Отбасылардың әл ауқат санатын тексеруге арналған калькулятор eGov та пайда болады
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қазақстандықтар eGov және eGov Mobile-дағы арнайы калькулятордың көмегімен өз отбасының әлеуметтік әл-ауқаты қай санатқа жататынын өз бетінше тексере алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықпаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Вице-министрдің сөзінше, калькулятор техникалық тексерістен өтіп, eGov платформасына орналастыруға дайын. Сервис пайдаланушыларға әдістемеде көзделген көрсеткіштер негізінде өз отбасының әл-ауқат деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Отбасы сәйкес келмейтін санатқа жатқызылса не істеу керек?"Ол иесіздендірілген. Сіз өз мысалыңызда осы көрсеткіштің бәрін қолданып көріп, бірден бағасын көресіз", - деп түсіндірді Жазықпаев.
Жазықпаевтің сөзінше, Отбасының цифрлық картасы ақпаратты өздігінен жасамайды, ол мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер жинайды. Солардың негізінде жүйе 59 көрсеткіш бойынша бағалауды қалыптастырады.
Ол алгоритм автоматты түрде жұмыс істейтінін және санатты анықтау кезінде адами фактор болмайтынын атап өтті. Бұл ретте бастапқы деректер ескірген немесе қате болуы мүмкін.
Өзіңіз туралы ақпаратты eGov-тағы немесе eGov Mobile-дағы жеке кабинеттен тексеруге болады. Онда тіркеу, мүлік, көлік, тұрғылықты мекенжай, білім және басқа да мәліметтер қолжетімді.
Егер адам сәйкессіздікті анықтаса, деректерді түзету сервисін пайдалана алады. Мысалы, егер оның атына бұрын иелігінен шыққан көлік қате тіркелсе, сатып жіберген жылжымайтын мүлігі көрсетілсе немесе отбасы жағдайы туралы қате мәліметтер енгізілсе, өтінім бере алады.
Қатені Еңбек министрлігі арқылы түзетуге бола ма?Егер азаматқа электрондық сервистерді өз бетінше пайдалану қиын болса, ол Халықты әлеуметтік қорғау комитетінің департаментіне өтініш бере алады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мұндай өтініштер қабылданып, мәліметтер қайта тексерілетінін және белгіленген мерзімде сәйкестендірілетінін түсіндірді.
Осылайша, егер отбасының әл-ауқат санаты қате мәліметтер негізінде анықталса, азаматтар бастапқы деректерді түзете алады. Бұл ретте министрлік өкілдері тағайындалып қойған санат нақты қалай қайта қаралатынын және деректерді түзету өткен айлардағы төлемдерге әсер ете ме, жоқ па нақтылаған жоқ.
Бұған дейін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда отбасылардың әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтаудың жаңа әдістемесі күшіне енетіні хабарланған болатын.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:16
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 17:57 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















