында қалып қоймай, жаңа өндірістердің іске қосылуына, импортты ал­мас­­тыратын өнім­дер­дің шы­ғарылуына, жаңа жұмыс орын­да­рының ашылуына және ұлт­тық экономиканың дамуына үлес қосып отыр.

«Diatomite» жобасы бір ғана ғылыми ұжымның немесе жекелеген кәсіпорынның жетіс­тігі емес. Бұл елімізде ғылым­ды коммерцияландыруға бағыт­талған мемлекеттік саясаттың нәтижесі. Сәтбаев университеті жа­нын­дағы «Technopark Stroytech» алаңында жүзеге ас­қан бұл жоба зертханадан бас­­талған ғылыми ойдың өн­діріс­тік технологияға, ал инно­вация­лық технологияның ұлт­тық өнімге айнала алатынын айғақтайтын нақты тәжірибе. Мұндай жобалар көбейген са­йын ғылымның қоғамдағы беделі артып қана қоймай, еліміздің технологиялық тәуелсіздігі мен экономикалық бәсекеге қабілет­тілігін нығайтатын жаңа даму моделіне берік негіз қаланады.

Руслан НҰРЛЫБАЕВ,

Сәтбаев университетінің профессор-зерттеушісі, PhD

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:94
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 19:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары