Елімізде ет, сүт және жұмыртқа өндірісі артты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Мал шаруашылығы еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі негізгі салалардың бірі болып қала береді. 2026 жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3 трлн 226 млрд теңгеден асты. Ал нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Есепті кезеңде елімізде барлық ет түрлерін өндіру көлемі 846,5 мың тоннаға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға жоғары.
Сиыр еті өндірісі 301,6 мың тоннаны құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 282,3 мың тонна болған. Қой еті өндірісі 88,6 мың тоннадан 91,2 мың тоннаға, жылқы еті 115,3 мың тоннадан 119,9 мың тоннаға дейін өсті. Құс еті өндірісі де қарқынды дамып, былтыр 276,1 мың тонна болса, қазір 277 мың тоннаға жетті.
Ағымдағы жылдың тоғыз айында елімізде 3,04 млн тонна сүт өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға көп. Ал жұмыртқа өндірісі 7,4%-ға өсіп, 3 659,8 млн данаға жетті.
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны да артып келеді. Есепті кезеңде ірі қара мал саны 8 778,4 мың басқа (103,4%), қой мен ешкі саны 22 609,5 мың басқа (102,3%), жылқы саны 4 787 мың басқа (107,3%), түйе саны 311,5 мың басқа (104%) жетті. Құс саны 49,2 млн басты құрап, 100,4%-ды көрсетті.
Ауыл шаруашылығы министрлігі саланың өндірістік әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тиімділігін күшейту және елді азық-түлікпен қамтамасыз етуді нығайту бағытында жұмыстарды жалғастыруда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:83
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 11:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















