Астанада қоғамдық көліктегі жол ақысының жаңа тарифтері бекітілді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 15 қазан – Sputnik. Елордада автобуспен жол жүрудің жаңа тарифтері бекітілді.
Астанада қалалық және қала маңындағы автобустар үшін сараланған тариф жүйесі енгізілді. Электронды түрде төлеген кезде, қалыпты бағыттағы сапар 150 теңге, ал экспресс бағыттағы сапар 300 теңге тұрады.
Ал қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда, жол жүру құны тиісінше 300 және 400 теңгені құрайды.
"Әлеуметтік маңызы бар тұрақты жолаушылар тасымалы қызметтері үшін, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (электрондық жол жүру құжаты немесе басқа да электрондық төлем қызметтері арқылы) кезінде жол жүру ақысы 150 теңгені құрайды. Қала маңына жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу (электрондық жол жүру құжаты немесе басқа да электрондық төлем қызметтері арқылы) жағдайында жол жүру ақысы әр шақырым үшін 13 теңге болады", — делінген құжатта.
Әкімдіктің хабарлауынша, жол ақысын электронды төлеу жүйесінде ақау орын алған жағдайда, электронды жол жүру билетін немесе басқа да электронды төлем қызметтерін пайдаланатын жолаушылар көлікте тегін жүруге құқылы.
Бұған дейін 1 желтоқсаннан бастап жол жүру ақысы өсетіні хабарланған болатын. Жаңа қабылданған қаулы 14 қазанда жарияланды.
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде күнкөріс минимумы 55 173 теңге болмақ.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:98
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2026 11:19 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















