Әл ауқатты көтеруге мән берілді
Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сурет: turkystan.kz
«Ауыл» партиясының төрағасы, республикалық сайлау штабының басшысы Қайрат Айтуғанов штабтың алдағы жұмыс бағыттарын таныстырды. «Мақсатымыз – барлық жұмыс бағытының сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз ету. Алдағы бір ай ішінде еліміздің барлық өңірінде 6 500-ден астам үгіт-насихат іс-шарасын өткізіп, нәтижесінде 2,2 миллионнан астам сайлаушыны қамтуды жоспарлап отырмыз», деді партия төрағасы.
Сонымен қатар ол «Ауыл» партиясының «Гүлденсе ауыл, гүлденеді еліміз!» атты сайлауалды бағдарламасы жеті басым бағытқа негізделген нақты іс-қимыл жоспары екенін атап өтті. Бағдарламаның негізгі бағыттары – әділетті мемлекет құру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңірлік инфрақұрылымды дамыту, әділетті әлеуметтік саясат жүргізу, жастарға білім мен мүмкіндік беру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу және экологиялық жауапкершілікті арттыру.
Іс-шараға Құрылтай депутаттығына кандидаттар, республикалық және өңірлік сайлау штабтарының жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ жастар қанатының өкілдері қатысты.
Сонымен қатар партия өкілдері сайлауалды үгіт-насихат науқанын ерекше форматта өткізді. Науқанның алғашқы қадамы қазақ халқының дәстүрлі баспанасы – киіз үйді тігуден басталды. Бұл таңдау кездейсоқ емес. Киіз үй – қазақ халқының бірлігі мен қонақжайлылығының, ұрпақтар сабақтастығының айқын белгісі ғана емес, сонымен қатар «Ауыл» партиясының ресми логотипінің негізіне айналған басты нышан.
Сондықтан партия өз науқанын оның идеологиясы мен құндылықтарын дәл бейнелейтін осы ұлттық символдан бастауды жөн көрді. Партияның брендтік үлгіде безендірілген киіз үйлері бір мезетте Астана және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Түркістан, Қарағанды және Жетісу облыстарында есігін айқара ашты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:63
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 09:21 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















