Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

TikTok тан жұмыс тауып, Ресейде жоғалып кетті: қазақстандықты бір жылдан астам уақыт іздеп жатыр

TikTok тан жұмыс тауып, Ресейде жоғалып кетті: қазақстандықты бір жылдан астам уақыт іздеп жатыр

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстандық Қуаныш Арап 2025 жылдың көктемінде Ресейге нәпақа іздеп кетіп, бірнеше айдан кейін байланысқа шықпай қалған. Туыстары бір жылдан астам уақыт бойы оның қайда екенін және не болғанын білмей отырғандарын айтады. Tengrinews.kz жоғалған жігіттің қарындасымен сөйлесіп, Қазақстан ІІМ мен СІМ-не сауал жолдады.

"TikTok-тағы хабарландыру арқылы жұмысқа кетті"

20 жастағы Қуаныш Арап 2025 жылдың 24 сәуірінде Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге кеткен. Қарындасы Назерке Арапованың айтуынша, ол жұмысты TikTok-тағы жарнама арқылы тапқан.

Онымен бірге Семейден бірнеше танысы бармақ болған. Автобус адамдарды әртүрлі қалалардан жинап өткен, алайда Шымкентте Қуаныштың достары сапардан бас тартып, үйлеріне қайтуды ұйғарады. Ол болса жолын жалғыз жалғастырған.

"Мен де сол кезде ағама: "Өтінемін, қайтшы" дедім. Ал ол: "Мен жұмыс істеуге бара жатырмын ғой" деп жауап берді. Біз 102 нөміріне хабарласып, Қуанышты шекарада тоқтатуды сұрадық. Бірақ бізге оның кәмелетке толғанын және сапарға қатысты шешімді өзі қабылдайтынын айтты", – дейді Назерке.

Фотоны жоғалған жігіттің қарындасы ұсынды

Ресейге барғаннан кейін Қуаныш отбасымен үнемі байланыста болған. Ол Мәскеу түбінде жүргенін айтып, жұмысы туралы баяндап отырған.

Қарындасының айтуынша, ол алдымен ет комбинатына орналасып, мұздатқыш бөлмеде жұмыс істеген.

"Ол бізге екі айлық жұмысы үшін ақы төленбегенін, сондықтан ол жерден кеткенін айтты. Кейін құрылысқа орналасып, онда бір аптадай жұмыс істеді де, байланыссыз кетті", – дейді Назерке.

Оның сөзінше, отбасына белгілі болған соңғы жатақхана мекенжайы – Строительная көшесі, 8-үй. Таныстары ол жерге барып көрген, бірақ ондағылар мұндай адамды танымайтындарын айтқан.

Назеркенің айтуынша, отбасымен соңғы сөйлесуі 2025 жылдың 21 тамызында болған.

"Қуаныш анасынан ақша аударатынын айтып, банк картасының деректерін жіберуді сұрады. Хабарламаны оқыған, бірақ содан кейін байланысқа шықпады. Оның тірі не өлі екенін білмейміз", – деді қарындасы.

Отбасы 2025 жылдың қыркүйек айында түрлі мекемелерге жүгіне бастаған. Туыстары полицияға, көші-қон қызметіне, елшілікке және басқа да мемлекеттік органдарға хат жазғандарын айтады.

СІМ еңбек құлдығы нұсқасын тексеріп жатыр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Tengrinews.kz-ке 12 қазанда Назерке Арапованың Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің консулдық бөліміне жүгінгенін хабарлады.

Ол ағасының Иркутскіде еңбек құлдығында болуы мүмкін екендігі туралы ақпаратты тексеруді сұраған.

"Түскен өтінішке байланысты Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің консулдық бөлімі баяндалған мәліметтерді тексеру мақсатында Ресейдің құзыретті органдарына тиісті ноталар мен хаттар жолдады", – деп хабарлады СІМ.

Сонымен қатар елшілік Қазақстанның Омбыдағы Бас консулдығына түскен ақпаратты бөлек тексеруді тапсырды.

СІМ 2 қазаннан бастап Ресейдегі қазақстандық шетелдік мекемелер жанында қиын жағдайға тап болған Қазақстан азаматтары туралы ақпарат жинау үшін жедел желі жұмыс істейтінін айтты

Қазақстан СІМ Консулдық қызмет департаменті: +7 (7172) 72-05-00, [email protected] Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі: +7 (925) 897-71-14, [email protected] Астрахандағы Бас консулдық: +7 (906) 177-70-88, [email protected] Қазандағы Бас консулдық: +7 (905) 020-30-42, +7 (843) 202-05-92, [email protected] Омбыдағы Бас консулдық: +7 (968) 100-73-06, [email protected] Екатеринбургтегі Бас консулдық: +7 (939) 919-76-33, [email protected] Санкт-Петербургтегі Бас консулдық: +7 (981) 916-25-12, +7 (921) 188-90-60, [email protected] ІІМ не дейді?

Қазақстан ІІМ полицияның да Қуаныш Араповты іздеумен айналысып жатқанын хабарлады.

"Сауалда көрсетілген дерек бойынша ішкі істер органдары іздеудегі адамның жүрген жерін анықтау үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Қуаныштың отбасы оның жүрген жері туралы кез келген расталған ақпаратты күтіп отыр. Қарындасының айтуынша, туыстары түрлі инстанцияларға жүгінген және қазір тым болмаса оның қайда екенін және не болғанын білуден үмітті.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Қазақстандықтарға әлеуметтік желі арқылы жұмыс іздеудің қаупі туралы ескертілген болатын

2024 жылдың сәуірінде Қазақстан СІМ әлеуметтік желілер арқылы жұмыс іздейтін азаматтарға ескерту жасаған болатын. Сол кезде ведомство шетелде жұмысқа орналасу туралы күмәнді ұсыныстардың қауіп-қатеріне назар аударған еді.

Ал 2025 жылдың шілдесінде Tengrinews.kz қазақстандықтардың шетелдегі тиімді жұмыс желеуімен еңбек және жыныстық құлдыққа қалай тартылатыны туралы егжей-тегжейлі баяндаған болатын. Сол кезде мамандар келтірген мәліметтер бойынша, қаскөйлер жоғары жалақы мен жұмысқа орналасудың оңай шарттарын уәде етіп, интернет пен әлеуметтік желілердегі хабарландыруларды жиі пайдаланады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:29
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 17:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары