Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Bentley, бизнес және миллиондар: Қазақстанда кімдер жәрдемақысыз қалатынын министр айтты

Bentley, бизнес және миллиондар: Қазақстанда кімдер жәрдемақысыз қалатынын министр айтты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Еңбек министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда отбасылардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатына қарай қалай бөлінетінін айтып берді. Кімдер жәрдемақы ала алады, кімдерге бас тартылады және әр санаттың сипаттамасы қандай – Tengrinews.kz материалынан оқыңыз.

Кімдер жәрдемақысыз қалады?

Әл-ауқаты жоғары және орташа А және В санаттарына жатқызылатын отбасылар жәрдемақының бір бөлігін алу құқығынан айырылады. Бұл ретте төлемдер мұқтаждық қағидатын, яғни отбасының материалдық жағдайын ескере отырып тағайындалады.

Санаттар жиынтық критерийлер бойынша айқындалады: отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табыс, жылжымайтын мүліктің, автокөліктің, бизнестің және басқа да активтердің болуы. C, D және E санаттарындағы отбасылар тиісті төлемдерін бұрынғы шарттармен ала береді.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев әр санатқа кімдер кіретінін егжей-тегжейлі түсіндірді.

А санаты: әл-ауқаттың жоғары деңгейі

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, А санатына әл-ауқаты жоғары отбасылар жатқызылады. Министрліктің бағалауынша, Қазақстанда бұл санатқа шамамен 329 мың отбасы жатады, бұл жалпы санның 5 пайызын құрайды.

Отбасының табысы мен мүлкі қандай болуы керек:

Табысы: отбасының әрбір мүшесіне айына 350 мың теңгеден бастап. Тұрғын үй: бір адамға 120 шаршы метрден астам. Отбасының бірнеше жылжымайтын мүлік нысаны болуы мүмкін. Бизнес: ірі кәсіпорын, екі немесе одан да көп орта немесе үш және одан да көп шағын кәсіпорын. Автокөліктер: Rolls-Royce, Bentley, Ferrari, Lamborghini, Maybach немесе Porsche сияқты люкс класты көліктер. Жер: егер отбасы ауыл шаруашылығымен айналысса – 300 гектардан астам. Мал шаруашылығы: егер отбасы мал өсірумен айналысса – 500-ден астам ірі қара мал. А санатындағы отбасының сипаттамасы: мысал

Министр алты адамнан тұратын отбасының (44 жастағы ер адам, 42 жастағы әйел және 7-16 жас аралығындағы төрт бала) мысалын келтірді.

"Отбасының әрбір мүшесіне, яғни барлық балаға, әйеліне және отағасына келетін табыс айына 458 000 теңгеден болады. Олардың 480 шаршы метрлік үйі және 300 шаршы метрлік пәтері бар. Егер бұны үй шаруашылығындағы алты адамның әрқайсысына бөлсе, бір адамға 130 шаршы метрден келеді. 2023 жылғы Bentley автокөлігі, 150 шаршы метрлік дүкені – коммерциялық жылжымайтын мүлкі бар. Бір шағын кәсіпорын – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар. Дәл осындай азаматтар мен үй шаруашылықтары осы санатқа енеді", – деп түсіндірді Ертаев.

В санаты: әл-ауқаттың орташа деңгейі

Асқарбек Ертаевтың сөзінше, В санатына шамамен миллионға жуық отбасы жатады – бұл елдегі жалпы санның шамамен 16 пайызы. Бұл тұрақты табысы бар отбасылар, оның ішінде жеке және квазимемлекеттік компаниялардың басшылары, жоғары жалақы алатын мамандар мен кәсіпкерлер.

Табысы: отбасының әрбір мүшесіне айына 305 мыңнан 356 мың теңгеге дейін. Тұрғын үй: бір адамға 60-тан 120 шаршы метрге дейін. Бизнес: бір орта немесе екі шағын кәсіпорын. Көлік: премиум-кластағы автокөлік – Mercedes-Benz, BMW, Audi, Lexus және Genesis, Toyota Land Cruiser, жүк көлігі немесе ауыл шаруашылығы техникасы. Жер: егер отбасы ауыл шаруашылығымен айналысса, 50 гектардан 300 гектарға дейін.

Төрт адамнан тұратын отбасы үшін табыс критерийі айына 1,2-ден 1,4 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.

Министр бұл санатты да нақты мысалмен сипаттап берді:

"Бір отбасында 58 және 55 жастағы ер мен әйел, екіншісінде 34 және 32 жастағы ер мен әйел. 2-ден 11 жасқа дейінгі балалары бар. Табысы бір адамға 350 000 теңгеден болады. Меншігінде 300 және 220 шаршы метрлік екі үйі бар. Сонда әр адамға 65 шаршы метрден келеді. Жүк көлігі бар, отбасы мал шаруашылығымен айналысады – 108 шартты бас мал. 120 гектар жері бар. Міне, В санатының сипаттамасы осындай".

С санаты: әл-ауқаттың қанағаттанарлық деңгейі

Асқарбек Ертаевтың айтуынша, бұл санатқа орташа табысы, жеке баспанасы мен автокөлігі бар жұмыс істейтін отбасылар жатады. Барлығы оған 2,2 миллионға жуық отбасы кіреді – бұл отбасылардың жалпы санының 52 пайызы.

Негізгі критерийлер:

Табысы: бір адамға айына 203 мыңнан 305 мың теңгеге дейін. Тұрғын үй: бір адамға 40 шаршы метрден аса. Жұмыспен қамтылуы: отбасының екі немесе одан да көп мүшесі жұмыс істейді. Бизнес: жеке кәсіпкерлік немесе шағын кәсіпорын. Автомобиль: Lada, Chevrolet немесе Toyota Corolla секілді жаппай сегменттегі көлік. Жер: егер отбасы ауыл шаруашылығымен айналысса, 5-тен 50 гектарға дейін. D санаты: экономикалық тұрғыдан осал деңгей

Бұл санатқа табысы бар, бірақ ол қаржылық тұрақтылыққа жеткіліксіз отбасылар жатқызылады. Кез келген күтпеген шығын олардың материалдық жағдайын нашарлатуы мүмкін.

Ертаевтың мәліметінше, Қазақстанда D санатына шамамен 1,8 миллион отбасы жатады – бұл жалпы санның 29 пайызы.

Негізгі критерийлер:

Табыс: айына жан басына шаққанда 51-ден 102 мың теңгеге дейін. Кредиттер: отбасының несиелік міндеттемелері болуы мүмкін. Жұмыспен қамтылуы: отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істемеуі мүмкін. Тұрғын үй: бір адамға кемінде 18 шаршы метрден.

"Негізгі белгілері: жан басына шаққандағы табыс бірден екі күнкөріс деңгейіне дейін, еңбекке қабілетті жандардың жұмыссыздығы, мерзімі өткен несиелер, тұрғын үймен жеткіліксіз қамтылу. Бұл – кедейлік шегінде тұрған отбасылар", – деп түсіндірді министр.

Е санаты: әлеуметтік жағынан осал отбасылар

Бұл санатқа өз бетінше күнін көре алмайтын, әлеуметтік-экономикалық жағдайы ең ауыр отбасылар жатқызылады. Олардың қатарында қарттар, мүгедектігі бар жандар, балалар және асыраушысынан айырылған отбасылар бар.

Асқарбек Ертаевтың мәліметінше, Е санатына шамамен 120 мың қазақстандық отбасы жатады – бұл жалпы санның 2 пайызы.

Негізгі критерийлер:

Табыс: табыстың мүлдем болмауы немесе кедейлік шегінен төмен болуы. Кредиттер: төлем мерзімінің 90 күннен астам кешіктірілуі. Жұмыспен қамтылуы: отбасында еңбекке қабілетті мүшелердің болмауы. Тұрғын үй: жеке баспананың болмауы.

Тағы оқыңыз: Табыс, несие, мүлік: Қазақстанда мұқтаж жандар қалай анықталады?

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:68
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 17:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see130

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see123

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see123

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see122

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see121

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see121

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары