Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі сотына жаңа судья тағайындалды
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне Нұрхан Аманжолов тағайындалды.
Жаңа судьяны облыстық соттың жалпы отырысында өңірлік сот төрағасы Мұхтар Парменов таныстырды. Ол Мемлекет басшысының №1511 Жарлығына сәйкес тағайындалды.
Нұрхан Аманжолов 1991 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын заңгерліктен бастаған Нұрхан Аманжолов 2016–2025 жылдары Жамбыл облыстық адвокаттар алқасында адвокат болып қызмет атқарған.
Жиын соңында Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Парменов жаңа судьяны тағайындалуымен құттықтап, оның жауапты қызметіне сәттілік пен судьялық антқа адал болуды тіледі.
Кеше, 18:24
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 13:34 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















