Жәрдемақы төлеудің жаңа тәртібі: жеке деректерді жинауға келісім бермесе не болады
Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев жәрдемақы берудің жаңа тәртібі бойынша жеке деректерді жинауға келісім берілмесе не болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Үкімет қаулысына сәйкес, келесі жылдан бастап 14 мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау кезінде отбасының кәмелетке толған мүшелері және төлем алуға үміткер азаматтар өздерінің дербес деректерін жинауға және тексеруге келісім беруге тиіс.
"Заңда нақты норма бар. Келісім берілмеген жағдайда әлеуметтік төлем тоқтатылады. Уақытша тоқтатылады. Ол адам не себепті келісім бермей отырғанын анықтау үшін сөйлесіп, себебін білеміз", - деді Ертаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Айта кетері, үкімет мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, уақытша тоқтату және толық тоқтату шарттарын бекітті. Жаңа ережеге сәйкес, азаматтардың әлеуметтік жағдайы мен отбасының әл-ауқат деңгейі бағаланады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:49
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қазан 2026 17:10 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















