Депутаттың өкілеттігі тоқтатылып, алты судья қызметтен босатылды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Құрылтай отырысында депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Жоғарғы соттың алты судьясын қызметтен босату мәселелері қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, 6 қазанда Татьяна Савельева депутаттық өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген. Депутаттар тиісті қаулыны бірауыздан мақұлдады. Құрылтай спикері Айбек Дәдебай Савельеваға жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
Сондай-ақ депутаттар президенттің ұсынысымен Жоғарғы соттың алты судьясын қызметтен босату туралы мәселені қарады.
Аслан Тукиев пен Абдолла Сәкен Конституциялық соттың судьялары болып тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттағы қызметінен босатылды.
Ал Наталья Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдениет Омарбекова құрметті демалысқа шығуына байланысты қызметтен кетті.
Заңға сәйкес, Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысты президент енгізеді, ал оны Құрылтай депутаттары қарап, тиісті қаулы қабылдайды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















