Қазақстандықтар 5 топқа бөлінеді: әл ауқатты бағалауға арналған онлайн калькулятор
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Кейінгі күндері Қазақстанда жәрдемақыға шын мәнінде кімдер мұқтаж екенін анықтау үшін адамдарды санатқа бөлудің жаңа әдістемесі қызу талқыланып жатыр. Әзірге ол әзірлену үстінде. Дегенмен, елде бұған ұқсас жүйе бар. Қазір қазақстандықтар әл-ауқат деңгейіне қарай қандай топтарға бөлінеді және бұл қалай жұмыс істейді – Tengrinews.kz материалында.
Әдістеме мәні неде?
Қазақстанда жәрдемақы кімге тағайындалатынын шешу жүйесі өзгертіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Tengrinews.kz иелігіндегі бұйрық жобаларында 14 түрлі жәрдемақының тағайындалуы жаңа әдістемеге байланысты болатыны көрсетілген.
Шарттардың бірі – алушылар бес топтың біріне (A, B, C, D немесе E) жатқызылады, төлем көлемі немесе оның мүлдем берілу-берілмеуі соған байланысты болады. Бұл туралы толығырақ мына жерде жазған болатынбыз.
Еңбекмині бұл көмектің атаулығын қамтамасыз ету үшін қажет екенін түсіндірді:
"Жоба отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқат деңгейін бағалаудың ашық механизмін енгізуді көздейді, бұл әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілікті объективті анықтауға және көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың атаулығын арттыруға мүмкіндік береді".
Қаражатты әділ үлестіру үшін адамдарды топтарға бөлудің нақты механизмі әлі әзірленіп жатыр.
Ұқсас әдістеме барБұл ретте Қазақстанда адамдарды топқа бөлу жүйесі 2023 жылы қабылданған болатын, ол "Отбасының (адамның) әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесі" деп аталады.
Отбасы әл-ауқатының бес деңгейіҚазір қолданылатын деңгейлердің әрқайсысы нені білдіретінін толығырақ қарастырамыз.
А деңгейі. Бұл – тұрақты жоғары табысы, бірнеше жылжымайтын мүлігі, бизнесі, автокөлігі бар және денсаулыққа қатысты мәселелері немесе қарыздары жоқ отбасылар. В деңгейі. Орта тап. Отбасы мүшелерінің тұрақты жұмысы, өз баспанасы, табыс деңгейі жеткілікті, бірақ айтарлықтай артық қаражаты немесе жинағы жоқ. С деңгейі. Табысы аз, несиесі бар, жалдамалы пәтерде немесе жалғыз баспанасында тұратын отбасылар. D деңгейі. Кедейлік шегіндегі отбасылар. Табысы төмен, отбасында еңбекке қабілетті бірақ жұмыс істемейтін мүшелері бар, төленбеген мерзімі өткен несиелері бар немесе тұрғын үй жағдайы нашар. E деңгейі. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар. Табыстың мүлдем болмауы, жеке баспананың жоқтығы, созылмалы аурулар, мүгедектік және берешектер.Мәні мынада: негізгі көрсеткіштер – табыс, несие, көлік, бизнестің болуы, тұрғын үй алаңы, балалар саны және т.б. ескеріледі. Әрбір көрсеткіш бойынша адамға белгілі бір балл беріледі немесе алынады. Соңында қорытынды жиынтық балл шығарылады, ол адамның/отбасының материалдық жағдайын көрсетеді.
Мысалы, қолданыстағы әдістемеде А деңгейі – 1 800 және одан жоғары балл болса, Е деңгейі – минус 459 балл.
Сіздің отбасыңыз қай санатқа жатады?Tengrinews.kz әркім өзінің бүгінгі әл-ауқат деңгейін есептей алатын онлайн-калькулятор әзірледі.
Бірден нақтылап өтейік: материал түсіндірме сипатында, келтірілген сандар Еңбекмині қазір айтып жүрген жәрдемақы төлеуге арналған жаңа әдістеме емес. Біз материалда баяндап отырған қолданыстағы жүйе қазір әлеуметтік қызметкерлер үшін қосымша құрал ретінде пайдаланылады – ол қай отбасына бірінші кезекте көңіл бөлу керек екенін анықтайды.
Еңбекмині жаңа әдістемені аяқтап, барлық ережені бекіткеннен кейін, төлемдер нақты қалай есептелетінін хабарлайды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:67
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 14:40 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















