Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

​Атырау вокзалындағы құрылыс жұмыстары екі ауысыммен атқарылып жатыр

Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт ұл босанды

Атырауда түнде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

​Бензин 300, ал дизель 400 теңге болады ма? Үкімет сарапшылардың болжамына жауап берді

17 жастағы Фатима Сұпығалиева жаттығу кезінде Олимпиада чемпионын жеңді

“Қазақ тілі барлық салада кең қолданыс тауып жатыр“ Тоқаев

​Атырауда миллиардтаған келісімшарттары мердігер Ертістің тең иегері атанды

Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

Күйсандық пен қылтима Президент кейбір сөздердің қазақ тіліне аудармасын күмәнді деп атады

Отбасы құндылығы мемлекет саясатының тірегі

Месси жаңа рекорд орнатты: әлемнің үздік футболшыларынан құралған символикалық құрама жарияланды

Алматыда бұрынғы вице министрлер мен Бірінші кредиттік бюроның экс басшысы сотталды

​Атырау облысына көшіп келгендерден көшіп кеткендер саны көп

ЖИ инвестициялары ақталмаса не болады: ХВҚ ықтимал сценарийді атады

“Мың көбелек“: Apple Қазақстанда түсірілген роликке тәнті болды

Польшада көліктен оқ жаудырған ер адам ауруханада көз жұмды

Баға өседі, бірақ баяулайды: Ұлттық банк 2027 жылға арналған болжам жасады

Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді

Қауіпсіз шотқа аударыңыз! : полиция алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

11 қарашада Томарлының 6 көшесінде жарық болмайды

Қос келісімшарт пен көрсетілген жалған қызмет: сотта прокурор Боқаевтың алаяқтық схемасын әшкере етті

Қос келісімшарт пен көрсетілген жалған қызмет: сотта прокурор Боқаевтың алаяқтық схемасын әшкере етті

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қылмыстық істің бір эпизодында қаражатты жымқыру және заңдастыру тәсілін қалай жүзеге асырылғаны баяндалады. Прокурордың айтуынша, бұл айла-шарғыны Боқаевтың өзі ойластырып, ұйымдастырған.

"ҚазТрансГаз" басшысының кеңесшісі болып жүргенде Боқаев компанияның кәсіподағы арқылы қаражат шығарудың оңтайлы жолын тапқан. Өйткені кәсіподаққа мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптары қолданылмаған. Демек, кәсіподақ мерекелік және өзге де іс-шараларға конкурстар мен тендерлер өткізбей-ақ қаражат жұмсай алған.

Осы мүмкіндікті пайдаланған Боқаев кәсіподаққа іс жүзінде өзіне тиесілі "BM Trust" ЖШС-імен жұмыс істеуді ұсынған. Күдік туғызбау үшін компанияны алдын ала өзінің туысы Мадияр Қалменовтің атына рәсімдеген. Қалменов те бұл қылмысқа қатысқан деп айыпталуда.

Алғашында Боқаев өзін сенімді серіктес ретінде көрсетуге тырысты. Ол Жаңа жыл мерекесі мен спорттық жарыстарды қоса алғанда, бірнеше корпоративтік іс-шара ұйымдастырған. Осы уақытта кәсіподақ басшылығы шығындарды мүлде тексермейтінін байқаған. Олар Боқаев ұсынған барлық шығындар сметасына еш тексерусіз қол қоя берген. Бұл жағдай оның әрі қарай еш кедергісіз әрекет етуіне жол ашқан.

Қаражатты жымқыру 2018 жылдың күзінде, Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға дейін газбен жүретін автокөліктердің ірі халықаралық автошеруін өткізу жоспарланған кезде жүзеге асырылған. Боқаев іс-шараның құнын әдейі 86,8 миллион теңгеге дейін көтеріп, екі келісімшарт жасау арқылы қаражат шығару тәсілін қолданған.

Автошеруді нақты ұйымдастыру және қажетті жұмыстарды атқару үшін "We Can" ЖШС жалданып, оған 38,9 миллион теңге төленген. Алайда дәл сол уақытта кәсіподақ Боқаевтың бақылауындағы "BM Trust" компаниясымен 47,9 миллион теңгеге екінші келісімшарт жасасқан. Бұл компания іс жүзінде ешқандай жұмыс атқармай, қаражатты негізсіз алған.

Дайындық жұмыстары жүріп жатқанда Боқаев қызметтік жағдайын пайдаланып, іс-шараның нақты орындаушысы "We Can" ЖШС-ін қаражаттың бір бөлігін өзі көрсеткен адамдардың есепшоттарына аударуға мәжбүрлеген. Ақша белгілі бір қызметтер үшін төлем ретінде рәсімделген. Қаражаттың бір бөлігі Боқаевтың анасының атына тіркелген "Kun-Arai" компаниясының есепшотына, ал тағы бір бөлігі тікелей Қалменовке аударылған.

Содан кейін "BM Trust" арқылы жымқырған қаражатты заңдастыру қажет болған. Осы мақсатта Боқаев ақшаны өзінің жеке бизнесін, яғни жиһаз өндірісін дамытуға жұмсаған. Айыптау тарапының мәліметіне сәйкес, жымқырылған қаражат есебінен Астанадағы өндірістік цехтар мен кеңселердің жалдау ақысы төленіп, станоктар мен компьютерлер сатып алынған. Сондай-ақ бухгалтерлердің қызметіне, күзет пен жарнамаға қаржы жұмсалған. Барлығы осындай 19 банк операциясы жүзеге асырылды.

Қалменов шамамен 10 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған. Айыпталушылар бұл қаражатты жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде әуе билеттері мен қонақүйлердің ақысын төлеуге пайдаланған.

Нәтижесінде, мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, сотталушылар жалған құжаттар мен қызметтік жағдайын пайдалану арқылы кәсіподақтың 42 миллион теңгеден астам қаражатын жымқырған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 17:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

​Атырау вокзалындағы құрылыс жұмыстары екі ауысыммен атқарылып жатыр

10 Қараша 2026 17:41see132

Жетісу облысының тұрғыны бірден төрт ұл босанды

10 Қараша 2026 17:19see131

Атырауда түнде төбелеске қатысқандар полицияға жеткізілді

10 Қараша 2026 17:23see127

​Бензин 300, ал дизель 400 теңге болады ма? Үкімет сарапшылардың болжамына жауап берді

10 Қараша 2026 15:40see124

17 жастағы Фатима Сұпығалиева жаттығу кезінде Олимпиада чемпионын жеңді

10 Қараша 2026 17:57see122

“Қазақ тілі барлық салада кең қолданыс тауып жатыр“ Тоқаев

10 Қараша 2026 13:25see122

​Атырауда миллиардтаған келісімшарттары мердігер Ертістің тең иегері атанды

10 Қараша 2026 17:00see119

Вакцинация жүргізілді ме, жоқ па: екпе алу деректерін бақылау қызметі іске қосылды

10 Қараша 2026 18:30see118

Күйсандық пен қылтима Президент кейбір сөздердің қазақ тіліне аудармасын күмәнді деп атады

10 Қараша 2026 13:22see118

Отбасы құндылығы мемлекет саясатының тірегі

10 Қараша 2026 05:37see117

Месси жаңа рекорд орнатты: әлемнің үздік футболшыларынан құралған символикалық құрама жарияланды

10 Қараша 2026 14:37see117

Алматыда бұрынғы вице министрлер мен Бірінші кредиттік бюроның экс басшысы сотталды

11 Қараша 2026 15:16see116

​Атырау облысына көшіп келгендерден көшіп кеткендер саны көп

10 Қараша 2026 12:01see116

ЖИ инвестициялары ақталмаса не болады: ХВҚ ықтимал сценарийді атады

11 Қараша 2026 19:05see116

“Мың көбелек“: Apple Қазақстанда түсірілген роликке тәнті болды

11 Қараша 2026 19:42see115

Польшада көліктен оқ жаудырған ер адам ауруханада көз жұмды

10 Қараша 2026 08:04see114

Баға өседі, бірақ баяулайды: Ұлттық банк 2027 жылға арналған болжам жасады

11 Қараша 2026 18:35see114

Қазақстанға алдағы қажылық маусымына 4300 орын бөлінді

10 Қараша 2026 08:43see113

Қауіпсіз шотқа аударыңыз! : полиция алаяқтардың жаңа айласы туралы ескертті

11 Қараша 2026 17:03see113

11 қарашада Томарлының 6 көшесінде жарық болмайды

10 Қараша 2026 18:29see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары