Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Бала тууына және күтіміне байланысты төлемдерден кімдер айырылуы мүмкін: министр не айтты

Бала тууына және күтіміне байланысты төлемдерден кімдер айырылуы мүмкін: министр не айтты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңа ережелері декреттік төлемдер мен бала күтіміне арналған жәрдемақыларға қалай әсер ететінін айтып берді. Анасы баласы бір жарым жасқа толғанға дейін жұмысқа шығып, төлем ала беруіне бола ма - Tengrinews.kz материалында.

Әйел декретке дейін жұмыс істеген болса

Егер әйел міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне екі жыл және одан да көп уақыт қатысса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала күтімі бойынша төлем отбасының әл-ауқат санатына қарамастан сақталады.

"Мұқтаждық принципі бюджеттен берілетін бала туғандағы біржолғы жәрдемақыға ғана қолданылады. Оны С, D және Е санатындағы отбасылар алады. Ал А және Б санатындағы отбасыларға мұндай төлем қарастырылмаған", – деді министр.

Әйел бала туғанға дейін жұмыс істемеген болса

Бұл жағдайда екі төлем де – бала туғандағы біржолғы жәрдемақы және ол бір жарым жасқа толғанға дейінгі ай сайынғы күтім бойынша жәрдемақы – республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Олар отбасының әл-ауқат санаты ескеріле отырып тағайындалады. С, D және Е санатындағы отбасылар екі төлемді де алу құқығын сақтайды, ал А және Б санатындағы отбасыларға тағайындалмайды.

Жұмысқа шығып, жәрдемақы ала беруге болма ма?

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, егер анасы баласы бір жарым жасқа толғанға дейін жұмысқа шықса, бала күтімі бойынша төлем тоқтатылмайды. Ол белгіленген мерзім аяқталғанға дейін түсіп тұрады.

Ертаевтың сөзінше, бұл әйелдерге бала күтімі бойынша төлемнен айырылмай, жұмысқа қайта оралуға мүмкіндік береді.

Жүктілік және босану бойынша төлем не болмақ?

Жүктілік және босану бойынша төлем отбасының әл-ауқат санатына қарамастан бұрынғы тәртіппен сақталады, деп атап өтті Асқарбек Ертаев.

Ер адамдар жәрдемақы алу құқығынан айырылады

Бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі күтім бойынша төлемді тек анасына бекіту жоспарланып отыр. Бұл ретте әкесі бұрынғысынша бала күтімі бойынша демалыс рәсімдей алады, бірақ жәрдемақы алмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев айтты.

Министрдің сөзінше, бұл төлем мақсатын өзгертумен байланысты: ол ана мен баланы қолдауға қайта бағытталады.

"Ер адам декреттік демалысқа шығып, баласына күтім жасай алады, бірақ ол жәрдемақы алмайды. Жәрдемақыны тек анасы алады", – деп түсіндірді Ертаев.

Қазір бұл қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда бала күтімі бойынша демалысты анасы да, әкесі де рәсімдей алады. Бұл ретте әкесі мұндай демалысты бала туғаннан кейін ғана рәсімдей алады – бұл үшін туу туралы куәлік қажет.

Бала туғандағы біржолғы жәрдемақыны оны рәсімдеуге өтініш берген ата-ананың бірі алады. Ол отбасының табысына байланысты емес.

2026 жылы төлем мөлшері келесідей болады:

164 350 теңге – бірінші, екінші және үшінші балаға; 272 475 теңге – төртінші және одан кейінгі балаларға; Егіздер туған жағдайда сома екі еселенеді.

Егер анасының немесе әкесінің ресми табысы болмаса және олар үшін әлеуметтік аударымдар төленбеген болса, отбасы бала бір жарым жасқа толғанға дейін бюджеттен ай сайынғы жәрдемақы ала алады.

2026 жылы оның көлемі баланың нешінші болып туғанына байланысты:

5,76 АЕК – бірінші балаға; 6,81 АЕК – екінші балаға; 7,85 АЕК – үшінші балаға; 8,90 АЕК – төртінші және одан кейінгі балаларға.

Ресми жұмыс істейтін ата-аналарға басқа есептеу жүйесі қолданылады. Бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша ай сайынғы төлем әлеуметтік аударымдар төленген кейінгі екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды. Бұл ереже аналарға да, әкелерге де ортақ.

Төлемді есептеу кезінде жеті ең төменгі жалақыдан аспайтын табыс ескеріледі – 2026 жылы бұл 595 мың теңге. Сондықтан ай сайынғы төлемнің ең жоғары мөлшері 238 мың теңге болады.

Үш жылға дейін созылуы мүмкін бала күтімі бойынша демалыс кезінде ата-ананың жұмыс орны сақталады. Егер ол жұмысқа ертерек оралуды ұйғарса, жұмыс берушіні бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертуі қажет. Бұл ереже аналарға да, әкелерге де қатысты.

Алайда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап бұл ережелердің күші жойылады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстанда декретке шығатын әкелер көп екенін айтқан болатын.

Қазақстанда отбасылар өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына қарай қалай бөлінеді, кімдер жәрдемақы ала алады, кімдерге бас тартылады және әр санаттың сипаттамасы қандай – мына жерден оқыңыз.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:36
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 17:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары