Ешкімнің көңіліне тиюді мақсат еткен жоқпын : Ләйлә Сұлтанқызы сынға жауап берді
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы актер Қуандық Қыстықбаевпен болған сұхбатынан кейін айтылған пікірлерге қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Тележүргізуші әлеуметтік желідегі жазбасында ешкімді ренжітуді мақсат етпегенін айтып, сұхбат барысында деменция тақырыбына қатысты білдірген таңданысының себебін түсіндірді.
«Ешкімге шамына тиіп, көңіліне қаяу түсіргім келмейді. Баршаңыздың ой-пікіріңізді құрметтеймін. Бірақ дәл қазір ешкіммен ұрысуға да, пікірталасқа түсуге де ниетім жоқ», – деп жазды ол.
Ләйлә Сұлтанқызы бұл дерттің қаншалықты ауыр екенін өз отбасындағы жағдайдан жақсы білетінін жеткізді. Айтуынша, нағашы әжесі 70 жастан асқан шағында деменцияға шалдығып, кейін өз балаларын танымайтын жағдайға жеткен.
Тележүргізуші Қуандық Қыстықбаевпен әңгімесі құрдастар арасындағы еркін сұхбат болғанын атап өтті. Оның сөзінше, қойылған сұрақта ешқандай астарлы ой болмаған.
«Ал сіздер көрген рилс - Қуандық екеуміздің құрдастар арасындағы әңгімеміз. Менің сұрағым да, таңданысым да осы тақырыпқа қатысты болды. Ешқандай астарлы ой немесе біреудің жағдайын жеңіл қабылдау болған жоқ», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.
Сондай-ақ ол деменцияның жас адамдарда да кездесетініне алаңдайтынын білдіріп, бұрын медициналық көмек пен науқастарға күтім жасау мүмкіндіктері қазіргідей болмағанын еске салды.
«Сондықтан айтылған сөзді өз контексінде қабылдасаңыздар екен. Ешкімнің көңіліне тиюді мақсат еткен жоқпын», – деп түйіндеді тележүргізуші.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:84
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 20:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















