Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Адал еңбекпен шыңдалған

Адал еңбекпен шыңдалған

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Тоқсанға толған адамның жады мықты, жан-дүниесінің жасаң, жүріс-тұрысының жеңіл болу себебі неде деген сұрақты 90-ға толып отырған ширақ ағамыз Тілек Әйтімұлы Әбдірахмановқа қойған едік.

«Мен мойныма жүктелген жұмыстың бәрін ыждаһаттылықпен орындадым, ешқашан жалтарып көрген жоқпын, сол үшін жазаланып жатсам да қайтпадым. Сондықтан менің жадымның жақсы болып, сергек күйімнің сақталуы әуелі Алланың берген күш қуатының арқасы, екіншіден кез келген еңбектен дұрыс нәтиже шығаруға қайтпай кіріскенімнен деп ойлаймын», дейді ақсақал. Мұндайды кез келген адамнан ести алмайсың, жұрттың көбі керісінше ауыр еңбектің кесірінен шаршадым, шалдықтым, содан мүжілдім дегенді жиі айтады. Ал Тілек Әйтімұлының еңбектің арқасында сақталдым дегенінің өзі оның ерекше жан екенін әйгілеп тұр.

Тілек ағамызды тағдыр бала жасынан аямаған. Бүгінгі Аққайың ауданында бұрын Маңғұл деген ауыл болған. Осы ауылда дүниеге келген ол бала кезінде қызылшамен ауырып, бір көзінен айырылған. Алты жасында әкесі Әйтім соғысқа кетіп, ұзамай қара қағаз келген. Ауылдан соғысқа аттанған 47 адамнан тек екеуі ғана жараланып оралған, қалғандары қаза болған. Сегіз жасынан бала түгіл үлкеннің өзі зорға шыдайтын колхоздың қара жұмысына жегіледі. Мектеп есігін алғаш тек 9 жасында, 1944 жылы ғана ашады. Маңғұл ауылындағы төртжылдық бастауыш мектепті бітірген соң аудан орталығы Смирновтағы (тарихи атауы Дәрмен) орыс мектебінде қазақ балаларына ашылған жалғыз сыныпқа барады. Сол маңдағы қазақ ауылдарынан 5-шіге оқуға келгендер қаптап кеткенде директор орыс әйел «мен тек бір-ақ сынып ашамын» деп жүздеген қарадомалақтарды жылатып-еңіретіп үйлеріне қуады. Ал бұл болса, «әкем майдангер еді, оқығым келеді» деп жылаған. Тілектен директор орыс тілінде емтихан алады. Бірауыз орысша білмейтін, бір орысты көрмеген баланы солай қинайды. Ақыры диктантты екіге жаздың деп алмауға айналғанда бір себептен жүрегі жібіп, оқушыны кандидат етіп қана қабылдайды...

Қазақ «жасықты соға берсең кетіледі, асылды соға берсең жетіледі» дейді. Өзін бала жасынан ұра берген тағдырдың соққылары жас Тілекті жетілдіре түсіп, оның бойына қайсар мінез бен табандылық қалыптастырды. «Егоров деген тәрбиешіміз болды. Соғысқа қатысқан майдангер еді. Қатал кісі. Таңертең оятуға кейде сол келеді. Тұра қоймаған бала болса дәлізде қатып тұрған судан бір тостаған алып, жалаңаш тәнімізге құя салатын. Одан кейін қандай суық аязға да қарамай, далаға қуып шығып, қармен, мұзбен жуынуға мәжбүр ететін», дейді ағамыз сол күндерді күрсіне еске алып.

Интернатта біресе аш, біресе тоқ жүрсе де талмай еңбектенген табанды жас Смирнов мектебінің қазақ бөлімін 1954 жылы күміс медальмен бітіреді. Енді жас азаматтың алдынан даңғыл жол ашылуы керек қой. Бірақ Алматының ауыл шаруашылығы институтына түсерде мұның күміс медаль әперген аттестатына күдікпен қараған қабылдау бөліміндегі өзге ұлт өкілдері физика мен химиядан қосымша емтихан алады. Екеуінен де сүрінбей өтіп, өте жақсы баға алған соң ғана студенттер қатарына қабылдайды.

Сол жылы күзде, оқуларын үзіп, қазіргі Түркістан облысының Мақтаарал ауданына мақта теріміне әкетеді. Өмірі мақта дегеннің не екенін білмейтін студенттер өнімнің үш рет жиналатынын білмей, басындағы ұлпасымен қатар ортасындағы және түбіндегі өскінімен жұлып, қолдарын жаралап, әбден азаптанады. Оның үстіне 225 студентті мақтаға апарған әскери кафедраның әпербақан полковнигі И.Нежданов та дікеңдеп, мақтаны барынша көп жинауды талап етеді. Күн шақырайып тұр, төбеден түскен шапақ тұла-бойды күйдіріп, мұндай ыстықты көрмеген терістіктің жасын есеңгіретіп жібереді. Ақыры күн өтіп, қан қысымы көтеріліп, мұрнынан қан толассыз ағып, Алматыда оқи алмайтын болып, туған жерге оралады.

Есін жинаған бойында жұмыс іздеп, сауда-кооператив мектебінің үш айлық курсына барып, ол жерден есепшілік мамандығын алып шығады. Сөйтіп, аудандық тұтынушылар кооперативіне бухгалтер болып орналасады. Осы қызметте Тілек Әйтімұлының ізденгіш, жаңашыл таланты оянады. Бухгалтер болу, баланс жасау – білмейтін адамға оңай жұмыс емес. Барлық кіріс пен шығыстарды арнаулы шоттарға енгізіп, дебет пен кредитті теңестіру – тек іскер адамның қолынан келетін іс. Дүниеде жүрекке ең көп салмақ түсіретін мамандық бухгалтер екенін ғалымдар да дәлелдеген. Атақты ақын В.Маяковский бухгалтерия туралы былай деген екен: «Вы бывали в бухгалтерии? Я бывал в бухгалтерии, везде цифры и цифры, и маленькие, и большие, самые разные, а под конец все друг с другом сходятся. Учет! Удивительно интересно". Ақынды таңғалдырған есеп-қисап жұрттың бәрін де таңғалдырады. Сол бухгалтерияны Тілек ағай үш айлық курстағы білімімен еркін игеріп, саланың облыстағы үздік бухгалтерлерінің қатарына қосылады.

1963 жылы Тілек Әбдірахманов ағамыз өз өмірінің мәні мен сәні, азабы мен базары болған байланыс саласына қызметке ауысады. Төрт жыл бойы аудандық байланыста түрлі қызметтер атқарған оны жаңадан ашылған Бескөл аудандық байланыс бөлімінің бастығы қызметіне тағайындайды. Облыс орталығының түбінде болғанымен он екі де бір нұсқасы жоқ жаңа қызметті құру оңай болмайды. «Кеңес одағы инфрақұрылым саласына көп көңіл бөле қоймайтын, оны артық дүние санап, мәселесі өзінен-өзі шешіледі деп санайтын. Ал ол кезде пошта мен телефон-телеграф саласын біріктірген бұл саланың проблемасы ұшан-теңіз еді. Бір жағынан газет-журналдар мен хат-хабардың уақтылы жеткізілгенін талап еткен идеологиялық билік, телефон-телеграфтың дұрыс болуын талап еткен өндірістік салалар байланыс қызметінің мінсіз болуын жан-жақтан талап етіп, жұмыс істеуге мұрша бермейтін. Барлық жаңа шығындарды тек келер бесжылдыққа жоспарлауға болғандықтан ескі дүниелермен, бұрынғы ауылдық қуатпен жұмыс істеуге тура келетін. Ал бұл әлбетте, жан-жақтан талап еткен сұраныстарды қанағаттандыра алмады. Оған техникалық мүмкіншілігіміз де, адам күші де жетпейтін еді», дейді Тілек Әйтімұлы. Бірақ жас басшы тынымсыз еңбекқорлығының, ұйымдастыру қабілетінің арқасында соның бәрін сатылап жеңіп, кәсіпорынды облыстағы үздік байланыс торабының біріне айналдырды. Алдымен бөлімшеде отырған барлық қызметкерді өздері тұратын көшелерге пошта жеткізуге көндіреді. Бір жағынан олар пошташы болуға ынталы адамдарды да іздей жүреді. Аз уақытта жаңа пошташылар да қабылданып, газет-журналдар да үйіліп жатпайтын жағдайға жетеді. Қаладағы автокәсіпорындардың бірінен ауылдық елдімекендерге пошта жеткізетін көлік алуға да обкомның көмегімен қол жеткізеді. Талай табалдырықты тоздыра жүріп, телефон байланысын да 200 нүктеге дейін көбейтеді. Осындай бастамашылығының өзі ынталандыруға ие болудың орнына қатаң сөгіспен аяқталып отырған екен.

Қызу еңбектің бел ортасында жүріп-ақ Тілек Әйтімұлы Алматы халық шаруашы­лы­ғы институтын сырттай бітіріп алады. Білімін жетілдіру үшін мамандық жетіл­діру курстарынан да қалмайды. Алған тәжіри­бе­лері мен білікті әріптестер табуының арқа­сын­да Бескөлдің байланыс торабында 1972 жылы халықаралық деңгейдегі қызметке лайықталған 2 коммутатор, бір мезетте 60 жұп байланыса алатын КНК – 60 тығыздағыш аппаратура, типті координатты 2000 номерлік АТС және т.б. озат технологиялар жұмыс істей бастайды. 1973 жылы жаңадан 775 абонент орнатылады, оның үстіне аудандағы 8 кеңшар мен 3 ұжымшар және басқа кәсіпорындар мен мекемелер, телефон орнатқан тұрғындар кеңес одағындағы кез келген абонентке телефоншының көмегінсіз байланысқа шыға алатын деңгейге жетеді. Нәтижесінде, Бескөл ауданының байланыс торабы республикалық озаттар тізіміне қосылады. Бесжылдық қорытындысы бо­йынша Т.Әбдірахмановқа КСРО Байланыс министрлігінің үздігі төсбелгісі беріледі.

Тілек Әбдірахмановтай басшы болса осы күні де газет-журналдарға халық жазылып, пошта да өз жұмысын лайықты атқарар ма еді деп ойлайсың. Ағамыздың жеңісті де жемісті еңбегіне толық тоқтауды бір мақаланың көлемі көтермейді. Ол үшін арнайы кітап жазса да болар еді. Тілек Әбдірахманов 1975 жылы облыстық байланыс басқармасы бастығының орынбасары, кейін байланыс саласы пошта мен телефон-телеграфқа бөлінгенде пошта саласының бастығы болды. Бұл қызметті ол 2000 жылға дейін атқарды.

Қай қызметті де абыроймен атқарған Т.Әбдірахманов – қазір облысымыздың құрметті азаматы. Ол жастар тәрбиесі мен қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Балалары мен немере-шөберелерінің арасында саналы ғұмыр кешіп жатқан ақсақалдың өмірі – өзгелерге де үлгі-өнеге. Ағамыздың 100 жасқа алқынбай жетуін тілейміз.

 

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:239
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Желтоқсан 2025 11:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see173

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see165

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see162

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see161

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see154

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see154

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see144

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see142

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see142

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see138

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see135

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see134

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see132

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see131

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see128

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see125

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see119

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see119

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары