Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Әділет партиясының салалық кеңесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқығын қорғауда

Әділет партиясының салалық кеңесі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқығын қорғауда

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Астанада «Әділет» партиясы Іскерлік кеңесінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Басқосу барысында ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты нақты шешімдер әзірлеу мақсатында бизнес өкілдері, салалық қауымдастықтар, Құрылтай депутаттарын және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері бір алаңға жиналды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі, Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің мүшесі Әбілхайыр Тамабек төрағалық еткен Кеңес жұмысында партияның 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар, сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған ауыл шаруашылығын дамыту міндеттері басты назарға алынды. Негізгі бағыттардың қатарында азық-түлік қауіпсіздігін нығайту, ауыл тұрғындарының табысын арттыру, қайта өңдеу ісі мен экспорттық әлеуетті дамыту бар.

Іс-шараны ашқан партия төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев атқарылып жатқан жұмыстың стратегиялық маңызына және мемлекеттік бастамалардың ықпалдастығын қамтамасыз ету қажет екеніне тоқталды.

«Біз партияның сайлауалды бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға уәде бердік. Оның ішіндегі ең маңыздылары – бір миллион ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамту және олардың табысын арттыру. Осы мақсаттарға жету үшін қолданыстағы қолдау шараларының мүмкіндігін кеңейту қажет. Атап айтқанда, ауылдық жерлерде өндірістік нысандар салу үшін «Іскер аймақ» бағдарламасының әлеуетін пайдаланып, қаржыландыру шегін 80 миллион теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру керек», – деді Эльдар Жұмағазиев.

Сондай-ақ ол Іскерлік кеңес аясында 13 салалық кеңес құрылғанын еске салды. Олардың құрамына негізгі қауымдастықтар тұрақты негізде енгізіледі, ал бизнес өкілдері нақты мәселелерді талқылау үшін шақырылады. Өңірлерде бұл жұмыс партия филиалдары жанындағы іскерлік кеңестер арқылы жалғасады. Олар кәсіпкерлердің мәселелерін жинақтап, зерделеп, жергілікті жерлерде тиісті шешімдер әзірлейді.

Құрылтай депутаты Әбілхайыр Тамабек кооперацияға мемлекеттік қолдау көрсету тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажет екеніне баса назар аударды.

«Біз еңбек етуге шынайы бейімі бар азаматтарға жағдай жасауымыз керек. Егер кооперативтерді қаржыландыру нормативін 100-120 миллион теңгеге дейін көтерсек, мұндай кооператив өз айналасына өзге де ауыл тұрғындарын топтастыра алады. Мысалы, бал өндіретін кәсіпорын шағын омарташыларды біріктіреді. Ауылдық жерлерді қолдауға арналған партия бағдарламасының қағидаларын дәл осы мақсатқа бейімдеуіміз қажет. Егер ауыл тұрғындарын жеңілдіктер мен дұрыс салық режимі арқылы ынталандырмасақ, ешкімнің жұмыс істеуге құлқы болмайды», – деп түйіндеді депутат.

Пікірталас барысында екі негізгі бағыт қаралды: ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту және астық нарығындағы түйткілдер. Аграрлық сектор өкілдері жайылымға қолжеткізу мүмкіндігі шектеулі екенін және қосарланған салық мәселесін көтерді. Өңірлік даму жөніндегі жобалық кеңсе жетекшісі Ануар Керембаев субсидияларға әділ қолжеткізуді қамтамасыз ету үшін кооперативтердің мөлшері мен ауқымын заңнамада нақты белгілеу қажет екенін атап өтті. Ал «AQ MOL» кооперативінің төрағасы Азамат Әбдікәрімов жер учаскелерін алу кезінде кездесетін бюрократиялық кедергілерге қатысты нақты мысалдар келтірді. «Батыс сүт» кооперативінің өкілі Ольга Зиновьева салықтық кедергілерге назар аударды. Оның айтуынша, қарапайым ауыл тұрғындарынан сатып алынған сүт көлемін растайтын ішкі есеп-қисап құжаттары салықтық шегерім жасауға жарамайды. Соның салдарынан кәсіпорынның тұтас жалпы өніміне салық салынады.

Аграршылардың сұрағына жауап берген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов әзірленіп жатқан заңнамалық өзгерістер мен реттеу шаралары туралы хабарлады.

«Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы Заңға өзгерістер енгізуге қатысты заң жобасындағы ұсыныстардың бірі –тірек кооперациясының рөлін заң арқылы күшейту. Кооператив мүшелерінің мүліктік құқығын нығайту, басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ пайданы және алынған субсидияларды бөлу бойынша шешім қабылдау тәртібін оңтайландыру ұсынылып отыр. Астық экспорты кезіндегі көлік шығынына келсек, бүгінде жаңа ережелер қабылданып жатыр. Бұл шығынды қаржыландыру мәселесіне Бюджет комиссиясының қолдау білдірді», – деп түсіндірді Азат Сұлтанов.

Екінші бағыт биыл астық саласында туындаған сын-қатерлерге арналды. Қазақстанның астық одағы төрағасы Нұрлан Оспанов өңірлердегі құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың қаржылық жағдайына алаңдауда. Бұл аймақтарда өнім екі есе төмендегенімен, өзіндік құн айтарлықтай өсті. Шаруашылықтарды қиын жағдайдан алып шығу үшін одақ күнбағыс тұқымына салынатын экспорттық баж салығын уақытша нөлге дейін төмендетуді және көлік субсидиялары бойынша берешекті қайтаруды жеделдетуді ұсынды. Бұл ұстанымды Әбілхайыр Тамабек те қолдап, қиын кезеңде мемлекет аз ғана қайта өңдеушілердің рекордтық көрсеткіштеріне ғана жұмыс істемей, шаруалар жағында болуға тиіс екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша маңызды шешім қабылданды. Оған сәйкес, жаңадан құрылған салалық кеңес аталған саладағы мәселелерді жедел шешуге арналған тұрақты жұмыс алаңына айналады. «Әділет» партиясы бизнес өкілдері мен қауымдастықтар ұсынған барлық бастаманы жинақтайды. Мұндағы мақсат – кейін Құрылтай алаңында салалық заңнамаға, Салық кодексіне және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру ережелеріне тиісті түзетулер енгізу.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:23
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 18:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары