Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

151 судья тағайындалды

151 судья тағайындалды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Еліміздің сот жүйесінде кадр тапшылығы азайды. Мәселен, былтыр 151 жаңа судья тағайындалған. Сонымен қатар кейінгі бес жыл бойы үміткерлер болмауына байланысты бос тұрған 64 ваканттық лауазым алғаш рет толықтырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жоғары сот кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова мәлімдеді.

Сурет: time.kz

Оның айтуынша, осы жылы да бұл жұ­мыс жалғасады. Мем­лекет бас­шысының биылғы 2 нау­рыз­дағы Жарлығымен әзірге 128 аудандық сот судьясы та­ғайын­­далды. Нәтижесінде, бос лауазым­дар саны 230-ға дейін қысқарды. Бұған қоса 41 кандидат арнайы тексеруді сәтті аяқтап, соттарда тағылымдамадан өтіп жатыр. Оларды тағайындау нәтижесінде бос лауазымдар саны 189-ға дейін азаяды деп кү­ті­ліп отыр. Осылайша, сот жү­йе­сіндегі кадрлық жағдай тұ­рақ­тала бастады.

– Сот жүйесіндегі басты өзге­ріс­тің бірі – бос лауазым­дар­дың қысқаруы. Былтыр кадр­мен қамтылу деңгейі 97,5%-дан 131,3%-ға дейін өсті. Бұл сот жүйесінде алғаш рет кадрлық сұраныстың орнын толықтырып қана қоймай, таза өсімге қол жеткізілгенін көрсетті. Кадрлық тұрақтылыққа қол жеткізудің маңызды құралы біліктілік емтиханын реформалау болды. 2024 жылмен салыстырғанда ем­тихан саны үш есе артып, 12 емтихан өткізілді. Оған 1 365 кандидат қатысты, – дейді Ж.Оспанова.

Кейінгі 5 жылда шамамен 350 судьялық лауазым бос бол­ған. Салдарынан соттардың жүк­темесі артқан. Сондықтан тап­шылықтың орнын толтыру мақ­сатында өткізілетін конкурстар саны 2024 жылмен салыстырғанда 3 есе көбейген. Оған қоса былтыр алғаш рет адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар мен жеке сот орындаушыларына онлайн семи­нарлар циклі ұйымдастырылыпты. Жалпы, 40 мың­нан аса семинар өткізіліп, оған 13 мыңнан аса заң қауымдастығының өкілдері қа­тысқан. Бұл судья маман­дығына қызығушылық танытқан канди­дат­тардың артуына ықпал еткен.

– «Судья кадрларының жай-күйі туралы» ұлттық баяндама сот жүйесіндегі кадр саясатының жаңа сапалық деңгейге өткенін айқын көрсетеді. Бүгінде судьялар корпусын жаңарту туралы жұмыс меритократия қағидаты не­гізінде де жүйелі түрде жал­ғасып келеді. Аудандық сот­тарға ұсынылған кандидаттар арасында жұмыс істеп жүрген судьялардың үлесі 31 па­йыздан 14 пайызға дейін төмендеді. Бұл – жаңа кәсіби мамандардың келуін, базаның айтарлықтай кеңей­генін көрсетті. Өткен жыл­дың қорытындысында аудан­дық соттардың 583 судьясы, жалпы саны 31 пайызы Жоғары сот кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының түлегі болды. Олардың 65-і аудандық соттарда төраға қызметін атқарып жатыр. Судьялардың кадрлық резерві инс­титуты меритократияның тиім­ді құралы ретінде белсенді қолданылады. Қазір бұған ірік­теу жылына екі рет өткізіліп, бірнеше ай ішінде аяқталады. Резервте 149 судья бар. Оның 47-і өзінен жоғары және басшылық лауа­зымдарға тағайындалды, – дейді Жоғары сот кеңесінің мүшесі Салтанат Жүніспекова.

Сондай-ақ елімізде кассация­лық соттар жұмысын бастады. 2025 жылдың 1 шілдесінен Астана қаласында үш дербес өңір­аралық кассациялық сот жұмысына кірісті. Спикерлердің айтуынша, Жоғары сот кеңесінің ашықтығын арттыру мақсатында Кеңес төрағасының азаматтарды күнделікті қабылдау тәртібі де енгізілген. Осылайша, өткен жылы 220 азамат қабылдауда болған. Олардың ішінде 56 судья бар. Өтініштердің көпші­лігі судья­ларды іріктеу механиз­мін жетілдіру, тәртіптік жауап­кер­­шілік мәселелеріне қатыс­ты тіркелген. Бұл – Жоғары сот кеңесінің судья қауым­дас­ты­ғымен, азаматтармен өзара қарым-қатынас орнатылғанын көрсетеді.

Сот жүйесін реформалау сот төрелігінің тиімділігін арттыруға, ашық­тықты күшейтуден бөлек, цифрлық технологиялар­ды енгізуге бағытталған. Биыл салада кадрлық үдерісті толық цифрландыруға басымдық беріліп отыр. Адами фактор әсерін тө­мен­детуге негізделген арнайы жүйе биыл шілде айында тәжіри­бе­лік пай­далануға енгізіледі деп жос­парланған.

Соңғы жаңалықтар

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55

«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»

Сұхбат • Бүгін, 08:50

«Момақан қыз» – оқырман олжасы

Руханият • Бүгін, 08:45

Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология

Ғылым • Бүгін, 08:40

Қаныштың Қытайға сапары

Тарих • Бүгін, 08:35

Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі

Ғылым • Бүгін, 08:30

Өндіріске серпін берген өнертабыстар

Ғылым • Бүгін, 08:25

Ғылыми әлеует – мемлекет дамуының стратегиялық тірегі

Пікір • Бүгін, 08:20

Ел өркендеуінің айтулы кезеңі

Ата заң • Бүгін, 08:15

Қоғамдық көлік жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір

Саясат • Бүгін, 08:05

Экология заңдарын жетілдіру маңызды

Саясат • Бүгін, 08:02

Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды

Саясат • Бүгін, 08:00

Экономикалық әріптестік нығая береді

Саясат • Бүгін, 07:58

Көп жылғы ізденіс нәтижесі

Пікір • Бүгін, 07:55

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Сәуір 2026 09:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see139

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see131

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see128

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see127
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары