Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

​Атырау вокзалындағы құрылыс жұмыстары екі ауысыммен атқарылып жатыр

Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт ұл босанды

Атырауда түнде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

​Бензин 300, ал дизель 400 теңге болады ма? Үкімет сарапшылардың болжамына жауап берді

“Қазақ тілі барлық салада кең қолданыс тауып жатыр“ Тоқаев

17 жастағы Фатима Сұпығалиева жаттығу кезінде Олимпиада чемпионын жеңді

​Атырауда миллиардтаған келісімшарттары мердігер Ертістің тең иегері атанды

Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

Отбасы құндылығы мемлекет саясатының тірегі

Күйсандық пен қылтима Президент кейбір сөздердің қазақ тіліне аудармасын күмәнді деп атады

Алматыда бұрынғы вице министрлер мен Бірінші кредиттік бюроның экс басшысы сотталды

Месси жаңа рекорд орнатты: әлемнің үздік футболшыларынан құралған символикалық құрама жарияланды

ЖИ инвестициялары ақталмаса не болады: ХВҚ ықтимал сценарийді атады

​Атырау облысына көшіп келгендерден көшіп кеткендер саны көп

“Мың көбелек“: Apple Қазақстанда түсірілген роликке тәнті болды

Баға өседі, бірақ баяулайды: Ұлттық банк 2027 жылға арналған болжам жасады

Польшада көліктен оқ жаудырған ер адам ауруханада көз жұмды

Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді

Қауіпсіз шотқа аударыңыз! : полиция алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

Тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көлігіне арналған орын пайда болады

“Күйеуі бай, олардың кемелері мен пароходтары бар“: бала туғанда берілетін жәрдемақы кімдерге төленбейді

“Күйеуі бай, олардың кемелері мен пароходтары бар“: бала туғанда берілетін жәрдемақы кімдерге төленбейді

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қазақстанда кейбір отбасылар бала туғанда берілетін біржолғы төлемнен қағылуы мүмкін. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басқарма төрағасы Алмас Құрманов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құрмановтың сөзінше, бала туғанда берілетін біржолғы төлемге мұқтаждық критерийлері енгізіледі. А және В санаттарына жатқызылған ауқатты отбасылар бұл төлемді алмайды.

"Егер ол (әйел - еск.) А және В санатына жатса және бұл ретте жұмыс істемеген болса, яғни ол бұған дейін де мұқтаж болмаса, күйеуі бай, кемелері мен пароходтары бар демекші, онда оған бала туғанда берілетін бұл төлемнің қажеті не?" - деді қордың басқарма төрағасы.

Қандай төлемдер сақталады?

Құрманов бала тууға байланысты төлемдердің үш түрі қарастырылғанын еске салды.

Бірінші - жүктілікке және босануға байланысты төлем. Жұмыс істейтін әйелдер мұны тиісті еңбекке жарамсыздық парағы негізінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алады. Қор басшысының айтуынша, бұл төлемді тағайындау кезінде мұқтаждық санаты ескерілмейді.

Екінші - бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы. Ол республикалық бюджеттен төленеді және мұқтаждық критерийлері осы төлемге қатысты болады. А және В санаттарындағы әйелдер бұл төлемді ала алмайды.

Үшінші - бала күтіміне байланысты төлем. Жұмыс істейтін әйелдер оны Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан белгіленген мөлшерде және көзделген мерзім бойы ала береді.

Жұмыс істемейтін әйелдерге бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы қарастырылған. Оларға бала туғанда берілетін біржолғы төлем де мұқтаждық санатына байланысты болады.

Өзгеріс кімдерге қатысты болады?

Құрмановтың айтуынша, өзгеріс А және В санаттарына жатқызылатын отбасыларға ғана әсер етеді. C, D және E санаттарына енген азаматтарға бала туғанда берілетін біржолғы төлемді алу тәртібі өзгермейді.

Сондай-ақ қор басшысы төлемдердің басым бөлігі өтініш беруді талап етпей-ақ, проактивті форматта тағайындалатынын атап өтті. Оның бағалауынша, жаңашылдық әлеуметтік қолдау алушылардың шектеулі бөлігіне ғана қатысты болады.

Бұған дейін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда отбасылардың әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтаудың жаңа әдістемесі күшіне енетіні хабарланған болатын. Ол әлеуметтік көмектің жекелеген түрлерін тағайындау кезінде отбасылардың материалдық жағдайы мен әлеуметтік жүктемесін бағалауды қарастырады.

Тағы оқыңыз: Bentley, бизнес және миллиондар: министр Қазақстанда кімдер жәрдемақысыз қалатынын айтты

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:71
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 19:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

​Атырау вокзалындағы құрылыс жұмыстары екі ауысыммен атқарылып жатыр

10 Қараша 2026 17:41see130

Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт ұл босанды

10 Қараша 2026 17:19see130

Атырауда түнде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

10 Қараша 2026 17:23see125

​Бензин 300, ал дизель 400 теңге болады ма? Үкімет сарапшылардың болжамына жауап берді

10 Қараша 2026 15:40see122

“Қазақ тілі барлық салада кең қолданыс тауып жатыр“ Тоқаев

10 Қараша 2026 13:25see121

17 жастағы Фатима Сұпығалиева жаттығу кезінде Олимпиада чемпионын жеңді

10 Қараша 2026 17:57see120

​Атырауда миллиардтаған келісімшарттары мердігер Ертістің тең иегері атанды

10 Қараша 2026 17:00see117

Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

10 Қараша 2026 18:30see117

Отбасы құндылығы мемлекет саясатының тірегі

10 Қараша 2026 05:37see116

Күйсандық пен қылтима Президент кейбір сөздердің қазақ тіліне аудармасын күмәнді деп атады

10 Қараша 2026 13:22see116

Алматыда бұрынғы вице министрлер мен Бірінші кредиттік бюроның экс басшысы сотталды

11 Қараша 2026 15:16see115

Месси жаңа рекорд орнатты: әлемнің үздік футболшыларынан құралған символикалық құрама жарияланды

10 Қараша 2026 14:37see115

ЖИ инвестициялары ақталмаса не болады: ХВҚ ықтимал сценарийді атады

11 Қараша 2026 19:05see115

​Атырау облысына көшіп келгендерден көшіп кеткендер саны көп

10 Қараша 2026 12:01see114

“Мың көбелек“: Apple Қазақстанда түсірілген роликке тәнті болды

11 Қараша 2026 19:42see114

Баға өседі, бірақ баяулайды: Ұлттық банк 2027 жылға арналған болжам жасады

11 Қараша 2026 18:35see113

Польшада көліктен оқ жаудырған ер адам ауруханада көз жұмды

10 Қараша 2026 08:04see113

Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді

10 Қараша 2026 08:43see112

Қауіпсіз шотқа аударыңыз! : полиция алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

11 Қараша 2026 17:03see112

Тұрғын үйлердің аулаларында өрт сөндіру көлігіне арналған орын пайда болады

10 Қараша 2026 11:28see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары