Психотроптық препараттарды заңсыз таратқан 21 адам ұсталды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанда күшті әсер ететін психотроптық препараттарды заңсыз сатумен айналысқан екі топтың қызметі тоқтатылып, 21 адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Қазан айында жүргізілген операция кезінде Көкшетау, Щучинск және Бурабайда 11 адам қолға түсті. Олардың арасында фармацевтикалық компаниялардың иелері мен қызметкерлері, курьерлер бар.
"Тінту кезінде "Тропикамед" препаратының 50 мыңнан астам құтысы және басқа да препараттардың шамамен 4 мың данасы тәркіленді. Сонымен қатар атыс қаруы, оқ-дәрілер, көліктер мен ірі көлемдегі ақша табылды", - деп жазылған хабарламада.
Ал Қарағанды мен Теміртауда тағы 10 адам ұсталды. Олар психотроптық препараттарды заңсыз сатуға қатысы бар деген күдікке ілінді. Тінту кезінде психоактивті заттар, травматикалық және суық қару тәркіленді.
Қазіргі уақытта екі дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:41
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Қараша 2026 14:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















