Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Ләйлә Сұлтанқызы: Үміт ешқашан үзілмеуі керек

Ләйлә Сұлтанқызы: Үміт ешқашан үзілмеуі керек

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

− Ләйлә Сұлтанқызы, ең алдымен, «Мариям Қазақстан» қорының құрылуына тоқталып өтсеңіз. Қор ашуға не түрткі болды? Қоғамдағы миссиясы қандай?

− Қордың атауында үлкен мән бар. Алты жыл бұрын туған ағам 44 жасында өмірден өтті. Жеңгем бес баламен жесір қалды, өзі жүкті еді. Артынша, Алла бізге қуа­ныш сыйлап, Мариям дүниеге келді. Ағамның есімі жақсылық­пен қатар жүрсін деген ниетпен «Мариям Қазақстан» қорын құрдым. Осылайша, «Тегін ЭКО» жобасымен біраз келіншектің ана атануына себепші болдық.

Бұған дейін «Бір шешім қа­былдаңызшы, көмек берсеңіз­­дер» деп өңірлерден біраз оқыр­ма­ным көмек сұрап жазды. Оларды еліміздегі эко орталық­тарына бағыттап жүрдім. Жора-жолдас, таныс-тамыр, әріптес-достар көмек қолын созды. Бірі 5 мың теңгесін берсе, бірі 50 мы­ңын ұсынды. Оның өзі санаулы келіншекке көмектесуге ғана же­тетін. Содан кейін ойлана келе қор ашқан жөн шығар дедім.

Өзім эко орталығына көп бар­дым. Қызды болғым келді. Бұл орталықтарда жастардың жүр­геніне таңғалдым. Өйткені жа­санды ұрықтандыруға көп жыл балалы бола алмай жүрген, орта жастағы отбасылар ғана ама­лы таусылған соң келеді екен деп ойлаған едім. Алайда бедеулік қазір жасарып кеткенін айтады дәрігерлер. Осы кезден бастап та­қырыпты зерт­тедім. Елімізде «Аңсаған сәби» бағ­дарламасы барын білдім. Жалпы, осы бағыттағы іске кірі­суіме бір жағынан жастар себепші болды.

− Қор арқылы қанша адамға көмек көрсетілді?

− Осы уақытқа дейін 70 отбасына көмек бердік. Қазір 26 нәресте дүниеге келді. 10-нан аса әйел – жүктілік, қалғаны ұрықтандыруға дайындық кезеңінде. Бұл – ұзақ үдеріс. Бізге үш жыл бойы келіп жүрген отбасылар бар. Көбіне он-жиырма жыл сәбилі бола алмай жүргендер келеді. Бір-екі баладан соң жүкті бола алмай келетіндер де бар, бірақ олар көп емес. Көбі алғаш ретте-ақ ата-ана атанады. Сонымен қатар отыз жасқа дейінгі жастар көп жүгінеді. Мысалы, күні кеше қамқоршылық кеңесін өткіздік, қараған өтініштердің ішінде 9 отбасының жетеуі – отызға толмағандар. Әрбір таңдалған отбасы – бізге жай статистика емес, бұл үлкен үміт, сенім, жаңа өмірге жасалған алғашқы қадам.

− Қор көмегіне мұқтаж азаматтарды іріктеу қалай жүзеге асады?

− Білікті дәрігер мамандардан құралған қамқоршылық ке­ңестің шешімімен таңдалған, сәби сүйгісі келетін, ресми неке­дегі отбасыларға көмек көрсе­теміз. Қорымыздың сайты арқы­лы өтініш толтыру қажет. Келіп түскен өтініштерді тіркеп, саралап өтініш иесіне хабарласамыз. Жалпы, аналық бездері­нің қызметі орташа деңгейдегі, АМГ (антимюллерлік гормон) көрсеткіші төмендеуге жақын немесе орташа, жасы 40-қа жақын­даған отбасыларға ерекше назар аударылады. Себебі дәл осы ке­зең­де уақыт факторы өте маңыз­­ды рөл атқарады. Біздің мақ­сат – әр отбасының жағдайын жеке қарап, дер кезінде көмек көрсету.

Алғашқы екі жылда «Аң­са­ған сәби» мемлекеттік квотасын ала алмайтындарға көмек көр­сеттік. Бірінің дерті бар, енді бірі­нің анализдері талапқа сай келмейді. Сондай-ақ мемлекеттік квота жылына бір рет қана бері­леді. Егер жасанды жолмен ұрық­тандыру сәтсіз болса, тағы да бір жыл күту керек. Ал бұл – жасы ұл­ғайған адамға ұзақ уақыт. Сондықтан мұндай талапты алып тастадық. Әрбір әйелдің жағ­дайы Қамқоршылық кеңесте қаралады, соған сәйкес шешім қабылданады. Мәселен, әйелдің денсаулығы жақсы, ана­лиздері де оң болса, қайта ұрық­тандыру­ға дайын болса, тағы бір жасанды ұрықтандыру жүргізіледі. Жалпы, мемлекет тарапынан жасалып жатқан үлкен қолдауға үкіметтік емес ұйым ретінде үлесімізді қосып, қоғам мен мемлекет арасындағы алтын кө­пір болуға тырысып жатырмыз.

− Қор қызметінің ашықтығы мен есептілігі қалай қамтамасыз етіледі?

− Әр әйелдің жағдайын өз­де­рінің рұқсатымен бөлісіп отыра­мыз. Мысалы, Instagram парақшамызда пайдалы ақпа­ратпен қоса, өзін түсіріп, көрсе­туге рұқсат берген отбасы, жұп­тар туралы бейнероликтер көп. Олар онда өз оқиғаларын бөліседі. Сайтымызда әр үш ай сайын қор есебі жарияланады. Мысалы, тіпті жүз теңге­сін аударған адам өзінің аударымын көре алады. Бәрі ашық жүргізіледі. Қорда үш қызмет­кер бар, олардың жалақысына дейін көрсетілген.

− Ал демеушілермен, эко орталықтарымен байланыс қалай жолға қойылған?

− Елімізде қазір 19 репродук­тивті орталық бар. Біз «Экомед» орталығымен жұмыс істейміз. Қорға жиналатын қаржының 80 пайызы демеушілерден түседі. Олардың аты-жөндерін қарсы болмаса жариялаймыз, көбіне атын атамауды жөн санайды. Демеушілердің қатарында танымал тұлғалар көп. Мысалы, Сәкен Майғазиев, Гүлнұр Мама­сарипова, Дариға Бадықова, Құралай Анарбекова бірқатар отбасына демеу болды. Көмек беретін іскер әйелдер де көп, ірі компания басшылары бар. Соның бірі – Сырымбек Тау. Бірқатар басшы балалы бола алмай жүрген қызметкерлеріне демеушілік жасайды.

− Бүгінде қоғамда аналар мен балаларды қолдау мәселесі қаншалықты өзекті деп ойлайсыз?

− Өте өзекті. Оның ішінде балалы бола алмай жүрген отбасыларды қолдаудың маңызы артып келеді. Мысалы, бізге айына 100-ден аса өтініш түседі. Жекеге жазатындар қаншама, санында шектеу жоқ. Осыдан оның маңызын көруге болады. Елімізде әрбір алтыншы отбасы балалы бола алмай қиналып жүр. Өзі болмаса да, туысы, нағашысы, тіпті құда-жекжаттарында мұндай мәселе бар. Жылап келеді, көз жасына ерік беретіндерді көру – өте ауыр. Осы мәселенің өзектілігін ескерген Президент «Аңсаған сәби» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуына себепші болды. Мысалы, осы бағдарлама арқылы жылына 7 мың квота бөлінеді, одан 4 мың бала дүниеге келеді. 2030 жылға дейін осы квота көлемі сақталады. Бұл бір мәселе болса, сондай-ақ балалы болғысы келмейтін немесе бір баламен шектеліп қалғысы келетіндердің бары тағы бір өзекті мәселе болып отыр.

− Сөзіңіз аузыңызда, балалы болуға асықпайтын немесе жоспарламайтындарға қоғам болып балалы, оның ішінде көпбалалы болуды қалай насихаттаймыз, не істеуіміз қажет деп санайсыз?

− Бізде қазір әлеуметтік желі­нің ықпалы өте зор. Көпбалалы болуды сәнге айналдырып, осы бағытта көп контент жүктеуіміз қажет. Жастарды көпбалалы болуға үгіттеудің бір жолы осы. Мысалы, қазір блогерлердің өміріне қызығып қарайтындар көп. Олар әдемі өмірін, әдемі сәттерін көрсетеді ғой. Ал қиындықтарын экранның ар жағында қалдырады. Оларда қиындық жоқ дей алмаймыз. Бірақ оны көрсетпеуге тырысады ғой. Сол сияқты біз де көпба­лалы отбасының позитивті жағын көбірек көрсетіп, қоғам арасында көпбалалы болу құндылы­ғын жиі насихаттауымыз қажет. Әлеуметтік желінің мүмкіндігін ұтымды пайдалансақ, бар­лық жақсы нәрсемізді, құндылы­ғымызды сақтап, қоғамға ықпал етуге болады. Бізде әлеуметтік желі­де қырық, елу, алпыс жаста­ғы­лардың контенті өте аз. Ал олар нағыз үлгі боларлық жастағылар ғой.

− Сіздің ойыңызша, мейірім­ді қоғам қалыптастырудың бас­ты тетігі неде?

− Мейірімді қоғам құру үшін алдымен айналамызға мейі­рімді болуымыз қажет. Әр нәрсені өзімізден бастамай, өзгелерге не айта аламыз? Мысалы, алдымен көршіміздің жағдайын біліп, мейірімділік таныту керек. Ал қазір көршіміздің кім екенін де білмейтін, ауыл-аймақтағы бөле, нағашылармен араласпайтын жағдайға жетіп қалдық. Әке-шешеміздегі мейірімділік бізде бар ма? Ал балаларымызда бола ма? Сондықтан адам өзінен бас­тау қажет. Негізі айналамыздың бәрі мейірімге толы, соны көре білуіміз керек, таныта білуіміз қажет. Біз жанашыр халықпыз, қазақ секілді қайырымдылық жасауға келген­де тең келер ұлт жоқ. Қазақ әрқа­шан асар жасауға дайын тұрады. Осылайша, үміт үзілмек емес.

− Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен −
Гүлнар ЖОЛЖАН,
«Egemen Qazaqstan»

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:161
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Маусым 2026 10:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары