Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

Медеуде мұз, трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылады жобаның егжей тегжейі

Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қайғылы оқиға: қазақстандық бойжеткен зардап шекті

Рафаэль Уразбахтин: Левскиді құрметтейміз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз

ҚХП: Кәсіподақтар қоғамға жік салмай, жұмысшылардың құқығын қорғауы керек

Атырау 2040 жылға дейін қалай өзгереді?

Өрмекші адам рекорд орнатты

Respublica партиясының басшылығы халықаралық байқаушылармен кездесті

Жеңіл атлетикадан АҚШ та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

Шағын кемелер тексерістен өтеді

Сауда министрлігі бағаның өсуіне не себеп болғанын түсіндірді

Шығыс Қазақстанда жаңадан келген сотталушыдан ақша бопсалағандардың жаза мерзімі ұзартылды

Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды: қанша қазақстандық бостандыққа шықты

Мерзімінен бұрын өтеу: қарыз алушылар нені білуі керек?

Шыңдалған еңбек: балқытушыдан басшылыққа дейінгі жол

Шыңдалған еңбек: балқытушыдан басшылыққа дейінгі жол

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Темір балқытып, от үрлеп тұрған алып пештердің бет қаритын ыстығы, жүздеген адамның үйлесіммен қозғалуы, жылдар бойы бір сәтке тоқтамай жүріп тұрған күрделі механизм… Мұнда адамның еңбек жолы мен өндірістің тағдыры егіз ұғым екені анық сезіледі. Дәл зауыт директоры Ержан Абдулабековтің еңбек жолы мен Ақтөбе ферроқорытпа зауытының қатар даму жолы сияқты.

Шындығында, біз зауыт басшысы Ержан Абду­ла­бековпен кездесуді ұзақ күттік. Бірақ сол аралықта кейіпкерімізді әлеуметтік желіде бақылай оты­рып оның тек басшы емес, сан қыр­лы маман екенін аңғардық. Күн тәртібі мен өмірдің барлық са­ласындағы белсенділігіне қа­рап, бізге бөлген бір сағат уақытқа бә­рін сыйдыруға тырыстық. Ержан Абдулабековпен әңгімеміз дәл уақытында басталып, тура бір са­ғатқа созылғаны оның өн­діріс­тегі және өмірдегі ұстанымы те­мір­дей тәртіп пен нақты жоспарға не­гізделгенін тағы бір мәрте дә­лел­деп бергендей болды.

Балқытушыдан  зауыт басшы­сы­на дейінгі ең­бек жолы – бір ға­­на адамның тағ­дыры емес, тұтас өн­дірістің қа­лай өзгеріп, жаңа­рып, өр­­кен­деп келе жатқанының ай­ға­ғы. Ер­жан Абдулабеков әңгі­ме­сін әл­қисса деп өндіріске ал­ғаш кел­­ген сәтінен бастады.

«Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңір­лік университетін бітіріп, 2001 жылы ERG құрамындағы Ақ­төбе ферроқорытпа зауы­ты­ның 1-цехына балқытушы болып жұ­мысқа кірдім», – деп есіне ал­ды ол өндіріс саласына жасаған ал­ғашқы қадамын.

Бұл жас металлургтің алғашқы жұ­мыс орны және Қазақстандағы қа­ра металлургия өнеркәсібінің тұң­ғыш зауыты еді. Содан бері ара­да ширек ғасыр өтті. Бір кә­сіпорында 20 жылдан астам уақыт жұ­мыс істеу – тұрақты даму ст­ра­те­гиясы. Алайда зауыт басшысы мұ­ны «өндіріс саласындағы қа­лып­ты құбылыс» дейді.

«Бір мекемеде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеу жалпы метал­лур­гия үшін қаншалықты қалып­ты екенін нақты айта алмаймын, бір­ақ біздің зауыт үшін сирек кез­десетін құбылыс емес. 30-40 жыл осында қызмет етіп, зей­нет­ке шыққан тұлғалар қаншама?! Ұзақ жылдар бірге жұмыс істеген әріп­тестерімізді зейнетке осы зауыт­тан салтанатты түрде шыға­рып салып жатамыз. Сондықтан бұл біз үшін үйреншікті жағдай», – деген ол өзі алғашында зауытқа ұзақмерзімді жоспармен келмегенін айтты. Алайда зауытпен бірге дамып, бол­мысы да осы отта темірдей тәр­тіпке үйреніп, шыңдала түс­кенін де тілге тиек етті.

Ол кезде ферроқорытпа зауы­ты тек жұмыс орны емес, ертеңге деген үміттің символы болатын. Университетте оқып жү­ріп-ақ зауыт­тың шаңын жұтып, өндіріс­тің температурасын сезген кейіп­керіміздің болашақ кәсіби тағ­дырын өндірістік тәжірибе анық­тап берген екен. Техникалық мамандыққа деген қызығу­шы­лық, есепке жүйріктігі, инженер­лік ойлау қабілеті оны металлур­гия­­ның нағыз ортасына алып кел­­ді.

«Басында екі жыл жұмыс іс­теп кетемін деп ойлағанмын», – дейді ол күліп. Бірақ өндіріс адам­­­­ды оңай жібере бермейді. Бір пештің жанында мыңдаған тонна ши­кізаттан қалай металл туатынын көру – кез келген адамды қы­зық­тырмай қоймайтын процесс. Кейіп­керіміз де сол құбылыстың бір бөлшегіне айналған адам. Өзі осы процестің бір бөлшегіне ай­на­лып қана қоймай, жас маман­дар­ды өндіріс процесімен таныс­ты­рып, кәсіби мамандар дайын­­­­дайтын нұсқаушыға айнал­ған жан.

«Өзім түлеп ұшқан уни­вер­си­тетпен, кафедрамен байланы­сы­мыз үзілген емес. Жыл сайын тү­­­­лектер салтанатты түрде дип­лом алғанда барамыз, жиі жиналыс өткізіп тұрамыз. Зауытқа қажет ма­мандықтар туралы ақпарат бе­ріп отырамыз. Тәжірибеден өткісі келетін жастарға есігіміз ашық. Соның арқасында әзірге кадр тапшылығы жоқ. Оның үстіне, биыл Жұмысшылар жылы болып жарияланды. Біз атқарып жүрген жұмыстың маңызы насихаттала бастады», – деп марқайып қалды кейіпкеріміз.

Жергілікті университет негізгі кадр тапшылы­ғын қамтамасыз етіп отырға­ны­мен, кейбір сирек мамандарға әлі де болса сұраныс бар. Ержан Аб­­дулабеков университет бас­шы­лы­ғымен келісіп, кейде тіпті оқу процесіне тікелей араласып, сту­денттер жұмыс орнына қажет дағ­­дыларды меңгеріп шығуы үшін арнайы дәрістер мен та­қы­рып қосуға ұсыныс білдіреді екен. Дуалды оқытуға шақырып, өн­дірістің ғылыми базасын қа­лып­тастыруға да үлес қосып жүр.

Ержан Абдулабековтің ай­туын­ша, зауытта уақыт бас­қаша өтеді. Біреу үшін бір жыл – ұзақ мерз­ім, ал өндіріс үшін бұл небәрі бір мау­сым. Біреу үшін бес жыл – үлкен еңбек өтілі, ал мұнда 20, 30, 40 жыл жұмыс істеу қалыпты нәрсе. Зауыттың өзі 82 жылдық тари­хын­да рекордтық көрсеткішке қол жеткізген зейнеттегі қария сияқты. Ержан Абдулабеков осы атмосферада шыңдалды. Пештің жанында күн-түн демей жұмыс іс­теп, бірде техниканың «мінезін» үйретіп, бірде жұмысшылардың қауіпсіздігін қадағалап, бірде процесті жаңа деңгейге көтеруге ат­салысты. Сол тәжірибе кейін оны бөлім басшылығы мен цех бас­шылығына алып келді. Ол 2023 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры болып тағайындалды. Бұл лауазым жай ғана кабинет ауыстыру емес, бүкіл жауапкершілікті өзіне алу де­ген сөз еді.

Кейінгі жылдары зауыттың тынысы бұрынғыдан жиі соғатын болды. Қуат артып, авто­маттандыру күшейіп, өндірістік тәртіп жаңа деңгейге шықты. Осы­ның арқасында зауыт тари­хын­да бұрын-соңды болмаған көр­сеткіш тіркелді.

«Былтыр Ақтөбе ферроқорыт­па зауыты 82 жылдық тарихында­ғы ең жоғары өндіріс көлеміне жет­ті. Биыл бұл межені тағы да жаңар­ту жоспарда бар. Егер бар­лығы жоспарланғандай жүрсе, жыл соңына дейін былтырғыдан 25 мың тонна өнім артық шы­ғара­тын боламыз», – дейді зауыт директоры. Оның айтуынша, бұл кездейсоқ жетістік емес, модер­низацияның, жаңа технология­лар­дың, жүздеген адамның үйле­сім­ді жұмысының нәтижесі.

Зауыт басшысы мұны қара­пайым тілде былай түсіндірді: «Біз­де бірде-бір пеш артық жұ­мыс істемейді, бірде-бір қадам бе­кер жасалмайды. Бәрі матема­ти­калық дәлдікпен орындалады».

Ширек ғасыр зауытпен бірге да­мып келе жатқан ол жетістіктің сы­ры ретінде екі факторды атап өт­ті. Алғашқысы тұрақты – даму стра­тегиясы болса, екіншісі алып зауыттың жүрегі саналатын төр­тінші цех. 10 жыл бұрын іске қо­сыл­ған бұл нысан зауыттың қуа­тын екі есеге арттырып, өндіріс мә­дениетіне жаңа бетбұрыс әкел­ген. 2024 жылы ол ресми түрде рекорд жаңартқан цех ретінде бел­гіленді. Бұл тек инженерлік же­тістік емес, жаңа ұрпақ метал­лургтерін тәрбиелейтін үлкен мек­тепке айналды. 

Зауыт директорының ай­туын­ша, өндірісте кейінгі жылдардағы жаңа технологиялар жиі қолданылады. Жүйені толық автоматтандыруға отандық ма­ман­дарымыз атсалысқан.

«Жаңа жүйе енгізу үшін кө­біне шетелдік мердігерлерді ша­қыр­маймыз. Мамандарымызды оқытып, дамытып, технологияны өзіміз игеруге тырысамыз», – дей­­ді ол. Мысалы, студенттердің бі­рі пештің толық 3D моделін құ­рас­тырған. Бұл – зауыттың бо­ла­шақтағы «ақылды өндіріс» жүйе­­сіне көшуінің алғашқы қадамы.

Металлургия – қызық сала. Бір қа­рағанда, бәрі тұрақты, бәрі үй­реншікті. Бірақ оның әр секун­дын­да қауіп бар: жоғары темпе­ратура, балқыған металл, электр қуаты, ауыр техника… Сондықтан бұл жерде қауіпсіздік мәдениеті – жай ереже емес, өмір сүру салты.

Ержан Абдулабеков – зауыт директоры, өндіріс басшысы ғана емес, мәслихат депутаты, қоғам­дық шараларға белсенді қатыса­тын қайраткер. Ол зауыт орналас­қан аймақтағы тұрғындардың эко­­логия мен қауіпсіздікке қа­тыс­­ты алаңын жақсы түсінеді. «Қор­­шаған ортаға жүктемені азайту мәселесі жергілікті халық үшін әрдайым маңызды. Біздің басты міндетіміз – жұмыс­шы­лар­дың қауіпсіздігі мен экологияны сақтау», – дейді ол.

Директор кез келген зауыт қауіпті өндіріс орны саналатынын жақсы түсінеді. Бірақ жылдар бойы жүргізілген жұмыстар нәти­же­сінде қауіп айтарлықтай тө­мен­дегенін алға тартады.

«Зауытта Safe Start, НҚБ (не­гізгі қатерлерді бақылау) сияқты пилоттық жобалар мен оқыту бағ­дарламалары жүргі­зі­леді. Жұмысшыларға қауіпсіздігін қа­лай қамтамасыз ету керегі, әріп­тестеріне де жауап­керші­лік­пен, жанашырлықпен қарау қа­же­ті түсіндіріледі. Машинист үй­­дегі мәселелерін ойлап, жұ­мыс­­­қа назар аудармаса, өзіне ға­на емес, айналасында жүрген адам­дарға да қауіп төндіруі мүм­кін», – дейді ол.

Экология мәселесі де бас­шы­ның назарында. «Кез кел­ген металлургиялық зауыт экологияға әсер етеді, бірақ бұл заң­­мен белгіленген шектерден ас­пауға тиіс», – дейді ол.

Ержан Абдулабеков зауыттың қаланың төңірегінде орналас­қа­нын ескеріп, заманауи талаптарға сай жұмыстар жүргізіп жатқа­нын атап өтті. Пештер мен газ та­­­залау жүйелері жаңартылып, шы­ғатын газдар заманауи стан­дарттарға сәйкес тазаланады. Қо­қыстар шикізат ретінде қайта өң­деліп, өндірісте тиімді пайда­ла­нылады.

Сонымен қатар Ержан Абду­ла­беков қоғаммен ашық диалог орнатуға да көңіл бөледі. «Жыл сайын экологиялық есеп беріп, қа­ла тұрғындары мен журна­лис­терге көрсетеміз. Кімге қызық бол­­са, сол қарап, пікірі мен ойын, ұсынысын айта алады», – дей­ді ол. Қоғаммен байланыс ор­нату зауыт жұмысын жақсар­туға да ықпал етеді, себебі тұр­ғын­­дардың ұсыныс-сұрағы ескеріледі.

Осылайша, Ержан Абдулабе­ков­тің басқаруында зауыт тек өнім өндірумен шектелмей, қыз­мет­керлердің қауіпсіздігін қам­та­масыз етуге, экологияны қорғауға және қоғаммен белсенді қарым-қатынас орнатуға бағытталған. «Өмірде идеал еш нәрсе жоқ, бірақ біз әрдайым қазіргіден жақ­сырақ болуға ұмтыламыз», – деп қорытындылады әңгімесін. 

Ал бұл әңгімеден түйге­ні­міз: металл да, адам да уақыт­пен, еңбекпен, қиындықпен шың­далады. Ақтөбе ферроқорыт­па зауыты қазір жаңа рекордтарды бағындырып жатыр. Сол жетіс­тік­­­тің артында жұмысын шын сүйетін, зауытпен бірге өсіп, бірге өзгерген адамдар тұр. Ержан Абдула­беков – солардың бірі.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 09:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекетке қайтарылған жер ауылдың мұқтаж тұрғындарына бұйырмай тұр

04 Тамыз 2026 08:08see124

ЕАЭО мен Өзбекстан қазан айынан бастап кедендегі жүктер туралы ақпарат алмасады

04 Тамыз 2026 08:56see118

Аршалы тұрғындары Астананы сумен қамтып отырған өзенге кәріз суы төгіліп жатқанын мәлімдеді

04 Тамыз 2026 09:02see117

Зеленский Ресей, Украина және Беларусь компанияларына қарсы санкциялар енгізді

04 Тамыз 2026 10:13see116

Елімізде шикізаттық емес тауарлардың экспорты қанша пайызға өсті?

04 Тамыз 2026 13:20see115

Қаржы тазалығы мемлекет қауіпсіздігінің жаңа өлшемі

04 Тамыз 2026 07:01see115

Жолаушылар Нұрлы жол вокзалындағы аптап ыстыққа шағымданды ҚТЖ мәселені мойындады

03 Тамыз 2026 17:34see115

Медеуде мұз, трибуналар мен киім ауыстыратын бөлмелер жаңартылады жобаның егжей тегжейі

04 Тамыз 2026 16:32see115

Солтүстік Кипрдегі супермаркетте қайғылы оқиға: қазақстандық бойжеткен зардап шекті

04 Тамыз 2026 16:48see111

Рафаэль Уразбахтин: Левскиді құрметтейміз, бірақ ешкімнен қорықпаймыз

04 Тамыз 2026 17:05see110

ҚХП: Кәсіподақтар қоғамға жік салмай, жұмысшылардың құқығын қорғауы керек

04 Тамыз 2026 18:04see110

Атырау 2040 жылға дейін қалай өзгереді?

04 Тамыз 2026 14:08see109

Өрмекші адам рекорд орнатты

04 Тамыз 2026 03:53see109

Respublica партиясының басшылығы халықаралық байқаушылармен кездесті

04 Тамыз 2026 22:27see108

Жеңіл атлетикадан АҚШ та өтетін U20 әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

04 Тамыз 2026 20:52see108

Шағын кемелер тексерістен өтеді

04 Тамыз 2026 08:08see108

Сауда министрлігі бағаның өсуіне не себеп болғанын түсіндірді

04 Тамыз 2026 22:01see108

Шығыс Қазақстанда жаңадан келген сотталушыдан ақша бопсалағандардың жаза мерзімі ұзартылды

05 Тамыз 2026 13:08see107

Рақымшылық автоматты түрде қолданылмайды: қанша қазақстандық бостандыққа шықты

05 Тамыз 2026 12:17see107

Мерзімінен бұрын өтеу: қарыз алушылар нені білуі керек?

04 Тамыз 2026 12:45see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары