Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

Трансшекаралық туристік өткел ашыла ма?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

– Өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөліп отырған­дарыңызды жоғары бағалаймыз. Шығыс Қазақстан дәстүрлі түрде елдеріміз арасындағы маңызды байланыстырушы көпір қызметін атқарып келеді. Осыған орай ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бірқатар бас­тама ұсынамыз. Ең алдымен, бірегей табиғаты бар Марқакөл мен Қанас көлдерін өзара байланыстыратын транс­шекаралық туристік өткел ашу мәселесін пысықтаудың әлеуеті зор бағыт деп санаймыз. Бұл жобаны іске асыру жаңа халықаралық туристік маршрут қалыптастыруға, шекара маңындағы аумақтардың туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді Н.Сақтағанов.

Сонымен қатар іскерлік, гумани­тарлық байланыстарды дамытудағы маңызды қадамдардың бірі «Өскемен – Үрімжі – Өскемен» бағытында тікелей әуе рейсінің ашылуы болмақ.

Чэнь Сяоцзян өз сөзінде екі ел ара­сындағы қарым-қатынастың жыл өткен сайын қарқынды дамып келе жатқанын, ортақ жобаларды бірлесе іске асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді. 2025 жылдың қорытындысында Шығыс Қазақстан облысы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы сыртқы сау­да айналымы 1,2 млрд долларға жет­кен. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары. Қытай өңірдің жалпы сыртқы сауда айналы­мындағы ең ірі серіктестердің бірі.

Өткен жылы облыстың Қытайға экспорт көлемі 963,3 млн доллар болып, 20%-ға өсті. Импорт көлемі 251,1 млн долларға жетіп, 13%-ға артты. Нәтижесінде, өңірдің сауда балансы оң көрсеткішке ие болып, 710 млн доллардан асып отыр. Қытайға экспорт­та­латын өнімдердің басым бөлігін металл, металдан жасалған бұйымдар құрай­ды. Оның үлесі жалпы экспорттың 78%-ына тең.

Ресми іссапар бағдарламасына сай, Нұрымбет Сақтағанов Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Тарбағатай округі партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэймен кездесті. Кездесуде тараптар түрлі бағыттағы екіжақты ынты­мақ­тастықты одан әрі дамыту жайын талқы­лады.

– Жылы қабылдап, қонақжайлылық танытып жатқандарыңызға ризашы­лығымды білдіремін. Қазақстан мен Қытай тату көрші, сенімді серіктес әрі жан-жақты стратегиялық одақтас мемлекеттер. Екі ел басшылары арасын­дағы өзара сенім мен достық қарым-қатынастың арқасында мемлекет­теріміздің ынтымақтастығы барлық бағытта қарқынды дамып келеді. Шығыс Қазақстан облысы үшін Қытай Халық Республикасы маңызды серіктестердің бірі саналады. Әсіресе Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданының шекаралас өңірлерімен қалыптасқан тығыз байла­ныстардың маңызы зор, – деді Н.Сақтағанов.

Аймақ басшысы Шығыс Қазақстанның әлеуетін таныстырып өтті. Өңір табиғи ресурстарға бай. Елдегі су қорының 40%-дан астамы осында шоғырланған. Сондықтан жаңа су электр стансаларын салуға мүмкіндік мол. Мәселен, облыстағы титан-магний комбинаты әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Оның өнімдері «Боинг», «Эйрбас» секілді жетекші халықаралық компанияларға жеткізіледі. Қазақстандық титанның әлемдік нарықтағы үлесі шамамен
16%-ды құрайды. Өңірдің туристік әлеуеті де жоғары. Тұмса табиғаты мен тарихи-мәдени мұрасы туризмнің барлық дерлік бағытын дамытуға мүмкіндік береді.

Чжи Сяньвэй инвестициялық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға қызығушылық білдірді. Кездесу соңында тараптар бір-біріне естелік сыйлықтар табыс етті.

Cапар барысында облыс делегациясы «Үлкен Алтай – 2026» халықаралық өңіраралық ынтымақтастық конференциясына қатысты. Делегация құрамында басқарма басшылары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, түрлі кәсіпорын басшылары, жеке кәсіпкерлер болды. Алтай қаласында өткен жиынға сондай-ақ Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанның өкілдері келді.

Іс-шара шымылдығын ашқан Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауда­ны партия комитетінің хатшысы Чэнь Сяоцзян делегация мүшелеріне алғыс білдіріп, өзара қарым-қатынасты дамыта түсуге ниетті екендіктерін, түрлі бағыттағы жобаларды іске асы­руға әзірліктерін жеткізді. Жиында ШҚО әкімі баяндама жасап, өңірдің инвестициялық әлеуеті мен атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

– Алтай Қазақстан, Қытай, Ресей, Моңғолия халықтарын біріктіреді. Бүгінде ол табиғи бай мұрасы ауқымды инвестициялық, инфрақұрылымдық жобалармен үйлесім тапқан жаңа мүмкіндіктер мекеніне айналып келеді. Шығыс Қазақстан үшін 2026–2027 жылдары «Біздің ортақ үйіміз – Алтай» халықаралық үйлестіру кеңесіне төраға­лық ету үлкен мәртебе. Бұл жауапты міндетті өзара іс-қимылды жандандыруға, серіктестік байланыстарды нығайтуға берілген мүмкіндік ретінде қарастырамыз, – деді Н.Сақтағанов.

Шығыс Қазақстан өкілдері Қытай, Ресей, Моңғолия, Орталық Азия елдерін байланыстыратын маңызды көлік-логистикалық тораптардың бірі ретіндегі әлеуетін одан әрі күшейтуге ниетті екендіктерін жеткізді. Осы мақсатқа қол жеткізу жолында өңірде заманауи көлік инфрақұрылымы жүйелі түрде дамып келеді. 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Бұқтырма суқоймасы арқылы өтетін Орталық Азиядағы ең ірі көпір пайдалануға берілді. Кейінгі үш жылда 1,5 мың шақырымнан астам автокөлік жолы жөнделіп, қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар шекара маңындағы Катонқарағай, Зайсан аудандарында екі әуежайдың құрылысы басталды.

– Жобалардың нәтижесі қазірдің өзінде айқын сезіліп отыр. Негізгі көлік дәліздері арқылы жүк тасымалдау уа­қыты бір тәулікке жуық қысқарды. Қытай Халық Республикасымен шека­радағы «Майқапшағай» автокөлік өткізу бекетін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта Ресей Федерациясымен шекарадағы «Уба» өткізу пунктін жаңғырту, Шемонаиха ауданындағы Үлбі өзені арқылы өтетін көпірді жөндеу жоспарланған. Біз жылына 1 миллионға дейін турист қабылдауға дайынбыз. Марқакөл мен Катонқарағайдан бөлек, Риддер қаласының маңы мен Бұқтырма суқоймасының жағалауы да өңірдің бірегей туристік бағыттарының қата­рында. Қытай, Ресей, Моңғолия инвесторларын облыс аумағында заманауи туристік инфрақұрылым қалыптастыруға бағытталған жобаларды бірлесе іске асыруға шақырамыз, – деді облыс әкімі.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов басқа да бірнеше іскерлік кездесу өткізді. Моңғолия Премьер-министрінің орынбасары Нямтайширын Номтойбаярмен жүздесіп, «Өскемен – Баян Өлгей» бағытында әуе рейсінің іске қосылуының маңызын атап өтті. Бұл бастама қос тарапта жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданындағы Алтай округі Халық Үкіме­тінің басшысы Кәрімбек Мұхтармен кездесуде облыс әкімі Шығыс Қазақстанның әлеуетін жан-жақты таныстырды. Бүгінде Үлбі металлургиялық зауыты бериллий өндірісі бар әлемдегі үш кәсіпорынның қатарына кіреді. Бұл ТМД елдеріндегі тантал өнімдерін шығаратын жалғыз кәсіпорын, атом электр стансалары қолданатын уран отынын өндіретін бірегей өндіріс орны. Сондай-ақ өңір өсімдік майы, бал, марал пантысы өндірісі жөнінде де көшбасшы.

Кәрімбек Мұхтар өзара достыққа өте жоғары мән беретіндерін айтып, Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режімнің арқасында серіктестіктің күшейе түскенін жеткізді.

Бұдан соң облыс әкімі Jinlu Environmental Technology Co, LTD, Fuyun County Civil Explosive Materials Sales сынды қытайлық компаниялар өкілдерімен B2B форматында келіссөз жүргізді. Онда балық шаруашылығы өнімдерін экспорттау, Өскеменде қоқыс сұрыптау, көлік құрастыру зауыттарын салу бағытында бірлесе жұмыс істеу мүмкіндіктері талқыланды.

Шығыс Қазақстан облысы –

ҚХР, Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:217
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Маусым 2026 13:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары