Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Қазақстандағы бала туу және бала күтіміне берілетін жәрдемақылар мөлшері аталды

Қазақстандағы бала туу және бала күтіміне берілетін жәрдемақылар мөлшері аталды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

2025 жылы Қазақстанда бала босану және баланы бір жарым жасқа толғанға дейін күтуге байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді 535,4 мың адам алды. Төлемдердің жалпы көлемі 749 миллиард теңге болған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақы

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен бала туған кезде берілетін біржолғы жәрдемақыны 312,2 мың адам алды. Бұл мақсатқа 56,4 миллиард теңге бөлінген. Тек қараша айында 26,1 мың адамға 4,8 миллиард теңге төленген.

Аталған жәрдемақы бала туған, асырап алған немесе қамқоршылыққа алған Қазақстан азаматтарына, қандастарға және елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге тағайындалады.

Жәрдемақы мөлшері бала санына байланысты есептеледі:

бірінші, екінші және үшінші балаға – 38 АЕК (149 416 теңге); төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК (247 716 теңге). Бала күтіміне арналған жәрдемақы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын азаматтарға бала 1,5 жасқа толғанға дейін ай сайынғы жәрдемақы төленеді. 2025 жылдың басынан бері бұл төлемді орта есеппен 125 мың адам алып, жалпы сомасы 40,2 миллиард теңге болды. Қарашада 127,8 мың адамға 3,7 миллиард теңге төленген.

Ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:

бірінші балаға – 5,76 АЕК (22 648 теңге); екінші балаға – 6,81 АЕК (26 777 теңге); үшінші балаға – 7,85 АЕК (30 866 теңге); төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК (34 995 теңге).

2025 жылдың басынан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақы 6,5 пайызға индекстелді.

Жұмыс істейтін ата-аналарға арналған әлеуметтік төлемдер

Жұмыс істейтін азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілікке және босануға, сондай-ақ жаңа туған баланы асырап алуға байланысты біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалады. Оның мөлшері соңғы 12 айдағы орташа табысқа және декреттік демалыс күндерінің санына байланысты есептеледі.

Жыл басынан бері мұндай төлемді 187,2 мың адам алып, жалпы сомасы 260 миллиард теңге болған. Қарашада 15,3 мың адамға 14,6 миллиард теңге төленді. 11 айдағы орташа төлем мөлшері – 1,43 миллион теңге.

Бала күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бала бір жарым жасқа толғанға дейін ай сайын табысынан айырылу жағдайы бойынша төлем қарастырылған. Бұл төлем соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40 пайызы мөлшерінде тағайындалады. Егіз немесе одан көп бала туған жағдайда төлем әр балаға жеке төленеді.

2025 жылдың 11 айында бұл төлем 223,2 мың адамға тағайындалып, жалпы сомасы 392,4 миллиард теңгеге жетті. Қарашада 14,9 мың алушыға 33,8 миллиард теңге төленген. Орташа айлық төлем – 86 221 теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:226
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Желтоқсан 2025 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары