Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Шойын жолда шыңдалған шебер

Шойын жолда шыңдалған шебер

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сатыбалды Аманжолұлы­ның тағдыры теміржолмен ты­ғыз байланысты. Әкесі Аманжол Тастанов ақсақал кезін­де темір­жол бригадирі болып 40 жыл тапжылмай еңбек етіп, маңдай терінің өтеуі ретінде «Құрметті теміржолшы» атан­ды. Ал анасы Қарлығаш Рахымқызы – он баланы дүниеге әкелген «Алтын алқа» иегері. Сонымен бірге жол жөндеуші болып еңбек етіп, зейнетке шыққан батыр ана.

Осындай еңбекқор ортада өскен Сатыбалды 1987 жылы Ақадыр теміржол дистанция­сында еңбек жолын бастады. Отан алдындағы борышын шекара шебінде абыроймен өтеп келгеннен кейін де, ол басқа салаға бет бұрған жоқ. Әке жолын қуып, өмірін осы саламен байланыстырды.

Сатыбалды Аманжолұлы­ның еңбек жолындағы ең елеулі кезеңнің бірі – 2014 жыл еді. Сол жылы ол Жаңаарқа дистанциясына жол шебері болып ауысып, еліміздің эко­но­микалық әлеуетін арт­тыр­ған стратегиялық нысан – «Жезқазған – Сексеуіл» темір­жол құрылысына белсене араласты.

Иен далада жаңадан жол салу – тек қажыр-қайрат пен жоғары кәсібилікті қажет ететін іс. Кейіпкеріміз осы құрылыс барысында білікті ұйымдастырушы екенін, істің көзін білетін маман екенін дәлелдеді. Бүгінде сол жолмен мыңдаған тонна жүк, миллиондаған жолаушы ары-бері ағылып жатыр. Онда білікті жол шеберінің қол­таң­басы мен маңдай тері бар.

Сатыбалды ағамыздың өне­ге­лі отбасында тәрбиелен­ген пер­зенттері де бүгінде әр салада ел игілігі жолында  еңбек етіп жүр. Ерекше тоқта­­лып өтерлігі – әулеттің темір­жол­шылық дәстүрі үшінші ұр­паққа жал­ғасты.

Кенже ұлы Әнуар бүгінде әкесі еңбек жолын бастаған қасиетті мекен – Ақадыр ШЧ-21 байланыс дистанциясында аға механик ретінде жауапты қызмет атқарады. Бұл – қара шаңырақтың шойын жолға деген адалдығының айқын көрінісі. Ал үлкен ұлы Аңсар жеке кәсіпкерлік саласында өз ісін дөңгелетіп, ел экономикасына үлес қосып келеді.

Бүгінде Сатыбалды Аманжолұлы жары Айнұрмен бір­ге ұл­дарын үйлендіріп, неме­релерінің қызығына кене­ліп отырған үлгілі отба­сы­ның тірегі. Отбасында еңбек­қорлық пен адалдық қасиет­терін берік ұстанған ерлі-зайыптылар – айналасына сыйлы шаңырақ.

Қазіргі таңда Сатыбалды Аманжолұлы ПЧ-28, ПД-28 бөлімшесінде жол жөндеуші болып еңбек етеді. Жалпы, еңбек өтілі 40 жылға жуықтады. Жолдағы қажырлы еңбек – екі­нің бірінің қолынан келе бер­мейтін ерлік.

– Теміржол саласы – менің тағдырым. Әке-шешемнің осы салаға сіңірген еңбегін кө­ріп, теміржолдың қыр-сырын бала жастан санама сіңі­ріп өстім. Сондықтан бұл іске ерте кірісіп, еңбекке ерте араластым. Бұл ата-анамның аманатын арқалау, солар салған сара жолды жал­ғас­тыру – ең абыройлы мін­детім болды. Құдайға шүкір, осы жолда төккен теріміз еш кеткен жоқ. Бүгінде ұлым Әнуар да Ақадырда байланыс сала­сының тізгінін ұстап, темір­­жолшы деген абыройлы есім­ді алып жүр. Ұлымның осы мамандықты таңдап, ізі­мізді басқаны – әулетіміздегі кәсіби сабақтастықтың үзіл­мей, ұрпақтан-ұрпаққа мақ­та­нышпен жалғасып келе жат­­қанының айқын дәлелі, – дейді кейіп­керіміз өткеніне риза­шылықпен.

Сатыбалды Аманжолұлы­ның жоғары білімі мен мол тәжірибесі бүгінде жас маман­дарға мектеп іспетті. Ол – тек өз ісінің шебері ғана емес, ұжым арасында сыйлы, сөзіне ісі сай азамат.

Білікті жол жөндеушінің теміржол саласындағы 40 жыл­дық табанды еңбегі, страте­гиялық маңызы бар жол құры­лыстарына қосқан үлкен үлесі және жас мамандарды даяр­лау­дағы қажырлылығы – оның өз ісіне деген адалдығының айқын көрінісі. Әкесі Аманжол ақсақалдан қалған «Құрметті теміржолшы» жолын жалғап, үш буын бойы осы салаға қыз­мет етіп келе жатқан әулет­тің еңбегі бүгінгі қоғамда ескерусіз қалмауға тиіс.

Шойын жолдың бойында шың­далған Сатыбалды секіл­ді майталман мамандар – сала­ның нағыз алтын қоры. Сон­дық­тан мұндай еңбек адам­дарының қадірі мен абыройы әрқашан жоға­ры бағалануы керек.

Қарағанды облысы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:78
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 20:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары