Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

Ауқымды фестиваль өтеді

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгінде автокөлік өнеркәсібі ел экономикасының маңызды қозғаушы күшіне айналды. Бір кездері сырттан келетін көлікке тәуелді болған нарық қазір өз өндірісін ұлғайтып, жаңа технологияларды игере бастады. Осы тұрғыда саланың жүріп өткен жолын және қай бағытта дамитынын саралау маңызды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: istockphoto.com

Қалыптасу кезеңі

Отандық автокөлік өндірісі 2003 жылдан бастау алады. Сол жылы елімізде алғаш рет «Нива» құрастырылды. Алғашқы бес жылда «Азия Авто» зауыты жылына орта есеппен 3,4 мың көлік өндірді. 2010 жылдан бастап сала жедел индустрияландыру бағдарламасының аясында қарқынды дами бастады.

Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, 2010-2014 жылдары өндіріс көлемі 11,4 есе ұлғайған. Бұған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ықпал еткен. Осы Қостанай облысы өндіріс картасына қосылып, жеңіл автокөліктердің 15%-ы осы өңірде шығарылды. Үкімет жергіліктендіру деңгейін 30%-ға дейін жеткізуге бағытталған шаралар қабылдады. Соған қарамастан, нарықта импорттың үлесі басым күйінде қалды.

«2014 жылы 2010 жылмен салыстырғанда импортталған автокөліктер саны 5,8 есе артты. Бұған көлік саласындағы кәсіпорындардың негізгі құралдарының тозу деңгейінің жоғары болуы (40%-ға дейін), сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар қуатының төмендігі себеп болуы мүмкін», дейді институт сарапшылары.

Индустрияландыру бағдарламасының 2015-2019 жылдарға арналған кезеңінде автокөлік өндірісі қайтадан басым бағытқа енді. Жылына 200 мың көлік шығару мен жергіліктендіруді 50%-ға жеткізу міндеті қойылды. Алайда қаржы нарығындағы өзгерістер бұл межеге жетуге кедергі келтірді.

«2014-2015 жылдары рубль құнсызданып, ресейлік көліктерге сұраныс артты. Соның әсерінен 2015 жылы өндіріс 3 есе төмендеді. Жыл басындағы сатылым да өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 40,4%-ға құлдырады. Осыдан кейін саланы қолдау мақсатында жеңілдетілген несие, 4%-дық лизинг, утильалым енгізу және ҚҚС-тан босату шаралары қолға алынды», дейді сарапшылар.

Сол кездегі статистика аталған шаралардың оң нәтиже бергенін көрсетіп отыр. Мәселен, 2019 жылы 2014 жылмен салыстырғанда импорттық көліктер 73,6% азайған, ал өндіріс көлемі 21,7% өсіп, 44 мың автокөлікке жеткен.

Автоөнеркәсіп өрісі

Индустрияландыру бағдарламасының үшінші кезеңінде мемлекет қаржылай құралдар арқылы қолдау көрсетті. Негізгі міндет – автокомпоненттер өндірісін дамыту болды. Осы бағытта автоәйнек, қалыпталған бөлшектер, шанақ, редуктор, беріліс қорабы, дискілер мен басқа да бөліктерді шығаруға басымдық берілді. 2021 жылы отандық компаниялар 32 елден жалпы сомасы 517,1 млн долларға шанақтарды импорттаған. Импорттың жартысына жуығы көрші Ресейге тиесілі. Ішкі жану қозғалтқыштары 20 елден, шассилер 13 елден әкелінген.

Сарапшылардың мәліметінше, 2010-2021 жылдар аралығында отандық өнімдердің құндық көлемі қолданыстағы бағамен шамамен 50 есе өскен.

Бүгінгі беталыс

Дамудың даңғыл жолына түскен автоөнеркәсіп кейінгі жылдары адымын кеңейте түсті. Қазақстанның автокөлік одағының (ҚАО) дерегінше, елде 2021 жылы – 92,7 мың (+23%), 2022 жылы – 113,2 мың (+22%), 2023 жылы – 147,6 мың (+30%), 2024 жылы – 145,2 мың (-2%), 2025 жылы – 171,4 мың бірлік (+18%) автокөлік өндірілген. Былтырғы көрсеткіш – автоөнеркәсіп тарихындағы рекордтық меже. Биыл бұл көлемді 22%-ға дейін (209 мың) ұлғайту жоспарланып отыр. Нарыққа келсек, былтыр елде 234,8 мың автокөлік сатылып, көрсеткіш 15% өсті. Жалпы сатылымдағы отандық көліктердің үлесі 69%-ды құрады. Елеулі үрдістің бірі – қытайлық брендтер үлесінің артуы. Былтыр барлық сатылған жеңіл автокөліктер ішіндегі Қытай брендтерінің үлесі 39%-ды құрады. 2020 жылы 2 мың Қытай бренді сатылса, былтыр ол 85,6 мың бірлікке жеткен. Бүгінде автокөлік өнеркәсібінде 11,6 мың адам еңбек етеді. Бір жылда жұмыс орындары 62% өсіп, саланың жұмыспен қамтудағы рөлі күшейді.

Қазір елде 11 кәсіпорын автокөлік құралдарын өндіреді. Атап айтқанда, олар: Орал қаласындағы UARM, Қостанайдағы KIA, Allur, Көкшетаудағы Камаз-Инжиниринг, Астанадағы Orbis Machinery, Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan, Hyundai Trans Kazakhstan, Hyundai Trans Almaty, Семейдегі SemAZ, Daewoo bus, Саран қаласындағы QazTehna. Енді Алматы қаласында Orbis Auto жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Айта кетейік, елімізде шиналар, аккумуляторлар, мультимедиялық жүйелер, орындықтар, резеңке кілемшелер өндіріледі.

Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады

Жыл басындағы көрсеткіш өсімнің сақталғанын дәлелдеп отыр. Қаңтар мен ақпан айларында 27,6 мың жаңа жеңіл және коммерциялық автокөлік сатылған. Бұл туралы ҚАО президенті Анар Мақашева мәлімдеді.

«Ақпан айындағы төмендеуге қарамастан, алғашқы екі айдағы қорытынды елдегі жаңа автокөліктер нарығы оң қарқынды сақтап отырғанын растады. Айта кету керек, ақпандағы ең танымал ондыққа кірген барлық модельдер ел аумағында өндіріледі. Бұл – азаматтарымыздың отандық автоөнеркәсіп өнімдеріне деген сенімінің жоғары екенінің дәлелі», дейді А. Мақашева.

Сонымен қатар қаңтар-ақпан айларында елімізде жаңа энергия көздерін пайдаланатын (NEV) 708 жеңіл автокөлік сатылып, өткен жылмен салыстырғанда 4,2 есе артқан.

ҚАО мәліметіне сүйенсек, ақпан айындағы дерек бойынша елде 5,89 млн жеңіл автокөлік бар. Оның ішінде 3 жылға дейінгі көліктер үлесі – 6,8% ғана, ал 20 жылдан жоғарылар – 41,5%. Байқағандай, азаматтардың көбі ескі көлікті тізгіндеп жүр. Сол себепті автоиндустрияның маңызды міндетінің бірі – автопаркті жаңарту болып отыр.

Даму бағдары

Сарапшылар автоөнеркәсіптің алдағы даму бағытын әр қырынан бағалайды. Олардың пікірінше, сала біртіндеп жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өндіріс құрылымы күрделеніп келеді. Автонарықты бақылау және талдау агенттігінің бас директоры Артур Мискарян жаңғыру үдерісінің әлдеқашан басталып кеткенін жеткізді.

«Елдегі кәсіпорындар біраз уақыттан бері жеңіл автокөліктердің шанағын дәнекерлеу мен бояу кезеңінде жұмыс істеп келеді. Ауыл шаруашылығы техникасы, жүк көліктері мен автобустар сегментінде өзіміздің мамандардың инженерлік шешімдері енгізіліп, біртіндеп қалыптау операциялары игеріліп жатыр. Сонымен қатар әртүрлі өңірлерде орналасқан кластерлерде автокомпоненттер өндірісі дамып келеді. Яғни, сала жұмысы тек ірі торапты құрастырумен ғана шектелмейді», дейді А. Мискарян.

Сонымен қатар ол ілгерілеуде іркіліс тудырмайтын, алайда алдағы уақытта шешімін табуы керек бірнеше мәселеге тоқталды.

«Салада кадр тапшылығы байқалады. Әсіресе техникалық және инженерлік мамандар жетіспейді. Бұдан бөлек, саланың үйлесімді дамуы үшін отандық өнімнің көршілес елдердің нарығына шығуына жол ашу маңызды. Бұл бағытта мемлекеттік органдар тарапынан жүйелі әрі қарқынды жұмыс қажет», деді сарапшы.

Ал автосарапшы Арсен Шакуовтың пайымдауынша, автоөнеркәсіп бүгінде жаңа жаңғыру кезеңіне қадам басты. Ашып айтсақ, қарапайым құрастырудан біртіндеп толыққанды өндіріс кезеңіне өтіп келеді.

«Былтыр ғана қос зауыт іске қосылып, оның базасында өзге де маркалар шығарыла бастады. Бұл толық циклді өндіріске аяқ бастық деген сөз. Қостанайдағы зауыт толық инвестиция негізінде ашылды. Осыларды ескерсек, еліміз жақын болашақта өз автокөлік брендін жасауға жақындай түседі», дейді А. Шакуов.

Оның пікірінше, қазір саланы тежеп отырған нақты кедергілер жоқ деуге болады.

«Әлемдік автоөнеркәсіп пандемиядан кейін толық қалпына келе қойған жоқ, дегенмен елімізде бұл сала тұрақты дамып келеді. Мемлекет тарапынан қолдау бар, инвесторлар тартылып жатыр. Еліміздің географиялық орналасуы да тиімді, сондықтан ол логистикалық тұрғыдан тартымды алаң саналады. Қазір басты міндет – өндірісті арттырып, экспортты күшейту», дейді А. Шакуов.

Тағы бір маңызды сұрақ – ұлттық автокөлік бренді қалыптасуы мүмкін бе? Артур Мискарянның сөзінше, бұл әбден мүмкін, оған қажетті техникалық алғышарттар бар.

«Қазірдің өзінде бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр. Шетелдік технологиялық серіктестер, елдегі реттеуші органдар және ықтимал өндірістік қатысушылар арасында тиісті келіссөздер жүргізіліп жатқаны белгілі», деп жауап берді сарапшы.

Арсен Шакуов болса, қазіргі өндірістік және логистикалық база болашақта ұлттық брендтің қалыптасуына негіз бола алатынын айтады.

«Мысалы, Малайзиядағы Proton бренді бастапқыда шетелдік технологияларға сүйеніп дамыды. Сол сияқты елімізде де халықаралық брендтердің өндірістік алаңдары негізінде болашақта қазақстандық атаумен жаңа автокөлік шығару ықтималдығы бар. Әсіресе электрлі көліктер дәуірінде бұл мүмкіндік арта түседі», деді А. Шакуов.

Сарапшылар сала алдағы жылдары тұрақты өсімін сақтап, біртіндеп жаңа сапалық деңгейге өтетінін айтып отыр. Қысқа мерзімде түбегейлі өзгерістер болмағанымен, өндіріс пен экспорттың артуы ұзақ мерзімді дамуға негіз қалайды.

Қазақстанда көлікті сақтандыру нарығы соңғы 10 жылда алты есе өсті

Қорыта айтқанда, автоөнеркәсіп қысқа уақыт ішінде қарапайым құрастырудан өндірістік тізбегі күрделенген әлеуетті салаға айналды. Ендігі міндеттер жүйелі жүзеге асса, еліміз ішкі сұраныспен шектелмей, өңірлік нарықта бәсекеге қабілетті ойыншы ретінде орнығады.

Соңғы жаңалықтар

Автоөнеркәсіп: құрастырудан толық өндіріске дейінгі жол

Өндіріс • Бүгін, 15:38

«The National Interest» журналында Президенттің жаңа Конституцияға қатысты мақаласы жарияланды

Ата заң • Бүгін, 15:36

«Бағанашыл» балалар үйінің бірнеше корпусы сүріліп жатыр: Алматы әкімдігі себебін түсіндірді

Алматы • Бүгін, 15:30

Атырауда масаларға қарсы күреске дрондар тартылады: Бюджеттен 200 млн теңге бөлінді

Экология • Бүгін, 15:22

Саясат Нұрбек: «Болашақ» түлектерінің үштен бірі АҚШ-қа виза ала алмай жүр

Білім • Бүгін, 15:02

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Қылмыс • Бүгін, 15:00

Денсаулық сақтау саласындағы серпін: Елімізде нәресте өлімі айтарлықтай төмендеді

Медицина • Бүгін, 14:48

Turkiye Open-2026: Таеквондодан Қазақстан әйелдер құрамасы бес медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 14:39

Таяу Шығыстан Қазақстанға: Студенттерден оқу ауыстыру бойынша 500-ден астам сұраныс түсті

Білім • Бүгін, 14:34

Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Әлем • Бүгін, 14:20

Жетісу облысында тағы да жер сілкінді

Оқиға • Бүгін, 14:02

Астанада жұмыс табу жеңілдейді: Мансап орталығы үш жерде ашылды

Елорда • Бүгін, 13:51

Елімізде қанша ғылыми зертхана жұмыс істеп тұр?

Ғылым • Бүгін, 13:42

Toyota Land Cruiser алып беремін: Алаяқ елордалық тұрғынның 20 млн теңгесін алып кеткен

Заң • Бүгін, 13:24

Пойыздардың қозғалысын реттеу үшін Starlink спутниктік жүйесі қолданылады

Технология • Бүгін, 13:10

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:154
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Наурыз 2026 16:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Менің жүрегім ондайға дауаламады... : Өмірқұл Айниязов екінші әйел алуға қатысты ойын айтты (видео)

13 Тамыз 2026 22:53see142

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see118

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see115

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see114

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see112

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see112

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see112

Пәкістан премьер министрі Шахбаз Шариф Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

14 Тамыз 2026 10:09see110

Велоспорттан әлем чемпионаты: Алматыда көлік қозғалысына өзгерістер енгізіледі

13 Тамыз 2026 22:24see110

Бүгін Жауынгерлік даярлық маманы күні

14 Тамыз 2026 11:36see110

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see110

Жастардың 80% ға жуығы баланы дүниеге әкелуді алдын ала жоспарлау қажет деп санайды

13 Тамыз 2026 17:41see109

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see109

Құрылтай сайлауы 2026: теледебатта көрермен даусының аралық нәтижесі белгілі болды

12 Тамыз 2026 21:59see108

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see108

Энергетика министрлігі Қазақстанда жаппай жарықтың өшуіне байланысты мәлімдеме жасады

14 Тамыз 2026 17:56see107

Мемлекеттік сатып алуды камералдық бақылау: не өзгерді

14 Тамыз 2026 09:15see107

Қазақстанда бензин бағасы қалай қалыптасады және оған мұнай құны әсер ете ме?

14 Тамыз 2026 08:38see107

Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

13 Тамыз 2026 23:17see106

ШҚО да түрмедегі досын туған күнімен ерекше құттықтамақ болған азаматтың басы бәлеге қалды

13 Тамыз 2026 19:19see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары