Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Трансшекаралық сот төрелігі нығаяды

Трансшекаралық сот төрелігі нығаяды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әділетті Қазақстанды құру, Заң мен тәртіп қағидатын орнықтыру, адам құқығын жан-жақты қорғау жөніндегі стратегиялық бағытына сәйкес құқықтық және сот салаларында өзара іс-қимылды дамыту жүйелі жүзеге асырылып келеді. Еліміз Таяу Шығыстағы маңызды серіктесінің бірі – БАӘ-мен ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік экономи­калық, инвестициялық және құқықтық бағыттарда белсенді дамып жатыр.

Кездесу барысында БАӘ өкілдеріне еліміздегі прокуратура органдарының негізгі міндеттері, қызметінің басым бағыттары мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы атқарылып жатқан жұмысы таныстырылды.

Тараптар екіжақты ынтымақ­тастықты күшейту аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету, адам құқығын қорғау, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша іздеуде жүрген адамдарды беру мәсе­лелерін талқылады. Бұл – қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпастығын қамтамасыз етудің және екі ел азаматтарының заңды мүддесін қорғаудың маңызды тетігі саналады.

Бұдан бөлек, шетелдік әріптес­терге Бас прокуратураның цифр­лық трансформациясының деңгейі мен оның негізгі нәтижелері таныс­тырылды. Оның көмегімен прокуратура органдары цифрлық есепке алудан құқық бұзушылық тәуекелдерін алдын ала болжау, талдау мен олардың алдын алу құралдарына көшті.

– Бүгінде қылмыстық істердің 94%-ы арызды тіркеуден бастап сот үкімін орындауға дейін элек­трондық форматта жүргізіледі. Іс жүзінде сот төрелігі толықтай цифрлық жүйеге көшіріліп жатыр. Сонымен қатар әкімшілік іс жүргізу, бизнесті қорғау, аза­мат­тардың өтініштерін қа­рау мен басқа да бағыттар толық цифрландырылған, –  деді қа­да­ға­лау органының басшысы.

Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың 300-ден астам ақпараттық базасы­мен интеграцияланған 7 ведомство­аралық IT-жүйе жұмыс істейді. Қазақтелекоммен бірлесе республикада алаяқтардың қоңырау­ларын анықтап, тоқтатуға бағытталған Антиколл-орталық іске қосылды. Бір жыл ішінде оның көмегімен 1 миллионнан астам күмәнді қоңырау бұғатталды. Қабылданған шаралар қылмыс деңгейін төмендетуге оң ықпал етіп жатыр.

Бас прокуратураның цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытындағы тәжірибесі шетелдік әріптестер тарапынан жоғары бағаланды. Кездесу екі елдің құқық қорғау және сот органдары арасындағы өзара сенімнің жоғары деңгейін көрсетті.

Қол жеткізілген уағдалас­тықтар Қазақстан мен БАӘ азамат­тарының мүддесі үшін трансшекаралық сот төрелігі тетіктерін одан әрі нығайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, кейінгі үш жыл ішінде БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген 15 адамды тапсырды. Осылайша, қылмыскерлерді беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мен инвесторлардың құқықтарын қам­тамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жалғасып келеді.

– Қазіргі заманда қылмыскер үшін қауіпсіз орын жоқ. Қазақ­стан барлық халықаралық серік­тестерімен заң үстемдігі мен адам құқығын қорғау қағидаттары негізінде өзара іс-қимыл орнатып жатыр. Прокуратура орган­дары халықаралық деңгейде еліміздің мүддесін қорғау және ел ішінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұ­мысты күшейтті, – деді Б.Асылов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:183
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 08:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see147

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see140

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see139

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see138

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see137

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see133

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see129

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see128

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see126

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see125

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see125

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see123

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see120

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see119

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see119

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see117

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see116

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see116

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары