Енді скрининг пен екпелер туралы 1414 арқылы хабарланады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 16 қазан - Sputnik. 19 қазаннан бастап скринингтер туралы SMS-хабарламалар жіберу пилоттық жобасы іске қосылады.
Ал 26 қазанынан бастап еліміздің барлық өңірінде жүргізілген екпелер туралы хабарламалар жіберу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Денсаулық сақтау басқармасы.
19 қазаннан бастап Ақмола, Абай және Ұлытау облыстарында 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы скринингтерден өту қажеттігі туралы жеке SMS-ескертулер жіберу жоспарланған.
"Жүйе жүрек-қантамыр және онкологиялық ауруларды, қант диабетін, ми қанайналымының бұзылуын және вирустық гепатиттерді ерте анықтауды қоса алғанда, алты бағыт бойынша профилактикалық тексеруден өтуі қажет азаматтарды автоматты түрде анықтайды", - дейді министрлік.
Хабарлама алған азамат тексеруден өту үшін өзі тіркелген емханаға жүгіне алады.
Екпе медициналық ақпараттық жүйеде тіркелгеннен кейін азаматқа немесе баланың заңды өкіліне вакцинаның түрі мен егілген күні көрсетілген хабарлама жіберіледі.
"Егер хабарламадағы мәліметтер шындыққа сәйкес келмесе, азамат 1414 нөміріне жауап хабарлама жіберу арқылы бұл туралы хабарлай алады. Ақпарат тексеру жүргізу үшін Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жіберіледі", - дейді министрлік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:81
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 17:11 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















